Дрон аулаушылар: Құрлық әскерлерінде ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар қаупіне қарсы тұруға үйренеді

Дрон аулаушылар: Құрлық әскерлерінде ұшқышсыз  басқарылатын құрылғылар қаупіне қарсы тұруға үйренеді

Елорданың 68665 әскери бөлімінде ұшатын нысаналарға тегіс ұңғылы қарумен ату бойынша Құрлық әскерлері нұсқаушыларының оқу-әдістемелік жиыны өтуде.

Жауынгерлерді төмен ұшатын әуе нысандарына, соның ішінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қарсы тұруға дайындауға баса назар аударылады.

Сабақтар Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевтың жалпы басшылығымен өтеді. Жиын барысында Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары есептоптар құрамында және жеке төмен ұшатын және шағын көлемді нысандарды анықтау және жою бойынша практикалық іс-қимылдарды үйренеді.

Жиын бастығы подполковник Сергей Батурин атап өткендей, қазіргі жағдайда басқа күрес құралдарымен қатар, тегіс ұңғылы қару объектіге шабуыл жасау кезінде ұшқышсыз ұшатын құрылғының соңғы траекториясында тиімді күрес құралына айналады.

Нұсқаушыларды даярлау кезінде дронды уақтылы анықтау мен жоюдың тиімді әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ әскери қызметшілерді даярлау әдістемесіне ерекше назар аударылды.

Жиын қазіргі заманғы соғыстың сын-тегеуріндерінн ескере отырып, жеке құрамды оқытуға қабілетті нұсқаушылардың кәсіби легін қалыптастыруға бағытталған. Бұл Құрлық әскерлерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға және ұшқышсыз басқарылатын аппараттардан келетін қауіп-қатерлерге қарсы тұру жүйесін нығайтуға жасалған кезекті қадам.