Логотип
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Министрлік туралы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
24 ноября 2025
24 қараша – әскери-ғылыми қызметкер және әскери педагог күні

Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің «Қарулы күштер үшін педагогикалық және ғылыми кадрларды дайындау туралы» бұйрығының шығуымен байланысты.

Әскери салаға арналған жоғары білікті мамандарды дайындау – еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру жүйесіне түрлі деңгейдегі тоғыз оқу орны кіреді. Олардың жұмысын Әскери білім және ғылым департаменті үйлестіріп отырады. Департаменттің негізгі міндеті – кәсіби әскери кадрлар даярлау деңгейін қамтамасыз ету, отандық әскери-ғылыми мектепті дамыту және профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесін арттыру.

Қазіргі таңда педагогикалық, ғылыми-зерттеу және ізденіс бағытында 7 ғылым докторы, 61 ғылым кандидаты және 76 философия докторы (PhD) қызмет етеді.

Кәсіби мерекеге орай елордадағы армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде салтанатты жиын өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, профильдік департамент өкілдері, әскери оқу орындарының жетекшілері, ғалымдар, педагогтар және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Сала мамандарын кәсіби мерекемен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Борамбаев құттықтады.

– Білікті кадрлар дайындау мен әскери білім беру жүйесін дамыту – Қорғаныс министрлігінің басты басымдықтарының бірі. Бұл елдің қорғаныс қабілетіне тікелей әсер етеді. Қазіргі әскери мамандардың кәсіби деңгейі әскердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы жөніндегі міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік береді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен қызметке деген адалдықтарыңыздың арқасында Қазақстанның әскери ғылымы мен білімі заманауи талаптарға сай дамып келеді, – деді вице-адмирал С. Борамбаев.

Жиында әскери жоғары оқу орындары басшыларының әріптестеріне арналған бейнеқұттықтаулары ұсынылды. Олар әскери педагогтарға Отан қорғаушыларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі маңызды миссияны абыроймен атқаруға, ал әскери-ғылыми қызметкерлерге ел қауіпсіздігін нығайту жолында жаңа жетістіктерге қол жеткізуді тіледі.

Кәсіби мереке аясында бірқатар педагогтар мен ғалымдар «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен, Қорғаныс министрінің атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Әскерлердің жауынгерлік дайындығы
24 ноября 2025
Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары заманауи ұрыс жүргізу әдістерін меңгерді

68665 әскери бөлімінің базасында Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары үшін тактикалық-атыс даярлығы бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті.

Іс-шара кәсіби дайындықты арттыруға, тәжірибе алмасуға және қазіргі заманғы ұрыс жүргізу тәсілдерін ескере отырып, әскери қызметшілерді оқыту үрдісін жетілдіруге бағытталды.

– Нұсқаушылармен өткізілетін жиындар жеке құрамды сапалы дайындау үшін аса маңызды. Нұсқаушы жауынгердің кәсібилігі, жауынгерлік дайындығы мен тәртібінің негізін қалыптастыратын тұлға болып табылады. Оның шеберлігі бүкіл әскердің оқу жүйесінің тиімділігіне әсер етеді. Сондықтан ортақ талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқу үдерісін жетілдіру бағытында жұмыс істеу маңызды, – деп атап өтті Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.

Сабақтар теориялық бөлімді, оқу-жаттығу алаңындағы практикалық дайындықты және көрсетілімдік іс-шараларды қамтыды. Заманауи оқу технологияларын енгізуге, жаттығу процесінің сапасын арттыруға және бөлімшелердегі әдістемелік талаптарды біріздендіруге ерекше назар аударылды.

Нұсқаушылар жауынгерлік, атыс және тактикалық дайындық, әскери педагогика мен сабақ өткізу әдістемесі бойынша кешенді оқытудан өтті. Ұйымдастырушылардың бағалауынша, олар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін растап, бөлімшелерде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға толық дайын екендіктерін көрсетті.

23 ноября 2025
Парламент, әскер және Сарбаздардың аналар комитеті әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне бірлескен бақылауды күшейтеді

Қазақстан Республикасы Парламентінде Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың төрағалығымен Сарбаздардың аналар комитеті республикалық қоғамдық бірлестігі және Қорғаныс министрлігінің қатысуымен үшжақты отырыс өтті.

Кездесуде әскери қызметшілердің қауіпсіздігі, қызмет және тұрмыс жағдайлары, отбасылардың әлеуметтік қорғалуы, сондай-ақ армияның ашықтығын арттыру және оның оң имиджін нығайтуға бағытталған шаралар талқыланды. Бибігүл Жексенбай әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығы мемлекет үшін басымдық болып саналатынын атап өтіп, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар және уәкілетті органдар арасындағы тұрақты диалог қоғамның армияға деген сенімін арттырудың маңызды тетігі екенін жеткізді. «Аналар жүрегі» Сарбаздардың аналар комитеті төрайымы Лилия Хайруллина әскери бөлімдерге жасалған жұмыс сапарларының нәтижелерін таныстырып, казармалар, асханалар және медициналық пункттердегі жағдайға жүргізілген мониторинг қорытындыларын ұсынды, сондай-ақ қызмет жағдайларын жақсарту және әскери қызметшілердің отбасыларын дер кезінде ақпараттандыру бойынша ұсыныстар айтты.

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің тәрбие жұмысы басқармасының бастығы полковник Серғали Әлімқұлов әскери қызметшілердің қауіпсіздігін және олардың күнделікті өмір сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы баяндады. Бейнебақылау жүйесін жетілдіру, әскердегі ашық іс-шараларды дамыту, психологиялық және құқықтық қолдауды күшейту, кері байланысқа арналған цифрлық сервистерді енгізу бойынша ақпарат айтылды. Отырыста қатысушылар Сарбаздардың аналар комитетінің қоғамдық бақылауды қамтамасыз етудегі және армия мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Тараптар үшжақты кездесулердің тұрақты форматын жалғастыруға, қызмет жағдайларын мониторингтеудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге, ата-аналармен коммуникациялық арналарды кеңейтуге және Қарулы Күштердің транспаренттілігін арттыру мен оның имиджін көтеру жөніндегі бірыңғай ұсыныстар топтамасын дайындауға уағдаласты. Отырыста айтылған барлық ұсыныстар жүйеленіп, әрі қарай қарастыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

23 ноября 2025
Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті әскери қызметшілердің цифрлық рейтингін енгізуде

Двадцать третьего ноября военные кадровые работники отмечают профессиональный праздник. Дата связана с созданием в 1991 году в составе Государственного комитета обороны Казахской ССР управления кадров.

В тот период перед специалистами подразделения стояла непростая задача – сохранить офицерский состав, привлечь и воспитать новую плеяду военнослужащих. В сжатые сроки была создана нормативная правовая база, определившая систему взглядов, требований и ограничений для военнослужащих.  

Сегодня кадровую политику в Вооруженных силах осуществляет департамент кадров Министерства обороны. Структурное подразделение организует комплектование воинских должностей, формирует кадровый резерв, осуществляет учет и аттестацию личного состава, ведает вопросами присвоения воинских званий и награждения военнослужащих. 

С применением электронных технологий меняется и система подбора и расстановки кадров. Импульс развитию кадрового потенциала придало внедрение цифрового рейтинга военнослужащих. Новый инструмент оценки их профессиональной деятельности обеспечивают прозрачный и объективный подход в продвижении по службе. Рейтинг формируется на основе уровня образования, квалификации, владения языками, результатов аттестации и личных достижений. Цифровое ранжирование повышает мотивацию военнослужащих, сокращает бюрократические процедуры и минимизирует влияние человеческого фактора. 

Кадровая работа требует принципиальности, способности принимать взвешенные решения, владения коммуникативными навыками и соблюдения этики военнослужащего. Незаметная, на первый взгляд, работа обеспечивает преемственность кадровой политики, направленной на непрерывность управления, эффективное использование имеющегося потенциала для обеспечения выполнения задач государства в области обороны.

22 ноября 2025
Астанада Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдығына арналған волейболдан өткен турнирдің қорытындысы шығарылды

Жарысқа Қарулы күштердің түрлерінен, Тыл, Қару-жарақ басқармаларынан ҚР Ұлттық қорғаныс университетінен, Әскери полиция бас басқармасынан және ардагерлер ұйымынан 80 спортшыдан тұратын 8 команда қатысты.
Жеңімпаздарды, жүлдегерлер мен номинация иегерлерін марапаттау рәсіміне Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев, Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық армия спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, сондай-ақ «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов қатысты.
– Бүгін біз әскери қызметшілер мен ардагерлерді бір алаңда тоғыстырған турнир өткіздік. Оны Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың мерейтойына арнадық. Бұл шара өз өмірін елге және халыққа қызмет етуге арнаған тұлғаға көрсетілген құрмет. Ол бүгін де сапта. Қарулы күштер ардагерлері ұйымын басқара отырып, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге және әскери қызметшілердің моральдық рухын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары С. Борамбаев.
Тартысты ойын нәтижесінде финалда жеңісті «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ командасы жеңіп алды. Екінші орынға Ұлттық қорғаныс университетінің командасы қол жеткізсе, үшінші орын Тыл бастығының басқармасына бұйырды.
Номинациялар бойынша үздік спортшылар да анықталды. Өмірзақ Сағымбаев үздік ойыншы атанса,  Госман Амрин үздік шабуылшы деп танылды. Екеуі де ардагерлер ұйымының өкілдері. Қорғаныс қапталында Қару-жарақ бастығы басқармасының ойыншысы Алексей Бакаушинге тең келер ешкім болмады.
Турнир барысында ойыншылар жоғары спорттық шеберлік танытып, жанкүйерлердің ыстық қолдауымен өз командаларын жеңіс тұғырына көтеруге бар күш-жігерін салды.

22 ноября 2025
Түркияның әскери жоғары оқу орнында қазақстандық офицерге арналған ескерткіш тақта ашылды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркияға ресми сапары барысында Анкарадағы Түркия Құрлық әскерлері әскери институтына барды. Оқу орнында ол әскери борышын атқару барысында қаза тапқан қазақстандық бітімгерге арналған мемориалдық тақтаны ашып, сонда білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесті.
Институт бастығы генерал-майор Левент Сабахаттин қазақстандық делегацияны оқу орнының қызметімен, оның қалыптасу тарихымен, оқу бағдарламаларымен және офицерлік кадрларды даярлау тәсілдерімен таныстырды. Ол институттың Түркия Республикасындағы ең көне әскери оқу орындарының бірі екенін және құрлық әскерлері үшін кәсіби командалық құрамды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің офицері, Ирактағы бітімгерлік миссияны орындау кезінде қаза тапқан капитан Қайрат Құдабаевқа арналған ескерткіш тақтаның ашылуына офицердің жұбайы мен екі қызы қатысты. Жиналғандар бітімгердің рухына бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.
– Ескерткіш тақтаның дәл осы әскери оқу орнында ашылуы бекер емес. Қайрат Құдабаев осы институттың түлегі. Қазақстандық офицер жарылыс кезінде өз денесімен жарылған оқ-дәрілерді жауып, жолдастарын аман алып қалды. Ерлігі үшін ол I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, – деді Қорғаныс министрі.
Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Құрлық әскерлері әскери институтында білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесті. Олардың оқу және тұрмыс жағдайларын, қамтамасыз етілу деңгейін зерделеп, өзекті мәселелерді талқылап, оқу үлгерімімен танысты. Курсанттар оқу үдерісінің жоғары қарқындылығын, заманауи материалдық базаға қол жеткізу мүмкіндігін және басшылық тарапынан көрсетілетін қолдауды атап өтті.
Кездесу барысында министр қазақстандық әскери қызметшілерді шет елдерде даярлау ұлттық армияның кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін және үздік халықаралық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік беретінін айтты. Министр Түркияда алынған білім мен дағдылар Қазақстан Қарулы күштерінде болашақта командирлік лауазымдарда қызмет ету барысында қажет болатынын ерекше атап өтті.

22 ноября 2025
Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметшілердің мектеп оқушыларымен және жұмысшы жастармен кездесулері өтті

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Солтүстік Қазақстан облысында «Біртұтас ел – біртұтас жер» акциясы аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Топ құрамында бейінді департаменттердің өкілдері және ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қызметкерлері бар.
Петропавл қаласында әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі, аумақтық қорғаныс бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың жұмысшы жастарымен кездесулері ұйымдастырылды. Қала мектептерінде офицерлер жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі және әскери борышын өтегендерге берілетін жеңілдіктер туралы айтып берді.
– Мерзімді қызмет борышыңды өтеу ғана емес, ол білім алу мен жұмыспен қамтуға жол ашатын мүмкіндік, – деп атап өтті полковник Мұрат Ағыбаев.
Новоникольск және Бескөл ауылдарында әкімшілік пен білім бөлімі өкілдерімен әскери-патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды және оқушылармен кездесулер өтті. Әскери-тарихи музейдің қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме экспозициясын және Қарулы күштер туралы бейнематериалдарды көрсетіп, орталықтың шығармашылық ұжымы концерт қойды.
Қорғаныс министрлігінің офицерлері жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлеріне видеоконференция арқылы сабақ өткізді.

21 ноября 2025
Әскери байланысшылар 2025 жылдың жұмысын қорытындылады

Астанада Қарулы күштер түрлері, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар байланыс әскерлері бастықтарының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты байланыс кафедраларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Іс-шараны Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов ашты. Ол ведомство басшылығы байланысты ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Әскери дайындықтың сапасы мен Қарулы күштердің күнделікті өмірі көбіне осы саланың жұмысына байланысты.

– Қорытынды алқада Қорғаныс министрі басқарудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондықтан біздің күш-жігеріміз байланысшыларды кәсіби даярлауға және әскерлерді бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақтылығын және шешім қабылдаудың жеделдігін қамтамасыз ететін заманауи байланыс құралдарымен жарақтандыруға бағытталатын болады, – деді Бас штаб Байланыс департаментінің бастығы полковник Асан Ақышев.

Биылғы оқу жылында байланыс мамандары Қарулы күштер ауқымындағы және халықаралық деңгейдегі барлық іс-шараларға тікелей қатысты. Олар «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында маңызды қызмет атқарып, штабтар мен бөлімшелер арасында үздіксіз ақпарат алмасуды қамтамасыз етті. 

Байланысшылардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жауынгерлік даярлық қорытындысы бойынша 4000-нан астам байланыс маманы оқытылып, даярланды.

Әскери байланысшылардың практикалық дағдыларын бекіту бойынша маңызды іс-шара арнайы оқу-жаттығу болды. Онда әскери қызметшілер әртүрлі құқықтық режимдерде, тез өзгеретін жағдайда байланысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер кешенін кезең-кезеңімен орындады. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша байланыс бөлімшелерінің жоғары үйлесімділігі және олардың кез келген жағдайда қойылған міндеттерді орындау қабілеті атап өтілді. 

Жиын аясында қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды. Бұдан өзге заманауи байланыс құралдарының үлгілерімен көрнекі сабақтар да өткізілді.

Техникалық құралдарды біріздендіру, жаңа технологияларды енгізу, байланыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылағаннан кейін басшылық жиналысқа қатысушылардың алдына келесі кезеңге міндеттер қойды.

21 ноября 2025
Қорғаныс министрлігі «Smart военкомат» цифрлық жобасының артықшылықтарын таныстырды

Астанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған  жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды.

Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.

— "Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу" ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді, — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тірк

Астанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған  жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды.

Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.

— "Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу" ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді, — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркеледі. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді. 

Баспасөз турына қатысушылар дәрігерлер мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұған қоса, олар «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын да көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.

Полковник А. Сариннің айтуынша, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.

Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.

еледі. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді. 

Баспасөз турына қатысушылар дәрігерлер мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұған қоса, олар «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын да көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.

Полковник А. Сариннің айтуынша, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.

Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.

20 ноября 2025
«Жас сарбаз» балалар студиясының бишілері «Бірлігіміз жарасқан» конкурсында табысты өнер көрсетті

Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияның сахнасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» республикалық балалар және жастар шығармашылығы фестивалі өтті.

Шығармашылық сайыс хореография, вокал, халықтық, классикалық аспаптар сияқты өнер түрлері және мобилография бойынша ұйымдастырылды.

Іс-шараға 25 би ұжымы қатысты, олардың ішінде «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері ерекшеленді. Студияның үлкен тобы «Заманауи би» номинациясында «Маэстро» композициясын орындап, бірінші орынды иеленді.

– Біздің балалардың табандылығы мен еңбегі тамаша нәтиже бергеніне қуаныштымыз. Құзыретті қазылар алқасы нөмеріміздің көркемдік деңгейін және сахналық шешімін жоғары бағалады, – деді балалар студиясының жетекшісі, «Маэстро» композициясының қоюшысы лейтенант Альмира Асылбекова.

Орта топтың бишілері де өздерінің эмоцияға толы әрі энергиялы өнерімен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Олар хореограф Жанна Ерғалиева қойған «Мектептегі бүлік» биін орындады.

Сондай-ақ хореограф Ержан Құдайбергенов дайындаған кіші топтың бүлдіршіндері де сенімді өнер көрсетті. Олардың әсерлі әрі көңілді «Қуанышты пингвиндер» композициясы көрермендер мен қазылар алқасының көңілін көтерді.

Нәтижесінде «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының орта және кіші топтарының тәрбиеленушілері екінші орынға ие болды.

Жас бишілердің әрбір жетістігі оларды жаңа белестер мен жеңістерге шабыттандырады, ал олардың жан-жақты шығармашылық қабілетін ашу үшін тәжірибелі хореографтар аянбай еңбек етуде.

Социальные сети
Instagram
Twitter
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты