Қарулы күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні атап өтілуде

Қарулы күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні атап өтілуде

1992 жылы 19 маусымда тұрғындарды және ел аумағындағы объектілерді әуе соққыларынан қорғау үшін жауынгерлік кезекшілікті жүзеге асыратын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері құрылды.

Әуе шабуылының жаңа түрлерінің пайда болуы, берілген бағдарлама бойынша ұшуды орындайтын, байқалмайтын, жоғары жылдамдықты ұшқышсыз аппараттарды қолдану әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері мен құралдарының құрамын қайта қарады.

Зениттік зымыран кешендері күресе алмайтын шағын ұшқышсыз аппараттардың соққыларынан объектілерді қорғау міндеттерін шешетін бөлімшелер құрылды. Ескірген әуе қорғанысы құралдарын әуе мақсаттарының кең спектрімен күресуге қабілетті заманауи құралдармен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте барлау және атыс жүйелерін жетілдіруге баса назар аударылады.

Әуе шабуылдарынан қорғау міндеттерін Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және Әскери-әуе күштері орындайды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің негізгі компоненті – зениттік зымыран және радиотехникалық әскерлер.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің мамандары ынтымақтастық шеңберінде С-300 зениттік зымыран дивизиондары мен радиотехникалық әскерлердің есептоптарын тарта отырып, «Әуе кілттері», «Ашық аспан» халықаралық оқу-жаттығуларына, «Сарышаған» полигонында өткен «Жауынгерлік достастық» тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қызметінде «Бук-М2Э», «Тор-М2К» заманауи зениттік зымыран кешендері, GM-403 «Нұр» және «Роса-РБ» радиолокациялық станциялары бар. Қолданыстағы қару-жарақты жөндеу және жаңғырту отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында орындалады.

Әуе кеңістігін бақылау және әуе қауіптерінен тиімді қорғану үшін қазіргі заманғы қатерлерді ескере отырып, Қорғаныс министрлігі әскерлерді әуе нысандарын анықтау мен жоюдың заманауи құралдарымен, сондай-ақ тиімді басқару және байланыс жүйелерімен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізуде.