Логотип
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Министрлік туралы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
08 ноября 2024
Қарулы күштерде әскери журналистер кәсіби мерекесін атап өтті

Осы орайда Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілдерімен, әскери журналистермен, операторлармен, фотографтармен, дизайнерлермен және бейнемонтаж мамандарымен кездесті.

Министрдің орынбасары бұқаралық ақпарат құралдарының адам құндылықтары жүйесін қалыптастырудағы, патриотизм, азаматтық және Отанға қызмет етуге дайын болу сияқты қасиеттерді тәрбиелеудегі рөліне тоқталды.

– Қарулы күштердің бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуына офицерлер Виль Рахманқұлов, Алтынбай Дәуренбеков, Сапарғали Жағыпаров, Совет Сейітов, Александр Бавтуто, Марат Нұрсейітов, Қайыр Дінбаянов, Кәкімхан Құттыбаев, Әбубәкір Смайылов, Сәндібай Күмісбеков, Жүніс Омар, Құдайберген Медиманов, Хосай Абраимов, Серік Қанапьянов, Марат Жүніс-Бек, Мұхарбек Махамбет, Қарулы күштердің қызметкері Гүлмира Тойболдина және басқалар үлкен үлес қосты, – деп ол ардагерлердің әскери журналистиканың дамуына сіңірген еңбегін атап өтті.

Бүгінде Қарулы күштердің қызметі туралы кең аудиторияны хабардар етуді және жұртшылықпен байланысты Қорғаныс министрлігінің, Қарулы күштер түрлерінің, әскери жоғары оқу орындары баспасөз қызметтерінің және Медиа-контент орталығының мамандары жүзеге асырады.

Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрлігінің шығармашылық ұжымына жемісті жұмыс және жаңа идеялар мен жобаларды іске асыруда табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қорғаныс ведомствосының қолдауымен «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы жарыққа шығады. Қорғаныс ведомствосының «Әскери дискурс» практикалық семинары танымал болып келеді. Ведомствоның барлық баспасөз қызметі бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының арқасында пайдаланушылардың кең аудиториясы күн сайын ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ Telegram, Instagram, YouTube және TikTok платформаларында Қарулы күштердің қызметі туралы өзекті ақпарат ала алады.

Іс-шара соңында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бірқатар әскери журналистерге медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

07 ноября 2024
Қазақстандық әскери қызметшілер Әзербайжанда теңіз арнайы күштерінің курстарынан өтті

Әзербайжан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде теңіз арнайы күштерінің арнайы курсынан өткен әскери қызметшілердің оқуды аяқтауға арналған рәсімі өтті. Оған Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел қатысты.

Әзербайжан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері қолбасшысының міндетін атқарушы бірінші дәрежелі капитан Теймур Муршудов қазақстандықтарға курсқа қатысқаны үшін алғысын білдірді. Ол Әзербайжан тарапы тәжірибе алмасуға, бірлескен курстар мен жаттығулар өткізуге дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Елші Әлім Байел президенттер екі елдің қарым-қатынасын одақтас ретінде бағалайтынын атап өтті. Барлық салада, оның ішінде әскери ынтымақтастық саласында да тәжірибе алмасу жүріп жатыр.

Дипломат соңғы екі жылда бірлескен оқу-жаттығулар саны едәуір өскенін айтты. Олардың кейбірі Қазақстан мен Әзербайжан тәуелсіздігі тарихында тұңғыш рет екіжақты негізде өткізілген. Ол сондай-ақ биылғы жылдың шілде айында Маңғыстау облысында өткен «Бірлестік» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында Әзербайжан контингенті саны жағынан Қазақстан Қарулы күштерінен кейінгі екінші орында тұрғанын атап өтті.

Ә. Байел теңіз арнайы күштерін оқытудың оңай емес екенін, сондықтан курсты сәтті аяқтаған жауынгерлер нағыз батырлар екенін алға тартты. Бакуден олар курстық сертификаттармен және естелік сыйлықтармен оралады.

07 ноября 2024
Астанада Қазақстан мен Словакия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Словак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Роберт Калиняк әскери білім беру мен бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Словакия қорғаныс ведомствосы делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінде кездесулер жоспарланған.

07 ноября 2024
ҰҚШҰ Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының өзара іс қимыл жөніндегі мамандары Астанаға жиналды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарысқа ден қою орталығы өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының жиыны Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде өтті.

Іс-шараға ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Фазылолла Баденов және ҰҚШҰ Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының бастығы генерал-майор Арсен Рахманов қатысты.

Отырыста Орталық Азия өңіріндегі әскери-саяси ахуалды талдау ұсынылып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздігінің қазіргі заманғы қатерлері мен сын-тегеуріндері айқындалды.

Жиын барысында қазіргі заманғы террористік қатерлер, ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру, күнделікті қызметте және дағдарыстық жағдай туындаған кездегі тапсырмларды орындау үшін байланыс жүйесін дамыту және т. б. туралы баяндамалар оқылды.

Іс-шара аясында ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету орталықтары мен ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық басқару органдары арасында ақпарат алмасудың проблемалық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталықтары өкілдерінің келесі жиыны 2025 жылы Қырғызстанда өтеді.

07 ноября 2024
Мемлекеттік органдардың радиоэлектрондық құралдары үшін жиіліктер мен радиожиіліктер белдеулерін беру қағидалары бекітіледі

Қорғаныс министрлігі «Мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

ҚР «Байланыс туралы» Заңына сәйкес қабылданатын құжат мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат алу үшін қажетті рәсімдер мен құжаттардың тізбесін айқындайды. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 15 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15267689 сілтеме бойынша танысуға болады.

06 ноября 2024
Теңіз жаяу әскерлерінің жас сарбаздары танк жүргізіп, сынақтан өтті

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында теңіз жаяу әскерлері бригадасын толықтырған жас жауынгерлер танк жүргізіп, сынақтан өтті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының және материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының 576 жас сарбазы нақты ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайда оқудан өтуде.

– Танк жүргізіп, сынақтан өту жауынгерлерді жақын қашықтықтағы ұрыс жағдайында жаудың сауытты техникасымен күресу әдістерін үйретуге мүмкіндік береді. Жаттығудың психологиялық тұрғыдан қиындығына қарамастан, жауынгерлердің бәрі кедергілерді еңсере білді, – деп атап өтті батальон командирінің орынбасары капитан Ратбек Қуатбеков.

Бұл тапсырманы бастамас бұрын сарбаздар шартты қарсыластың танктерімен күресудің негіздерін игерді. Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты сауытты машиналарға қарсы қолдану ережелері мен тәсілдері түсіндірілді.

– Таңертеңнен бастап кедергілер жолағына шықтық. Алдымен Калашников автоматын бөлшектеп-жинадық. Содан кейін ластанған аймақ пен тікенді сымды еңсеріп, 20 келілік жүкпен жүріп өттік. Сабақ танктерді жүргізумен аяқталды. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Мұны өзіңіз сезінуіңіз керек, – деді Ақмола облысынан шақырылған Давид Массеров.

Жас жауынгер курсы 23 қарашада аяқталады. Содан кейін олар әскери ант беріп, теңіз жаяу әскерлерінің шабуыл батальондарына жіберіледі.

06 ноября 2024
Қазақстан Армия орталық спорт клубының жетекшісі АҚШ-та дзюдодан өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

АҚШ-та дзюдодан шеберлер арасындағы әлем чемпионатында Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов күміс медаль жеңіп алды.

Las Vegas World Championships veterans 2024 турнирінде 67 елден мыңнан астам балуан өнер көрсетті. Жарыс жеті салмақ дәрежесінде және 35 жастан жоғары жас санаттары бойынша өтті.

– Мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Өз нәтижеме ризамын. Қарсыластарым күшті болды. Қолдау көрсеткен отбасыма, достарым мен әріптестеріме көп рахмет. Мұндай жарыстарға қатысуымның маңызды себебі – әскери қызметшілер мен армия спортшыларының кейінгі жас буынына үлгі көрсету, – деді полковник Арман Әбеуов.

Полковник Арман Әбеуов 100 келіден астам салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалға барар жолда ол Бразилия, Португалия, АҚШ және Канада спортшыларынан басым түсті. Шешуші жекпе-жекте былтырғы әлем чемпионы бразилиялық Рекардо Ферреироға есе жіберді.

Армия спортшыларының тәлімгері, Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуовтің бұл жетістігі АОСК-ның жеке құрамына ең жақсы үлгі болмақ. Клуб ұжымы басшысын табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтайды және одан әрі жеңістер тілейді.

05 ноября 2024
Қарулы күштердің әскери қызметшісі батылдық танытып, ауылдастарын өрттен құтқарды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы подполковник Елжас Жанұзақов көрші үйдегі газ жарылғанда зардап шеккен отбасына бірінші болып көмекке келді. 

Оқиға Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылында бірінші қарашада сағат 22.40 шамасында болған. 

 Сол кеште Елжас Жанұзақов аулаға көмір алуға шыққан. Кенеттен көршілердің үй жағынан жарылысты естиді. Қайғылы оқиға орын алғанын білген куәгер еш ойланбастан отқа оранған үйге қарай жүгіреді. Жанып жатқан үйдің ішіне жүгіре кірген ол дәлізде жарылыстан соң еденде естен танған көршісін көрді. Ер адамды көшеге алып шығып, оны ауылдастарына табыстайды. 

Жарылыс толқыны залдың қабырғасын қиратқан. Зардап шеккен отбасының 20 жастағы қызы мен 13 жасар ұлы да құтқарылды. 

Үйде көмекке шақырған отанасы қалды. Кілемді үстіне жаба сала ол ас үйге беттеді. Елжас көршісін үйіндіден шығарам деп тырмысуы сәтсіз болды. Оның аяғы құлаған үйінді құрсауында қалып қойды. Аяусыз жалын жараланған әйелге көмектесуге мұрша бермеді.

Батыл құтқарушы өзінің әрекетін батылдық деп санамайды. Ондай сәтте бей-жай қарап тұра алмағанын айтады.

ҚР ҚК әскери-патриоттық жұмыс
05 ноября 2024
Алматыда Қарулы күштердің әскерилері соғыс ардагері Балықбай Ысқақты 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және басқармасының өкілдері және Әуезов ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бәтима Ыбыраева Ұлы Отан соғысының ардагері Балықбай Ысқақты ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

Әскери қызметшілер жауынгерлік еңбегі үшін майдангерге алғыс айтып, оған естелік сыйлықтар табыс етті. 

Балықбай Ысқақ 1924 жылы 5 қарашада Алматы облысының Кеген ауданында дүниеге келген. 1943 жылы ол 115-атқыштар дивизиясының сарбазы болды. 

Ардагердің әскери қызметі 61-ші армия құрамында өтті. Балықбай Ысқақ Беларусь, Латвия, Румыния және Венгрия аумақтарындағы шайқастарға, сондай-ақ Польшаны азат етуге қатысты. Ардагердің ең жарқын естеліктерінің бірі Австрия тауларында Жеңіс күнін қарсы алған оқиға болды. Бұл күн оның жадында мәңгі қалды.

Соғыстан кейін Балықбай Ысқақ қызмет еткен бөлім Қиыр Шығысқа ауыстырылды. Ол туған Қазақстанға 1947 жылы ғана оралды.

Шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін ол III дәрежелі Даңқ орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

Ташкенттегі милиция мектебінде оқығаннан кейін Балықбай Ысқақ туған өңірінде ішкі істер органдарында қызмет етіп, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге елеулі үлес қосты. 

Балықбай Ысқақ – еліміздің нағыз патриоты мен отбасының қамқоршысы. Оның он баласы, отызға жуық немересі мен шөбересі бар, олардың екеуі Отанға қызмет етуде отбасылық дәстүрді жалғастырып, әскери жолды таңдады.

05 ноября 2024
Қарулы күштерді өртке қарсы қорғау бойынша мүлікпен жабдықтау нормаларына өзгерістер енгізіледі

 

Қорғаныс министрлігі ведомство басшысының «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін өртке қарсы қорғаныс мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 348 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасын дайындады.

Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының 18-тармағын басшылыққа ала отырып, Қорғаныс министрлігі қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге түзетулер әзірледі.

Түзетулер бұйрықтың мониторингі барысында анықталған кемшіліктерді жою және кейбір жабдықтау нормаларын нақтылау мақсатында енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 18 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15272010

Социальные сети
Instagram
Twitter
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы