Меню
Страницы
Министрлік туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Комитеттер
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
Қазақстанның АӨК-сі
Ғылым және инновация
08 сентября 2026
2035 жылға қарай Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады

Қазіргі уақытта Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде шамамен 1,1 млн адам жұмыс істейді. Оның 595 мыңы немесе 55%-ы – жұмысшы мамандар. Саланың 2035 жылға дейінгі даму перспективаларын ескере отырып, агроөнеркәсіп кешеніне шамамен 73 мың білікті жұмысшы кадр қажет болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Қазіргі уақытта елімізде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шамамен 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі жұмыс істейді. Жыл сайын аграрлық колледждерге шамамен 4,8 мың студент қабылданады. Оның 3,8 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында білім алады.

Агроөнеркәсіп кешені үшін кадрлар 17 мамандық пен 61 біліктілік бойынша даярланады. Білім беру бағдарламалары өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, механикаландыру және басқа да бағыттарды қамтиды.

Дуальды оқытуды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Колледждердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен ынтымақтастығы кеңейіп, жұмыс берушілер өндірістік практиканы ұйымдастыруға және болашақ мамандар даярлауға белсенді қатысуда.

Еліміздің барлық өңірінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өндірістік практиканы ұйымдастыру және түлектерді кейіннен жұмысқа орналастыру туралы келісімдер жасалуда. Мұндай тәсіл студенттердің практикалық дағдыларды тікелей өндірісте меңгеруіне мүмкіндік береді және олардың еңбек нарығындағы сұранысын арттырады.

 

Қазақстанның АӨК-сі
08 сентября 2026
Қазақстан Рим қаласында ФАО Балық шаруашылығы комитетінің 37-сессиясына қатысуда

Рим қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Балық шаруашылығы комитетінің 37-сессиясы өтуде.

Қазақстанның халықаралық деңгейдегі жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатысуда.

Қазақстандық делегацияның COFI37 жұмысына қатысуы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, озық әлемдік тәжірибені зерделеу және енгізуге, сондай-ақ су биоресурстарын тұрақты пайдалану саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Сессия барысында су биоресурстарын тұрақты басқару, акваөсіруді дамыту және балық шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқылануда.
COFI37 – әлемдік балық шаруашылығы мен акваөсіруді тұрақты дамыту бағыттарын айқындауға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі.

Отырыс барысында ФАО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері саланың өзекті мәселелерін талқылауда. Атап айтқанда, акваөсіруді дамыту, заңсыз, хабарланбаған және реттелмеген балық аулауға қарсы іс-қимыл, балық шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу, су биоресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, сондай-ақ шағын ауқымды балық аулауды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
«Бүгінде саланың алдында су биоресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, акваөсіруді дамыту және балық ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу міндеттері тұр. COFI37 аясында біз отандық балық шаруашылығын одан әрі жетілдіру үшін қажетті озық тәжірибелер мен халықаралық стандарттарды зерделеуді жоспарлап отырмыз», – деді Серік Сермағамбетов.

Қазақстан үшін климаттық және экологиялық факторларды ескере отырып, акваөсіруді дамыту және саланың тұрақтылығын арттыру мәселелерінің маңызы зор. Осыған байланысты халықаралық тәжірибені зерделеу және су биоресурстарын басқарудың тиімді тетіктерін енгізу балық шаруашылығын одан әрі дамытудың маңызды бағыттарының бірі.

ФАО Балық шаруашылығы комитетінің 37-сессиясы ұйымның Римдегі штаб-пәтерінде өтіп, 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Экспорт-импорт
08 сентября 2026
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазақстандық экспорттаушыларға Қытай-Қазақстан астық платформасына қолжетімділік ашты

Ұлттық астық операторы – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2026 жылғы 5-7 қыркүйек аралығында Чанша қаласында өткен Сегізінші Қытай астық саудасы көрме-конференциясында Қазақстанның стендін таныстырды. Қытайдың ең ірі салалық алаңында тағы 20 қазақстандық агроөнеркәсіптік компания өз өнімдерін ұсынды.

Отандық компаниялар бидай, арпа, күнбағыс, зығыр және рапс сияқты дәнді және майлы дақылдардың кең желісін ұсынды. Майлы дақылдар мен соя бұршақтары қытайлық серіктестердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Ұлттық стендке қатысушылар қатарында Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, экспорттау және логистика салаларында жұмыс істейтін жетекші қазақстандық компаниялар бар.

Конференцияның басты оқиғасы Азық-түлік корпорациясы мен ҚХР Мемлекеттік азық-түлік және стратегиялық резервтер басқармасының (NAFRA) қатысуымен құрылған астық саудасы бойынша Қытай-Қазақстан электрондық платформасының іске қосылуы болды.

Бірлескен сауда алаңын іске қосу жөніндегі келіссөздер 2025 жылы басталған болатын. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы алдын ала Қытай нарығына талдау жүргізіп, сұраныс пен серіктестердің мүмкіндіктерін зерделеді. Меморандум жасалғаннан кейін жаңа электрондық алаң арқылы Қазақстаннан Қытайға 260 тонна зығырдың алғашқы пилоттық жеткізілімін сүйемелдеді. Бүгінде платформада 35 отандық компания тіркелген.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагуловтың айтуынша, қазақстандық агрокәсіпорындар сатып алушыларды өз бетінше табуға, келіссөздер жүргізуге және онлайн форматта мәмілелер жасасуға мүмкіндік алды.

«Бірінші кезеңде біз астық компанияларына платформада тіркелуге көмектесіп, пилоттық жеткізілімдерді сүйемелдедік. Қазақстаннан Қытайға 24 мың тонна майлы зығыр экспорттау жөнінде келісімдер жасалды. Енді кез келген қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе экспорттаушы платформада өз бетінше жұмыс істеп, делдалдарды тартпай-ақ жеткізілімдер туралы тікелей келіссөздер жүргізе алады. Алаңда тіркелу толығымен тегін», – деді ол.

Қытай-Қазақстан электрондық платформасы https://ckt.grainmarket.com.cn/ қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін сатып алу және сату жөніндегі ұсыныстар жарияланады, қытайлық серіктестердің баға ұсыныстары көрсетіледі, сондай-ақ мәмілелер жасаудың әр түрлі форматтары – ашық аукциондар, шақыру бойынша сауда-саттық, өзара келісім бойынша және белгіленген баға бойынша мәмілелер қолжетімді. Барлық есеп айырысу қытайлық юаньмен жүргізіледі.

Бастапқы кезеңде қатысушылар кедендік ресімдеуді өз бетінше жүзеге асырады деп көзделуде. Алдағы уақытта кедендік рәсімдерді жеңілдету және жеделдету үшін Қазақстан мен Қытайдың бейінді қызметтерімен өзара іс-қимыл орнату жоспарланып отыр.

Сонымен қатар платформада дауларды реттеу тетігі қарастырылған. Сатып алу кезінде бағалау үшін сатып алушының талаптары, ал сату кезінде сатушы мәлімдеген тауар сипаттамалары негізге алынады. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда түпкілікті шешімді екі елде де аккредиттелген тәуелсіз инспекциялық ұйым қабылдайды.

Қытай тарапынан астық саудасы алаңының қызметтерін елдің әр түрлі провинцияларындағы 50 мыңнан астам аграрлық кәсіпорын пайдаланады. Бұл отандық агробизнестің жаңа серіктестер мен өткізу нарықтарын іздеу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.

Еңбек адамы
08 сентября 2026
Жалғыз сиырдан басталған толағай табыс. «Северное» фирмасының 1,7 млрд теңгелік агрокешенге дейінгі жетістігі

Агроөнеркәсіп саласындағы ірі жетістік тарихтарының бастауы әрдайым мұқият есептелген бизнес-жоспар бола бермейді. Кейде үлкен істің іргетасы қарапайым қамқорлықтан басталады. 2015 жылы Наталья Юдина отбасын және балаларын таза, табиғи сүтпен қамтамасыз ету үшін қайын жұртына сиыр сатып алуды ұсынды. Ол кезде бұл шағын отбасылық бастаманың бірнеше жылдан кейін құны 1,7 млрд теңге болатын «Северное» атты заманауи фермаға айналатынын ешкім ойлаған жоқ.

Алғашында үй іргесіндегі шағын шаруашылық біртіндеп кеңейіп, сапалы өнімдерге достары мен көршілерінің сұранысы артты. Осыдан кейін толыққанды ферма құру идеясы пайда болды. Алғашқы инвестиция көлемі шамамен 40 мың долларды құраған. Алайда шаруашылықты жаңа деңгейге көтеру үшін ауқымды әрі жүйелі инвестиция қажет еді.

Кәсіпорынның дамуына мемлекеттік қолдау айтарлықтай серпін берді. «Солтүстік» ӘКК арқылы 1,2 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған кәсіпорын заманауи тауарлық-сүт фермасын салып, айршир тұқымының 400 асыл тұқымды сиырын сатып алды. Бүгінде шаруашылық 2,5 мың гектар жерді игеріп, мал азығын өз өндірісі арқылы толық қамтамасыз етіп отыр.

«Северное» брендінің басты ерекшелігі — заманауи технологиялар мен дәстүрлі қол еңбегінің үйлесімінде. Bugatti сауу жүйелері мен «Молэксперт» пастеризаторлары сүтті бастапқы өңдеуді қамтамасыз етсе, өндірістің соңғы кезеңі кәсіби шеберлердің қолымен атқарылады.

«Біз — еуропалық үлгідегі шағын ферма. Өз шикізатымызбен жұмыс істейміз және технологиялық талаптардың барлығын толық сақтаймыз. Ал сары май, сүзбе мен ірімшіктерді тек қолмен дайындаймыз. Қол еңбегі өндіріс көлемін шектейді, өйткені мұндай тәсілмен көп мөлшерде өнім шығару мүмкін емес. Сондықтан біз тек ішкі нарыққа жұмыс істейміз және өнімдерімізді авторлық рецептер бойынша дайындаймыз», — дейді Наталья Юдина.

Бүгінде ферма тәулігіне орта есеппен 1,5 тонна өз сүтін өңдейді. Ай сайын мұнда 3 тоннадан астам сүзбе, 1 тоннадан астам фирмалық ірімшік вафлиі, шамамен 200 кг авторлық және жас ірімшік, 80 кг-ға жуық табиғи сары май өндіріледі. Сонымен қатар қаймақ, кілегей, сүзбелі құймақ және вареник те бар.
Наталья Юдина әу бастан-ақ қандай жолмен болса да сауым көлемін барынша арттыруды мақсат еткен жоқ. Фермадағы мал байлаусыз ұсталады, таза ауада тұрақты серуендейді. Оларға күтім жасау еуропалық ветеринариялық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.

«Біз өнеркәсіптік алыптармен бәсекелеспейміз. Біздің өнімді табиғи сүтті саналы түрде таңдайтын, қауіпсіздікті бағалайтын және не үшін ақша төлеп отырғанын түсінетін адамдар сатып алады. Отандық өнімдер өндірісін дамытып, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі өнім шығаруға болатынын дәлелдеп отырғанымызға қуаныштымыз», — дейді ферма негізін қалаушы.

Қазір кәсіпорынның басты міндеті — қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізіп, өндірістік қуатын барынша арттыру. Осы мақсатта фермада биыл қараша айында мал басының толық құрамын қабылдау жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта Наталья Юдина «Северное» фермасын көпсалалы агрокешенге айналдыруды жоспарлауда. Ол үшін өз астығы мен ұнын өндіруді жолға қою, ет бағытындағы өндірісті дамыту және жылыжайлар салу көзделген.

Наталья Юдинаның жетістік тарихы — өз ісіне деген адалдық, іскерлік, еңбекқорлық кез-келген бастаманы ірі табыс көзіне айналдырып қана қоймай, ел игілігі жолындағы абыройлы қызметке жеткізудің жарқын үлгісі.

Қазақстанның АӨК-сі
07 сентября 2026
АШМ мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиадада үздік командалардың қатарына енді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрама командасы 2–6 қыркүйек аралығында өткен орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиадада жалпыкомандалық есепте 4-орын иеленді.

Спартакиадаға мемлекеттік органдар аоасынан 27 команда қатысты.
Министрліктің атынан жиыны 42 қызметкер қатысты, олардың ішінде Комитеттердің алты өкілі бар.
Спартакиада қорытындысы бойынша ведомство өкілдері спорттың бірнеше түрінен жүлделі орындарға ие болды.

Ерлер арасында 100 метрге жүзуден АӨК-дегі МИК басқармасының басшысы Аманжол Махашев 1-орын алды.

Қазақ күресінен өткен жарыста ЖРБК сарапшысы Досжан Камалханов 2-орын алып, күміс жүлдегер атанды, ал аталған комитетте бас сарапшы Елдос Қуантаев 3-орын иеленді. Қазақ күресінен командалық есепте ҚР АШМ құрама командасы 3-орынға иеленді.

Шахматтан АӨК цифрландыру департаментінің сарапшысы Әсел Батырбек жекелей есепте 3-орын алды. Командалық есепте Министрлік құрамасы 3-орын алды.

Сонымен қатар, министрлік қызметкерлері киберспорт, қол күресі, футзал, волейбол және баскетболдан өткен жарыстарға белсенді қатысты.

Тоғызқұмалақ сайысы бойынша БҚҚД бас сарапшысы Абылайхан Бейсен және АҒБД бас сарапшысы Риза Ерғабыл жекелей есепте 5-орынға қол жеткізді.

«Спартакиада — бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты қалыптастыратын, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін алаң. Біздің құрама жақсы нәтиже көрсетті. 27 мемлекеттік орган қатысқан сайыста алдыңғы қатардан көріну ортақ мақсат жолында, жұдырықтай жұмылып, жоғары нәтижеге жетудің айқын дәлелі. Зор белсенділіктері үшін команда мүшелеріне алғысымды білдіремін», — деді ҚР АШМ аппарат басшысы Сергей Ли.

Өсімдік шаруашылығы
07 сентября 2026
Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өндірушілер үшін сауда стратегиясы бойынша ұсынымдар 07.09.2026

 

Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.

Дәнді дақылдар

Нарық тұрақтануда, ал бағалар қалпына келе бастады.

тг/кг, ҚҚС-пен,  элеватордан

Ағымдағы орташа баға (элеватор)

Өзгерістер

Ұсынымдар 

Ықтимал ең жоғары баға

Ықтимал ең төменгі баға

жұмсақ бидай 3 кл, 28 клк +

111

-5

ТОҚТАТУ

145

-

жұмсақ бидай 3 кл, 25 клк дейін

92

-7

ТОҚТАТУ

120

-

жұмсақ бидай 3 кл ,23 клк дейін

88

-7

ТОҚТАТУ

110

-

жұмсақ бидай 4 кл, 20 клк дейін

80

-7

ТОҚТАТУ

110

-

жұмсақ бидай 5 кл, 17 клк дейін

70

-

ТОҚТАТУ

100

-

арпа 2 кл

67

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

95

-

Қатты бидай (прот 14+)

93

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

120

-

Қатты бидай(прот 15+)

106

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

140

-

*Қызылмен – бір аптада төмендегені,  жасылмен – көтерілгені, барлық бағалар – жаңа егіндік кезеңіне

Майлы және бұршақты дақылдар

Майлы дақылдар нарығы салыстырмалы түрде тұрақты күйін сақтап отыр, ал бағалар сапаға, көлемге және экспорттық мүмкіндіктерге байланысты қалыптасады; сондықтан аймақтық үрдістерді қадағалап отыру маңызды.

тг/кг, ҚҚС-пен,  элеватордан

Қазіргі баға

Өзгерістер

Ұсынымдар 

Ықтимал ең жоғары баға

Ықтимал ең төменгі баға

Зығыр

180

-8

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

230

-

Рапс

207

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

230

-

Күнбағыс

221

-

САТУ

240

180

Сафлор

178

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

200

150

Соя

193

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

250

180

Қыша қара/ақ

215

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

260

-

Бұршақ (сары)*

85

-

САТУ

145

-

Жасымық қызыл**

112

-

САТУ

200

-

Жасымық (ірі тар) **

110

-

САТУ

250

-

*-жоғары сапаға  ие солтүстік өңірледе, **-ҚҚС-сыз жаңа егінді кезең курсивпен көрсетілген

Түсіндірме:

Ағымдағы баға — Қазақстан аумағында (астық элеваторында немесе теміржол вагонында) шарттар жасалатын өлшенген орташа бағаларды (ҚҚС-ты қоса алғанда) білдіреді. Бағалар өңірге, сапалық сипаттамаларға және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Ұсынымдар: «Тоқтату» – бағалар қолайлырақ болғанша сауда-саттықты уақытша тоқтату ұсынылады; «Қажеттілікке қарай» – қажет болған жағдайда (техникалық немесе қаржылық себептермен) сату; «Сату» – активті сату ұсынылады, себебі жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.

«Максималды әлеуетті баға» — осы брошюра авторларының пікірінше, ағымдағы сауда маусымында баға жетуі мүмкін жоғарғы шек; бұл болжам түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.
«Минималды әлеуетті баға» — ағымдағы маусымда ауыл шаруашылығы дақылының бағасы төмендеуі мүмкін шек.

 

Мал шаруашылығы
07 сентября 2026
Қазақстанда 33 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

Еліміздің өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны жалғасып жатыр. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда алдағы қысқы кезеңге қажетті жемшөптің 33,1 млн тоннасы дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 80%-ын құрайды.

Атап айтқанда, 25,3 млн тонна шөп, 2,5 млн тонна сабан, 2,3 млн тонна пішендеме, 1,6 млн тонна құнарландырылған жем және 1,4 млн тонна сүрлем әзірленді.

Жемшөп дайындау көлемі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 5,02 млн тонна жемшөп әзірленді. Одан кейін Жамбыл облысы – 3,25 млн тонна, Алматы облысы – 3,11 млн тонна, Батыс Қазақстан облысы – 2,58 млн тонна және Солтүстік Қазақстан облысы – 2,43 млн тонна көрсеткішке қол жеткізді.

Қысқы қорада ұстау кезеңін ойдағыдай өткізу және сақтандыру қорларын қалыптастыру мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамы 201,3 мың тонна астық көлемінде жемдік қор қалыптастырды. Қажет болған жағдайда аталған резерв ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қажетті жемшөп ресурстарымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта жемшөп дайындау жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жүргізіліп жатқан мониторинг пен резервтерді уақтылы қалыптастыру мал шаруашылығы субъектілерін қажетті жемшөп қорымен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы қорада ұстау кезеңін оңтайлы өткізуге бағытталған.

Қазақстанның АӨК-сі
05 сентября 2026
Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған цифрлық платформаны іске қосты

Қазақстан мен Қытай астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауға арналған бірлескен цифрлық платформаны іске қосты. Жаңа платформа экспорттаушылар мен сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатуға ықпал етеді.

Қазірдің өзінде 24 мың тонна зығыр жеткізу туралы келісімшарт жасалып, платформаның алғашқы нәтижесі айқын көрінді.

Платформа Қазақстан делегациясының Қытайда өткен 8-ші Қытай астық саудасы конференциясына қатысуы аясында іске қосылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова қатысты.

Бірлескен платформа Қытай елінің 50 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорнын біріктіретін Астық саудасының ұлттық интернет-платформасы негізінде құрылды. Оның жұмысын аталған мемлекеттің Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасына (NAFRA) қарасты Астық саудасын үйлестіру орталығы қамтамасыз етеді.

Жаңа цифрлық платформа екі ел компанияларына сауда-саттықты интернет арқылы жүргізуге, әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатуға және делдалдардың қатысуынсыз мәмілелер жасауға жол ашады. Сауда-саттық бәсекелестік негізде де, тікелей келіссөздер арқылы да жүргізіледі. Платформада ашық аукциондар, шақыру бойынша сауда-саттық, өзара келісім негізіндегі және алдын ала белгіленген бағамен жасалатын келісімдер қарастырылған.
Олардың сенімділігі мен ашықтығын арттыру үшін кепілдік қамтамасыз ету, интернет арқылы есеп айырысу, тәуелсіз тексеру және дауларды шешу тетіктері қарастырылған. Бұл экспорттық келісімдерді, соның ішінде бағаны айқындау үдерісін жеделдетіп, оны барынша тұрақты әрі болжамды етуге мүмкіндік береді.

«Бүгінде сауда алаңында Қазақстанның 35 компаниясы тіркелген.

Қазірдің өзінде 24 мың тонна майлы зығырды экспорттауға қатысты мәмілелер жасалды.

Бұл қытайлық серіктестердің қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді.

Алғашқы кезеңде платформа арқылы дәнді және майлы дақылдар, сондай-ақ өсімдік майы мен май-тоңмай өнеркәсібінің өнімдері саудаланады.

Алдағы уақытта Қытай нарығындағы сұранысты ескере отырып, тауарлар тізбесі кеңейтілуі мүмкін.

Платформаны табысты пайдалану өткізу нарықтарын кеңейтіп, отандық өнім жеткізу көлемін арттыра отырып, елдеріміз арасындағы аграрлық ынтымақтастықты нығайтатынына сенімдімін», — деді Назгүл Хатепова.

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігін арттыру, экспорттық әлеуетті күшейту және аграрлық саудаға заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Қазақстанның АӨК-сі
05 сентября 2026
Қазақстан Қытайдың астық саудасы жөніндегі 8-конференциясында агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін көрсетті

Қазақстан Қытайдың астық саудасы жөніндегі 8-конференциясында отандық агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін таныстырып, Қытаймен ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады.

Қытайдың астық саласындағы негізгі кәсіби алаңы аталған елдің мемлекеттік органдары, ірі кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының өкілдерін, сондай-ақ шетелдік серіктестерді бір арнаға тоғыстырды.

Іс-шара аясында екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын дамытудың жаңа тетіктерін қалыптастыруға арналған Қазақстан-Қытай астық кәсіпорындарының ынтымақтастығы жөніндегі конференция өтті.

Кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда көлемін арттыру, шекарааралық тасымалды дамыту, ауыл шаруашылығы саласына цифрлық құралдарды енгізу, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығында ілгерілету мәселелері әңгіме өзегіне айналды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова екі елдің осы саладағы стратегиялық маңызын атап өтті.

«Қытай Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалайтын негізгі нарықтардың бірі ғана емес, сонымен бірге сауданы, инвестиция тартуды, тасымалды, өнімді қайта өңдеуді дамыту және заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы маңызды серіктес.

Мемлекеттік органдар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, астық саудасымен айналысатын компаниялар мен кәсіпкерлер арасындағы тікелей байланысты одан әрі нығайту өзара іс-қимылдың жаңа тиімді тетіктерін қалыптастыруға және екіжақты сауда көлемін арттыруға жол ашады», – деді вице-министр.

Қазақстан әлемдік азық-түлік нарығындағы орнын жүйелі түрде нығайтып келеді. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады.

Мұнда ең болашағы зор елдердің бірі – Қытай.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есе жоғары.

Ал биылғы қаңтар–маусым айларында Қытайға 1,1 млрд АҚШ доллары көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есе көп.

Негізгі экспорттық тауарлар мал азығы, өсімдік майлары, майлы дақылдар мен дәнді дақылдар.

Тиімді әріптестік жолындағы басым бағыттардың бірі – қазақстандық компанияларды Қытайдың астық сауда алаңына қосу. Бұл Қытайдың 50 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорнын біріктіреді және 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Аталған алаңды пайдалану нарыққа қатысушылар арасындағы тікелей байланысты кеңейтіп, қазақстандық өнімді Қытай нарығында ілгерілетуге қосымша мүмкіндік береді.

«Астық саудасы өңірдегі азық-түлік нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие.
Өндірістік және экспорттық әлеуеті жоғары Қазақстан Қытай нарығына астық, ұн, майлы дақылдар, сондай-ақ терең өңделген өнімдерді жеткізу көлемін одан әрі арттыруға мүдделі.

Тұрақты тасымал бағыттарын дамыту және екі ел кәсіпорындарының тікелей байланысын кеңейту маңызды міндет болып қала береді.

Біздің еліміз Қытайды ұзақ мерзімді негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастырады.

Ынтымақтастық ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасымен ғана шектелмейді. Ол инвестиция тарту, тасымал инфрақұрылымын дамыту, өнімді қайта өңдеу, цифрландыру және тауарларды нарыққа шығарудың жаңа жолдарын қалыптастыру бағыттарын да қамтиды», – деді Назгүл Хатепова.

Конференция барысында Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін арттыру, экспорттық және шекарааралық тасымалды кеңейту, өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындарды дамыту, саудада цифрлық құралдарды қолдану, сондай-ақ кәсіпорындар арасындағы тікелей іскерлік байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Конференция соңында тараптар өзара сауданы кеңейтуге қолайлы жағдай жасау, шекарааралық және экспорттық тасымалды дамыту, ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді жолға қою, кәсіпорындар арасындағы тікелей байланысты кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы тәжірибелік жұмысты жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.

Қытайдың астық саудасы жөніндегі 8-конференциясы аясында Қазақстан жоғары сапалы арнайы астық және май өнімдерінің 6-Ұлттық көрме-жәрмеңкесіне де белсенді қатысты.

Қазақстанның көрме алаңы шетелдік қатысушылар арасында ең ірісі болды. Отандық 20-дан астам компания қытайлық серіктестерге өз өнімдерін, экспорттық әлеуетін және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Олардың қатарында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы, майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы, «SN Trade Company» серіктестігі, «Asia Agro Food» акционерлік қоғамы, «Atameken Agro Trade» серіктестігі, «Baltic Control Kazakhstan» серіктестігі басқа да кәсіпорындар бар.

Салалық алаңда өндірушілер мен сатып алушылар арасында іскерлік келіссөздер жүргізіліп, инвестиция тарту мәселелері талқылануда, коммерциялық келісімдерге қол қойылып, астық бойынша арнайы сауда-саттықтар өткізілуде.

05 сентября 2026
Қазақстан мен Қытай аграрлық саладағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстан 8-ші Қытай астық саудасы конференциясына қатысуда. Қазақстандық делегацияны ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова бастап барды.

Жұмыс сапары аясында вице-министр Қытай Халық Республикасының Азық-түлік және материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының (NAFRA) басшысы Лю Хуаньсинмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстардың қазіргі жай-күйін, өзара сауда көлемін арттыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту шараларын талқылады.

«Қытай – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. Географиялық жақындық, экономикаларымыздың өзара үндестігі және азық-түлікке деген сұраныстың артуы тиімді ықпплдастықты одан әрі кеңейтуге берік негіз қалыптастырады. Біз өнімдерімізге сұранысты күшейтуге және оларды Қытай нарығына шығарудың жаңа жолдарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйелі әріптестікті дамытуға мүдделіміз», – деді Назгүл Хатепова.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің сауда көлемі 36,8%-ға өсіп, 1,97 млрд АҚШ долларына жетті.

Тараптар сауда көлемін одан әрі арттыру және өзара жеткізілетін өнім түрлерін көбейту үшін үлкен мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Вице-министр Қытай тарабына ұзақ мерзімді ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыруға бағытталған бірқатар ұсынысты таныстырды.

Атап айтқанда, екі ел арасында жеткізілетін өнім түрлерін көбейту, астық пен майлы дақылдарды, соның ішінде Қытайдың стратегиялық қорын қалыптастыру үшін сатып алу көлемін арттыру ұсынылды.

Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жобаларына Қытай инвестицияларын тарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен сақтау жүйесін дамыту мәселелері қаралды.

Қытай тарабы Қазақстанмен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және белгіленген бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар ұсыныстарды одан әрі пысықтауға және екі елдің тиісті мемлекеттік органдары мен кәсіпкерлері арасындағы байланысты күшейтуге уағдаласты.

Сондай-ақ вице-министр Хунань провинциясының губернаторы Мао Вэйминмен кездесті.
Онда Қазақстан мен Хунань провинциясы арасындағы нақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.

Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы серіктестікті жандандырумен қатар, Хунань провинциясының губернаторы Мао Вэймин бірлескен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасуды кеңейту жөнінде ұсыныс жасады.

Социальные сети
Telegram
Youtube
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері