«Ақылы қызмет көрсету саласындағы қызметті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 1027 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 1211 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақылы қызмет көрсету саласындағы қызметті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 1027 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекемелерінің иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі мен шығысының жиынтық жоспарын (бұдан әрі – Жиынтық жоспар) және ақылы көрсетілетін қызметті дамыту және ілгерілету жоспарын қалыптастыруға және бекітуге жауапты лауазымды адамдардың тізбесі бекітілсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жиынтық жоспарды қалыптастыруға жауапты адамдар жұмысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары 11-тарауының талаптарына сәйкес жүргізсін және:
1) есептің және Жиынтық жоспарда көрсетілетін мәліметтердің толық, логикалық өзара байланысты және дұрыс болуын;
2) Жиынтық жоспар жобасын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаментіне келісу және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тиісті лауазымды адамдарының бекітуі үшін уақтылы жіберуді;
3) Жиынтық жоспарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен уақтылы келісуді;
4) Жиынтық жоспарға өзгерісті уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекемелерінің иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі мен шығысының жиынтық жоспарын және ақылы көрсетілетін қызметті дамыту және ілгерілету жоспарын қалыптастыруға және бекітуге жауапты лауазымды адамдардың тізбесі
(1-қосымша) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы көрсетілетін қызметті ұйымдастыруға, ілгерілетуге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекемесінің иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі мен шығысы жоспарын орындауға жауапты лауазымды адамдардың тізбесі (2-қосымша) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекемелерінің иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі мен шығысының жиынтық жоспарын және ақылы көрсетілетін қызметті дамыту және ілгерілету жоспарын қалыптастыруға және бекітуге жауапты лауазымды адамдардың тізбесі
Дата публикации
10 сентября 2025