28 тамыз – Қарулы Күштердің Тыл мамандары күні

28 тамыз – Қарулы Күштердің Тыл мамандары күні

28 тамызда Қазақстанда Қарулы Күштерінде Тыл мамандары кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл – әскерді жан-жақты қамтамасыз ету қызметінде тұрған жандардың күні.

Дәл осы күні, 1992 жылы, әскерді басқарудың орталықтандырылған органы құрылып, сол уақыттан ол әскерді қару-жарақпен, жанар-жағармай материалдарымен жабдықтауға, техниканы қалпына келтіруге, нысандар салуға және инфрақұрылымды қызмет көрсетуге қызмет етіп келеді.

Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің Тылы заманауи әрі жоғары технологиялы тетік құралы болып табылады. Соңғы жылдары тыл қызметі цифрлық серпіліс жасап, армияны қамтамасыз ету тәсілін түбегейлі өзгертті. Электрондық құжат айналымы қағаз құжаттардан арылтып, әскерлердің қажеттіліктерін жедел жабуға мүмкіндік берген қорларды цифрлық есепке алуға көшу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, әр тауардың қоймадан сарбазға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық таңбалау енгізіледі деп күтілуде. Әскери мүліктің әрбірін орынсыз пайдалануды болдырмайтын және сапалы бақылауға кепілдік беретін бірегей цифрлық код болады. Барлық тасымал түрлерін біріктіретін әскери логистика жүйесі дамып келеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-пен ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі қарастырылуда, бұл тасымалдау құжаттарын ресімдеуді жеделдетіп, шығындарды азайтады. Тыл мамандары өздерінің жоғары кәсіби деңгейін жаттығуларда үнемі дәлелдеп келеді. 2024 жылы олар Беларусьтегі «Брест» полигонында өткен «Эшелон-2024» халықаралық оқу-жаттығуларына қатысып, әскерді жанар-жағармаймен, азық-түлікпен, заттай мүлікпен және техникамен қамтамасыз ету жұмыстарын орындады. 2025 жылдың көктемінде тыл мамандары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді сәтті атқарды.

Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері тыл бастығының басқармасы – армияның сенімді тірегі, заманауи әрі тиімді жұмыс істейтін тетік, әскердің жауынгерлік қабілеті мен дайындық деңгейін қамтамасыз ететін жүйе.