Орыс тілін даярлау курсының тыңдаушыларын шығару рәсіміне Қазақстандағы Түркия, Франция елшіліктерінің жанындағы әскери атташелер подполковник Шенер Кименче мен полковник Роберт Аземанн қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековтың тілдік даярлық курсынан өту туралы бұйрығы жария етілгеннен кейін тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.
– Біздің оқу орнымыздың қабырғасында достастық армияларының офицерлерін оқыту елдер арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Түлектердің атынан түрік майор Өзтүрік Ресул мен француз офицері майор Валет Реви ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылар құрамына тілдік дағдыларды дамытуға қосқан үлесі және оқу барысында жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.