
Ақ махаббат пен сергек сезім әлдилеген көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында Қарулы күштердің әскери қызметшілері, сарбаздары, кадеттері және «Жас сарбаз» студиясының тәрбиеленушілері барша аруларды, асыл аналарды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, Болат Садраддиннің «Ана» әнін тарту етеді. Жүрекке жылы тиетін әсерлі ән арқылы әскерилер барша адамзат үшін ең қастерлі құндылық – анаға деген шексіз махаббат пен алғысын жеткізеді. В преддверии светлого весеннего праздника, наполненного чистой любовью и искренними чувствами, военнослужащие Вооруженных сил, солдаты, кадеты и воспитанники студии «Жас сарбаз» сердечно поздравляют всех прекрасных дам и дорогих матерей с 8 Марта — Международным женским днём и дарят песню Болата Садраддина «Ана». Через эту трогательную, согревающую сердце песню военнослужащие выражают бесконечную любовь и благодарность матери — самой священной ценности для всего человечества.