
«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 44 бұйрығының 16 тармағына сәйкес (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тауарларды (өзге де жаңа піскен немесе салқындатылған картоп, жаңа піскен немесе салқындатылған тұқымдық картоп) шығаруға 2022 жылғы наурыз - сәуір айларына квота беруге өтініш қабылдайтынын хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:
2022 жылғы 14 наурыз сағат 9.00-ден 2022 жылғы 18 наурыз сағат 18.30-ға дейін.
2022 жылғы ақпан – сәуір айларына берілетін квота көлемі:
- өзге де жаңа піскен немесе салқындатылған картоп (СЭҚ ТН коды 0701 90) – 120 858 (бір жүз жиырма мың сегіз жүз елу сегіз) тонна;
- жаңа піскен немесе салқындатылған тұқымдық картоп (СЭҚ ТН коды 0701 10 000 0) – 43 820 (қырық үш мың сегіз жүз жиырма) тонна.
Бір өтінім берушіге арналған тауарды әкетуге рұқсат етілген шегі:
- 3000 (үш мың) тоннадан.
Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;
2) сақталатын картоптың жалпы көлемі мен сақтау объектісінің орналасқан жерінің мекенжайын көрсете отырып, жаңа піскен немесе салқындатылған картоптың (тұқымдық картопты қоспағанда) болуын растайтын құжат;
3) «Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жинау туралы» (индексі 29-сх, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының көшірмесі;
4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атынан жаңа піскен немесе салқындатылған картопты әкеткен жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден контрагент-экспорттаушы туралы немесе заңды тұлға-өтінім берушінің үлестестігі туралы растау хат.
Өтінімдер (берушінің бірінші басшысы не өкілеттігін растайтын тиісті құжат негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар) уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз түрінде немесе уәкілетті орган кеңсесінің office@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде PDF форматында беріледі.
Өтінімді жібергеннен кейін өтінімнің қабылдануы және тіркелуі туралы ақпаратты 8 (7172) 555-763 телефонға хабарласып, анықтау қажет.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Бұйрықтың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтінім берушіге хабарлама жіберу үшін өтінімде міндетті түрде электрондық мекен-жайды көрсету қажет.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 44 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары және өтінім нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.
2022 жылғы наурыз – сәуір айларына тауарларды әкетуге квота алуға арналған өтінім