Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Комитеттер
Министрлік туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
Өсімдік шаруашылығы
01 апреля 2025
Ақтөбе облысында егістік алқабы 723 мың га құрайды

Ақтөбе облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр.
Өңірде 723 мың га алқапқа егін егу жоспарланған, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 401,5 мың га, майлы дақылдар – 60,5 мың га, мал азығы дақылдары – 256,0 мың га, картоп – 2,8 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 2,5 мың га.

Егіс алқаптарын әртараптандыру аясында 2024 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар 13,4 мың га-ға, мал азығы дақылдары 36 мың га-ға ұлғаяды. Жалпы тұқым қажеттілігі 40,5 мың тоннаны құрайды. Тұқымдық материалды талдау сәуір айында аяқталады.

Көктемгі егіс науқанына 1,5 мың трактор, 100-ден астам егіс кешені, 1,4 мың сеялка мен топырақ өңдеу агрегаты жұмылдырылады.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 95%-ды құрайды, жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Егіс жұмыстарын жүргізу үшін 6,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Шаруа қожалықтарына арналған бағасы – 253 теңге/литр, бұл нарықтық бағадан 15%-ға арзан.

2025 жылы өңірде 46,2 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,2 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ақтөбе» ӘКК арқылы егіс науқанын 5% жылдық мөлшерлемемен қаржыландыру жүргізілуде. Қазіргі таңда 5,4 млрд теңгеге өтінім қабылданып, 4,5 млрд теңгесі мақұлданды. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

01 апреля 2025
Бақтыбек Мұсабаев – еңбектің және істің адамы

Бақтыбек Тоқашұлы Мұсабаев 1960 жылы 8 маусымда ҚХР-дың Шәуешек қаласында дүниеге келген. Бала кезінен ауыл шаруашылығымен айналысып, өмірін аграрлық сектордың дамуына арнады.

Еңбек жолын Үржар ауданы Ақжар ауылындағы «Қызыл тау бүркіттері» колхозында бастады, ал 1999 жылдан бері «Некрасовка и К» шаруа қожалығын басқарып келеді.

Бүгінде «Некрасовка и К» – 1400 гектар егістік жері бар, табысты ауыл шаруашылығы кәсіпорны. Заманауи агротехнологияларды қолданудың нәтижесінде астық дақылдарының өнімділігі гектарынан 25-30 центнер, майлы дақылдардікі 30-35 центнерді құрайды. Шаруашылық жаңғыртылып, машина-трактор паркі жаңартылған, 1000 тонна бидай сақтауға арналған қойма мен 500 бас ірі қара малға арналған кешен салынған.

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің шешімімен шаруашылыққа жаздық бидай, арпа және жоңышқа тұқымдарын өндіру және сату жөніндегі тұқым шаруашылығы мәртебесі берілді. Бүгінде оның өнімі Үржар, Тарбағатай, Ақсуат және Аягөз аудандарында сұранысқа ие.

Бактыбек Мусабаев мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда шаруашылықта 400 бас ірі қара және 500 бас жылқы өсірілуде.

Кәсіпкерлік қызметінен бөлек, Бақтыбек Тоқашұлы қоғамдық өмірге де белсенді атсалысады. 2016 жылы 6-шы шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаты болып сайланды, қазіргі уақытта Абай облысы Үржар ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі. Еңбек жолындағы жетістіктері үшін бірнеше марапатқа ие болды.

Бақтыбек Тоқашұлы Мұсабаев – тек аграршыларға ғана емес, өз елінің дамуына білімін, тәжірибесін және кәсібіне деген адалдығын арнағысы келетін әрбір жанға үлгі боларлық тұлға.

AGROPROJECT
01 апреля 2025
«Qazaq Astyq Group» өсімдік майы өндірісін жылына 72 мың тоннаға дейін ұлғайтады

«Qazaq Astyq Group» Абай облысында тазартылған өсімдік майын өндіретін жаңа желіні салу жобасын жүзеге асыруда. Күніне 200 тонна тазартылған май шығаратын өндірістік желінің іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған.

Бұл жоба компанияның өндірістік қуатын кеңейту және өнім көлемін жылына 72 мың тоннаға дейін арттырудағы маңызды қадам болмақ.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 8,3 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс тәулігіне:

•522 тонна өсімдік майын,

•431 тонна шротты,

•2,6 тонна фосфатидті концентратты,

•36 тонна түйіршіктелген қауызды өңдеуге мүмкіндік береді.

Өндірістік желі тәулігіне 1200 тонна күнбағыс, сондай-ақ 800 тонна рапс пен зығыр тұқымын қайта өңдеуге бағытталған.

Шикізаттың негізгі жеткізушілері отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен Ресейден келген импорттаушылар болмақ. Жаңа кешеннің іске қосылуы компанияға ішкі нарықтың тазартылған күнбағыс майына деген сұранысын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық жеткізілімдерді де жолға қоюға мүмкіндік береді.

Дайын өнім мына елдерге экспортталатын болады: Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Эстония.

Өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға бағытталған бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтағы үлесін арттыруға айтарлықтай үлес қоспақ.

Жер ресурстары
31 марта 2025
«Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін алдағы қоғамдық талқылаулары туралы хабарландыру

1. Тыңдаулардың ұйымдастырушы – ҚР АШМ «Жер ресурстарын басқару комитеті» РММ, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, байланыс деректері +7 (777) 525-16-16

2. Тыңдаулардын күні мен орны: Жария тыңдаулар 2025 жылғы 1 сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-де онлайн-форматта (ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция) өткізілетін болады

3. Қатысу үшін тыңдаушылар тізімін қалыптастыру үшін алдын ала жазылудан өту қажет:

телефондар бойынша: +7 (7172) 74-97-44, +7 (777) 525-16-16,

электрондық мекен-жайы бойынша: baiseitov.a@minagri.gov.kz. 

4. Қоғамдық талқылау тақырыбы – Жер ресурстарын басқару комитеті «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін бойынша мүдделі тұлғалар үшін жария тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.

Фитосанитариялық қауіпсіздік
31 марта 2025
ҚР АШМ және ФАО шегірткелердің таралуына мониторинг жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде

Стратегиялық әріптестік аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері арасында кездесу өтті.

Тараптар жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, шегіртке зиянкестерінің таралуын мониторингтеу және болжау үшін геоақпараттық жүйені құрудың маңызды мәселелерін талқылады. Бұл жүйені дамыту ауылшаруашылық жерлеріне айтарлықтай зиян келтіретін шегіртке қаупімен күресудің негізгі құралы болады деп күтілуде.

Кездесуге қатысушылар шегіртке зиянкестерімен күресте заманауи технологияларды қолдану бойынша пікір алмасты, осы зиянкестердің таралуын бақылау және басқару әдістерін жетілдіру жолдарын қарастырды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ФАО ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Өсімдік шаруашылығы
31 марта 2025
Абай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық қарқынды жүріп жатыр

Өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 753,1 мың га жерге орналастыру жоспарланған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,6 мың га артық.
Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Мәселен, бидай егілетін жер 4 мың га-ға қысқарып, 235,0 мың га құрайды.

Басымдық жоғары рентабельді дақылдарға берілуде: майлы дақылдардың егістік көлемі 12,7 мың га-ға, арпа – 6,3 мың га-ға, қарақұмық – 2,3 мың га-ға ұлғаяды. Нәтижесінде майлы дақылдардың егіс алқабы 308,5 мың га-ға жетеді.

Аудандық әкімдіктердің жедел мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 39,6 мың тонна тұқым дайындады. Күнбағыс, жүгері және басқа да дақылдардың 6,6 мың тонна элиталық тұқымы мен гибридтерін сатып алу бойынша келісімшарттар жасалды.

Отандық тыңайтқыш өндірушілерін аванстық субсидиялау тетігін енгізу олардың фермерлер үшін қолжетімділігін айтарлықтай арттырды: өңірде тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми негізделген қажеттіліктің 39%-на дейін өсті (бұрын бұл көрсеткіш 5,2%-дан аспаған). 2025 жылы 63,6 мың тонна тыңайтқыш пайдалану жоспарланған. Тыңайтқыш өндірушілермен және жеткізушілермен келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 27,5 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 90%-ды құрайды, ал жаппай егіс жұмыстары басталғанға дейін 100% дайындық қамтамасыз етіледі. Аграршылардың иелігінде 7 800-ден астам трактор, 300 жоғары өнімді егіс кешені, 1 900 сепкіш және 2 800-ге жуық топырақ өңдеу агрегаты бар.

Өткен жылы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында аграршылар 513 дана заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Бұл машиналар мен тракторлар паркін 5,9%-ға жаңартуға, сондай-ақ көктемгі егіс және орақ науқаны кезінде еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

«Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жылдық 5% жеңілдетілген несие беру қарастырылған. 2025 жылы ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін арттыру мақсатында жергілікті аграршылар жалпы сомасы 8,1 млрд теңгеге 157 өтінім берді.

Абай облысында көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.

31 марта 2025
Қапшағай су қоймасынан 20 шақырым заңсыз орнатылған торлар алынды

ҚР Балық шаруашылығы комитеті Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының үйлестіруімен Қапшағай су қоймасында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын бастады.

Аталған акцияның мақсаты – су айдынын заңсыз орнатылған және қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан тазарту арқылы балық ресурстарының табиғи уылдырық шашуына және уылдырық шашу орындарына еркін көшуіне қолайлы жағдай жасау.

Акцияға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері, ТЖД, Алматы облысы әкімдігінің мамандары, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері мен «Алматы қайық шеберлері» тобының еріктілері – барлығы 115 адам қатысты. Іс-шараға 53 су көлігі мен 15 автокөлік тартылды.

Нәтижесінде 20 шақырымнан астам заңсыз орнатылған балық аулау құралдары алынды.

Балқаш-Алакөл бассейніндегі су айдындарында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы биылғы жылдың наурыз айынан маусым айына дейін жалғасады.

Жер ресурстары
31 марта 2025
Қоғамдық жайылымдар мемлекет меншігіне қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында жер пайдалану саласындағы әділеттілік қалпына келтірілді. Батыс Қазақстан облысының ҚР АШМ ЖРБК жер ресурстарын басқару департаментінің жүргізген тексерісі нәтижесінде заңсыз берілген 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тексеру барысында Казталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімінің бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Сегіз ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормалары сақталмай, жер учаскелері заңсыз берілген. Бұл алқаптар – халықтың ортақ пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары. Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағына және «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес, мұндай жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек қана халықтың қажеттілігі үшін пайдаланылуы тиіс.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша басқармамен бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, орындалды. Жерді мемлекет меншігіне қайтару қоғамдық жайылымдардың мәртебесін қалпына келтірді және жергілікті тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін өмірлік маңызды жерлерге қолжетімділікті қамтамасыз етті.

Өсімдік шаруашылығы
31 марта 2025
Астық, майлы және бұршақты дақылдар өндірушілеріне сауда стратегиясына қатысты ұсыныстар 31.03.25

Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.

Дәнді дақылдар

элеватардан, ҚҚС-мен,  тг/кг

Ағымдағы баға

Өзгерістер

Ұсыным

Мүмкін

макс

Мүмкін

 мин

жұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +

126

-

ТОҚТАТУ

145

-

жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін

87

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

95

-

жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін

83

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

85

-

жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін

77

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

80

-

жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17

клк дейін

70

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

65

-

арпа 2 сыныпты

86

-

ТОҚТАТУ

85

-

Дурум (прот 14+)

85

-

САТУ

110

-

Дурум (прот 15+)

102

-

САТУ

130

90

Дәнді дақылдардың құны алдыңғы деңгейде сақталуда.

Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егін жинау

Трейдерлердің айтуынша, 4-сыныпты бидайды аздап сатып алу жүргізілуде.

Майлы дақылдар / бұршақ

элеватардан, ҚҚС-мен,  тг/кг

Ағымдағы баға

Өзгерістер

Ұсыным

Мүмкін

макс

Мүмкін

 мин

Зығыр

243

-

ТОҚТАТУ

250

-

Рапс

220

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ          ҚАРАЙ

250

180

Күнбағыс

185

-

ТОҚТАТУ

190

160

Мақсары

138

-

САТУ

150

85

Соя

200

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

225

-

Қыша қара/ақ

177

-

ҚАЖЕТТІЛІГНЕ ҚАРАЙ

300

200

Бұршақ (сары)*

122

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

120

80

Жасымық қызыл**

217

-

ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ

220

-

Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **

395

-

ҚАЖЕТТІЛІЛІГНЕ ҚАРАЙ

450

-

 Майлы дақылдардың құны алдыңғы деңгейде сақталуда.

* - премиум сапасы бар солтүстік аймақтар, * * - ҚҚС-сыз жаңа өнім курсивпен бөліндіі

Түсініктеме:

Ағымдағы баға – бұл Қазақстан ішіндегі элеваторда немесе вагонда ҚҚС-пен бірге келісімшарт жасалатын орташа салмақталған бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне және жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Ұсыныстар:

  • Стоп – тиімдірек баға болғанға дейін сауданы тоқтату ұсынылады.
  • Қажет болғанда сату – техникалық немесе қаржылық қажеттіліктерге байланысты сату ұсынылады.
  • Сату – жақын болашақта тиімді перспективалар байқалмағандықтан, өнімді сату ұсынылады.

Максималды баға – ағымдағы сауда маусымында баға жете алатын жоғары шек. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.

Минималды баға – ағымдағы маусымда дақыл бағасы жетуі мүмкін төменгі шек.

31 марта 2025
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2025 жылғы 1 сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар.

Кездесу сағат 09:00-де Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Янайкино ауылдық округі, Янайкино ауылы, Алматы көшесі, 23 мекенжайында өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7 775 837 8519 – Асия Нүрпейісова.

Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.

Социальные сети
Instagram
Youtube
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы