«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтар, мыналарды:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды;
5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда, әскери есепке алынуға жатады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына тіркеуді жүргізу тәртібі;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтардың әскери есепте тұру ұзақтығы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес айқындалады.
Жасы бойынша әскери міндеттілер мынадай есепке алу разрядына бөлінеді:
1) бірінші разрядта мыналар тұрады:
офицерлер құрамы – 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
қатардағы және сержанттар құрамдары – 40 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
2) екінші разрядта мыналар тұрады:
офицерлер құрамы – 51-ден 60 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
қатардағы және сержанттар құрамдары – 41-ден 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда.
Әскери қызметші әйелдер әскери есепте екінші разрядта тұрады:
офицерлер құрамы – 45 жасқа дейінгіні қоса алғанда;
қатардағы және сержанттар құрамдары – 35 жасқа дейінгіні қоса алғанда.
«Старшина», «аға корабль старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» әскери атақтары бар әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілер мен запаста тұрған азаматтар 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда, екінші разрядта әскери есепте тұрады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Азаматтарды ЖӘБО-ға тіркеу – азаматтарды алғашқы әскери есепке қою үшін ЖӘБО жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.
ЖӘБО-сына мынадай адамдар:
1) он жеті жасқа толған ер азаматтар;
2) бұрын әскери есепте тұрмаған ер азаматтар;
3) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар;
4) әскери-есептік мамандығы бар әйел жынысты азаматтар тіркелуге тиіс.
Азаматтарды алғашқы әскери есепке қою мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. Он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу автоматты режимде жүргізіледі.
Он жеті жасқа толған күні ер азаматқа ҚР ҚМ АЖ автоматты режимде электрондық есепке алу карточкасын қалыптастырады және мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН); тегі, аты және әкесінің аты
(бар болса); туған күні, жері; жұмыс (оқу) орны); білімінің болуы туралы; отбасы құрамы туралы; жүргізуші куәлігінің болуы туралы; Қазақстан Республикасының аумағында болуы туралы; мүгедектігі бар адам деп тану туралы; стационарлық емделуде және динамикалық қадағалауда болуы туралы; тұрғылықты жері бойынша азаматтарды тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы; адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауының болуы не болмауы туралы; оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан; сот оларға қатысты қылмыстық істерді қарап жатқан, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкім туралы мәліметтерді алады.
ҚР ҚМ АЖ мәліметтерді алғаннан кейін электрондық есепке алу карточкасына азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы «әскерге шақыру жасына дейінгі» деген белгі қояды және тіркелген тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы бойынша ЖӘБО-ны айқындайды.
ҚР ҚМ АЖ-да он жеті жастағы ер азаматты тіркеу туралы хабарламаны алған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сы есептік-әліпбилік кітапқа тиісті жазба жасайды.
10-2. Осы Қағидалардың 10-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көзделген адамдарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына әскери есепке қою осы Қағидалардың 78-тармағына сәйкес жүргізіледі.»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жеке әскери есептік құжаттарға мыналар жатады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицерінің әскери билеті (бұдан әрі – запастағы офицердің әскери билеті);
2) арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерінің әскери билеті;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеті (бұдан әрі – қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеті);
4) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы куәлік.»;
17. Негізгі есепке алу құжаттарына мыналар жатады:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскерге шақырылушының жеке ісі (бұдан әрі – әскерге шақырылушының жеке ісі);
2) осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскерге шақырылушының есепке алу картасы;
3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери міндеттінің есепке алу карточкасы (бұдан әрі – есепке алу карточкасы);
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша № Т-2 нысанындағы жеке карточка (бұдан әрі – жеке карточка);
5) есептік-қызметтік карточка (офицерлер үшін);
6) әскери міндеттіні арнайы әскери есепке қабылдау туралы хабарлама.»;
3-тарау алып тасталсын;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Есептік-әліпбилік кітапқа ЖӘБО-ға тіркелген барлық әскерге шақырылушылар енгізіледі.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сында әскерге шақырылушылардың барлық жеке ісі мынадай жүйелілікпен картотекалар бойынша бөлінеді:
1) ағымдағы жылы ЖӘБО-ға тіркелгендер (ауылдық округтер бойынша әліпби бойынша);
2) мерзімді әскери қызметке әскерге шақырылуға жататындар, мамыр – маусымда, қыркүйек – желтоқсанда бөлек (ауылдық округтер бойынша әліпби бойынша);
3) әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқығы барлар (картотека кейінге қалдыру сипаты бойынша жасалады: «отбасы жағдайы бойынша», «білім алуды жалғастыру үшін», «денсаулық жағдайы бойынша», «басқа да себептер бойынша»);
4) әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар;
5) мамандандырылған картотека (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін жасақтау үшін тағайындалған әскерге шақырылушылардың жеке істерін есепке алу);
6) қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар.
Жоғарыда көрсетілген картотекалардың әрқайсысындағы жеке істер қатаң әліпби бойынша бөлінеді.
Денсаулық жағдайы бойынша бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп, соғыс уақытында шектеулі жарамды және әскери есептен шығарып әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскерге шақырылушылардың жеке істері архивке тапсырылады.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Бейбіт уақытта әскери билеттер:
1) ЖӘБО-да Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке немесе әскери жиынға шақыру кезінде;
2) оларды қабылдаған кезде әскери, арнайы оқу орындары;
3) ЖӘБО осы Қағидалардың 77-тармағына сәйкес:
әскери қызметтен не құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және әскери қызмет не құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген;
бұрын әскери (балама) қызмет не құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткергендер қатарынан басқа мемлекеттерден келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған;
әскери атағы қалпына келтірілген және әскери қызмет не құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтарға беріледі.
ЖӘБО әскери, арнайы оқу орындарына олардың сұрау салуы бойынша оқуға түскен азаматтарды қамтамасыз ету үшін қажетті санда қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеттерінің бланкілерін береді.
Әскери, арнайы оқу орындары қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеттерінің бланкілерін осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес беру ведомосы бойынша білім алып жатқан азаматтарға береді.
Беру ведомосы 2 данада жасалады, оның екінші данасы берілмеген (бүлінген) қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билеттер бланкілерімен бірге берілген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей ЖӘБО-ға жіберіледі.
Әскери қызмет, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткермеген азаматтарға мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында заңнамада белгіленген тәртіппен әскери билеттер беріледі.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған,
27 жасқа толмаған және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар тұрғылықты жері бойынша әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады және одан әрі жалпы негізде әскери қызметке шақырылады.
Бұрын мерзімді әскери қызмет өткермеген және әскери, арнаулы оқу орындарынан оқудан шығарып жіберген, жиырма алты жасқа толмаған курсанттар мен кадеттер әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылады, ал Заңның 38-бабының 1-тармағы
4) тармақшасының алтыншы абзацында аталған адамдар келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.»;
77, 78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«77. «Әскери міндеттілерге әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери билет немесе оның телнұсқасын беруге өтініш береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 2 жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі офицерлер, қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери билет немесе оның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім туралы, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу орны туралы ақпаратты жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы (порталға өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы) жүзеге асырылады.
78. «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери есепке қою туралы өтініш береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында әскери есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
79. «Әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектілендіру (түзету)» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектілендіруге (түзетуге) өтініш береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
ЖӘБО-да әскери қызмет, оның ішінде жеңілдікті кезеңде өткергені туралы мәлімет болмаған кезде сұрау салу тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға (архивке), ал қажет болған кезде басқа да мемлекеттерге жолданады.
Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімнің ұзартылғаны туралы хабардар етумен 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім туралы, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектілендіру (түзету) туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Жолданған сұрау салу бойынша ақпаратты алғаннан кейін ЖӘБО көрсетілген мәліметті ҚР ҚМ АЖ-сына енгізеді, ал әлеуметтік қолдау алуға ниет білдіретін азаматтар үшін қосымша осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 82-1-тармақпен толықтырылсын:
«82-1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және ЖӘБО-ға жібереді.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша алып тасталсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;
5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
14 және 15-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және
6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
28-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
30-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
32-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының
Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде
осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың жергілікті атқарушы органына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
авиация генерал-лейтенанты Д. Косанов