Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Комитеттер
Министрлік туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
05 июня 2025
«Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын қоғамдық тыңдау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасы ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15533963

Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

AGROPROJECT
05 июня 2025
Солтүстік Қазақстан облысында 8000 бас ірі қара малға арналған кешеннің құрылысы жалғасуда

Сүтті мал шаруашылығы саласындағы ауқымды инвестициялық жобаны «Зенченко и К» сенім серіктестігі 2024 жылдан бастап Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында іске асыруда. 8000 бас ірі қара малға арналған кешеннің құны 9 млрд теңгені құрайды.

Бұл сүт кешені Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда ең ірі кешен болмақ. Толық қуатында ол жыл сайын шамамен 26 000 тонна сүт өндіретін болады.

Кешеннің жобалық құрылымына 7 ғимарат кіреді, олардың ішінде әрқайсысы 1280 басқа арналған 3 сиыр қорасы бар. Кешеннің ерекшелігі – бір уақытта 90 бас ірі қараны сауатын жоғары технологиялы «карусель» типті сауу қондырғысының болуы. Бұл сағат сайын 700 басқа дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп, өндіріс үдерісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Жобаны жүзеге асыру елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ішкі нарықты жоғары сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауылдық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы сүт өндірісі саласында тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2023 жылы жалпы саны 11 000 бастан асатын ІҚМ-ға арналған 19 жоба қаржыландырылып, олардың қуаты жылына 70 000 тонна сүт өндіруге жетті.

2024 жылы 17 сүт-тауар фермасы іске қосылып, тағы 8 жаңа жобаның құрылысы басталды. Бұл жобалар іске қосылған соң сүт өндірісі жылына қосымша 10 000 тоннаға артады деп күтілуде.

2025 жылы өңірде 17 млрд теңге сомасына 22 инвестициялық жобаны қаржыландыру жоспарланған. Олардың ішінде жалпы саны 7 000 басқа арналған 11 сүт-тауар фермасы бар. Бұл жобалар жылына 47 000 тоннаға дейін сүт өндіруге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы
05 июня 2025
Қазақстан мал шаруашылығында толық өндірістік тізбек қалыптастыруда: шаруашылықтан бастап экспортқа дейін

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мал шаруашылығын кешенді дамытуға арналған кеңес өтті. Жиында жеңілдікпен қаржыландыру, импортты алмастыру және ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: жеңілдетілген несиелер мен жаңа талаптар

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, етті мал шаруашылығында асыл тұқымды түрлендіруді қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жаңа жеңілдетілген несиелік өнімі әзірленді. Бұл фермерлерге өнімділікті, ет сапасын және төл алу көрсеткішін арттыру үшін аса маңызды асыл тұқымды аналық мал сатып алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ осыған ұқсас шарттармен ет комбинаттары мен бордақылау алаңдарына айналым қаражатын толықтыру үшін несиелік өнім ұсынылды. Негізгі талаптардың бірі — ірі қара малдың кемінде 70%-ын отандық ет комбинаттарына өткізу және өңдеуші кәсіпорындардың терең өңдеу желісі болуы.

Әкімдіктер, «Атамекен» ҰКП және ветеринариялық қызметпен бірлесіп, жүргізілген комиссиялық тексерудің нәтижесінде, 128 бордақылау алаңының ішінен 28-і (жалпы сыйымдылығы 148 мың бастан аса), ал, 36 ет комбинатының ішінен 24-і талаптарға сай деп танылды.

«Осылайша, шаруашылықтан бастап, бордақылау алаңдарына, одан әрі ет комбинаттары мен экспорттық нарықтарға дейінгі өндірістік тізбек қалыптасуда. Әрбір кезеңде айналым қаражатының қолжетімді болуы жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге мүмкіндік береді», — деді Аманғали Бердалин.

2025 жылға аустралиялық тәжірибені етті мал шаруашылығына енгізудің басым 10  жобасы айқындалды. Жобалардың жалпы құны – 27,4 млрд теңге. Алдын ала есептеу бойынша, бұл жобалар 50 мың тоннаға дейін ет экспорттап, 500 млрд теңге көлемінде табыс әкелмек.

Сүтті мал шаруашылығы: импортты алмастыруға басымдық

Сүт бағытын дамыту – басым бағыттардың бірі. 2023 жылы 69 тауарлы сүт фермасын салуға 100 млрд теңге бөлінді. Олардың күтілетін өндірістік көлемі – 423,7 мың тонна сүт. Қазіргі таңда 39 ферма пайдалануға берілді, қалған 30-ы жыл соңына дейін аяқталады.

Ветеринария: індеттердің төмендеуі және экспорттық әлеуеттің артуы

Елімізде мал ауруларының алдын алу шаралары нәтижесінде, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда эпизоотиялық жағдайлар (бруцеллез, құтыру, қарасан, күйдіргі бойынша) 68,1%-ға төмендеді. Жалпы соңғы үш жылда мал аурулары 49,1%-ға азайды.

Ветеринариялық жұмыстың тиімділігі қазақстандық өнімнің экспортына бірқатар шектеуді жоюға мүмкіндік берді: 

  • Қытай – құс тұмауы мен аусыл бойынша тыйымды алып тастады;

  • Ресей – оңтүстік-шығыс аймақ бойынша аусылға байланысты шектеуді жойды;

  • ЕО – 1,5 жылдық келіссөздерден кейін бал экспортына рұқсат берді;

Иранға тері, Грузияға тірі ІҚМ және ҰҚМ экспорты ашылды, Қытаймен құс еті бойынша хаттамаға қол қойылды.

Мамыр айында Қазақстан ветеринариялық сертификаттарға қол қойды:

  • Грузиямен – сойылған ІҚМ және ҰҚМ бойынша;

  • Иранмен – тұяқты жануарлардың жүні бойынша.

«2026 жылы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы тарапынан Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймақтарын аусылдан таза аймақ ретінде мойындау мақсатында аудит күтілуде. Осыған байланысты барлық өңір әкімдіктері ветеринариялық нысандардың материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттарға сай деңгейге жеткізуі қажет», — деп атап өтті Бердалин.

Экспорт географиясын кеңейту жұмыстары жалғасуда – Қытаймен (ІҚМ терісі бойынша), Түркиямен (ет бойынша), Ауғанстан және Пәкістанмен (ет және сүт өнімдері бойынша) келіссөздер жүргізілуде.

Серік Жұманғарин жеңілдетілген несиеге үміткер барлық жобаны белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мұқият талдауды тапсырды. Сонымен қатар шұжық өнімдері, ірімшіктер, қышқыл сүт өнімдері сияқты импортқа тәуелді тауарларға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Ветеринарлық қауіпсіздік
Экспорт-импорт
04 июня 2025
Қазақстандық ара шаруашылығы кәсіпорны алғаш рет Еуропалық Одақтың тізіліміне енгізілді

Қазақстан ара шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуетін дамыту жолында маңызды қадам жасады: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданында орналасқан «SUN-BEE ALTAI» ЖШС еліміздегі алғашқы ара шаруашылығы өнімі мен бал өндіруші кәсіпорын ретінде Еуропалық Одақтың ресми тізіліміне – Honey and other apiculture products establishments (HON) енгізілді.

Бұл жетістік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және кәсіпорынның өзі тарапынан өндірістік үдерістерді Еуропалық Одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптары мен стандарттарына толық сәйкестендіру бойынша көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды.

Қазақстаннан балды Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау мүмкіндігі 2025 жылғы 21 ақпандағы Еуропалық комиссияның қаулысы жарияланғаннан кейін, 2025 жылғы 12 наурыздан бастап ресми түрде ашылды.

«SUN-BEE ALTAI» ЖШС-нің HON тізіліміне енгізілуі кәсіпорынға Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Австрия, Испания, Польша, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Литва, Эстония, Венгрия, Финляндия, Швеция, Дания, Португалия, Грекия, Болгария, Румыния, Хорватия, Ирландия, Кипр, Люксембург және Мальта мемлекеттеріне экспорт жасау құқығын береді.

Комитет алдағы уақытта да Қазақстанның ара шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуетін арттыру мақсатында еуропалық нарыққа шығуға мүдделі кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, тиісті инспекциялар жүргізуді жалғастырады.

Қазақстанның АӨК-сі
04 июня 2025
Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері Айдарбек Сапаровтың Ақтөбе облысы шаруаларымен кездесуінде талқыланды

Жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Шалқар, Ырғыз, Мәртөк және басқа да аудандардың шаруаларымен кездесті.

Министр ведомствоның қазіргі кездегі қызметінің нәтижелері мен елдің агроөнеркәсіптік кешенінің болашағы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Кездесу барысында қатысушылардың назары мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шараларына аударылды. Атап айтқанда, жем-шөп пен жанар-жағармай шығындарын субсидиялау, 5%-бен жеңілдетілген несие беру, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілерге көрсетілетін қолдау жөнінде ақпарат берілді.

Шаруалар өзекті мәселелердің кең ауқымын көтерді. Атап айтқанда, олар тұқымдық және селекциялық жұмыстарды субсидиялау, етті мал шаруашылығын дамыту, бордақылау алаңдарын салу, лиманды суаруды енгізу және АӨК өнімдерін қайта өңдеуге мемлекеттік қолдау көрсету мәселелеріне қызығушылық танытты.

Ауыл шаруашылығында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі жеке талқыланды.

Айдарбек Сапаров барлық қойылған сұрақтарға түсініктеме беріп, шаруалар айтқан ұсыныстар мен бастамалар мемлекеттік аграрлық саясаттың жаңа тәсілдерін қалыптастыру кезінде мұқият қаралатынын және ескерілетінін атап өтті.

«Агросектордың тұрақты дамуы шаруалармен кері байланыс пен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Мемлекеттік қолдау тиімді ғана емес, қолжетімді әрі түсінікті болуы қажет. Сіздер өз қажеттіліктеріңіз бен мәселелеріңізді жақсы білесіздер, сондықтан шешім қабылдау үдерісіне қатысуларыңыз – тиімді аграрлық саясат қалыптастырудың басты шарты», — деді министр.

Кездесу соңында Айдарбек Сапаров өңірлік әкімдіктерге, әсіресе шалғай аудандарда, ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл мемлекеттік қолдаудың барлық қолжетімді құралдарын тиімді пайдалану үшін қажет.

Өсімдік шаруашылығы
04 июня 2025
Ақмола облысы көктемгі егіс жұмыстарын аяқтады

Елдің астықты жүрегі саналатын Ақмола облысы биыл да көктемгі дала жұмыстарын толық көлемде аяқтаған алғашқы өңірлердің бірі болды. Өткен жылы дәл осы кезеңде егіс жұмыстарының шамамен 60 пайызы ғана аяқталған болса, биыл шаруалар 19 күн ішінде науқанды толық тәмамдады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы егіс алқабының жалпы көлемі 5,5 миллион гектарды құрап, былтырғыдан 63 мың гектарға артты. Егіс жұмыстары жоғары агротехникалық деңгейде, қолайлы мерзімде және барлық ресурстарды жұмылдыра отырып ұйымдастырылды.

Дайындық кезеңі қыста басталды: алқаптарда қар тоқтату жұмыстары жүргізілді, көктемде 2 миллион гектардан астам жерге ылғал жабу мен өңдеу шаралары атқарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Дала жұмыстарына 37 мыңнан астам техника, соның ішінде заманауи егіс кешендері тартылып, науқан кідіріссіз әрі үйлесімді өтті. Облыста тәулік бойы жұмыс істейтін өңірлік аграрлық кеңес құрылып, шаруаларға тұрақты кеңес берілді.

Мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарды: 778 шаруашылыққа 100 миллиард теңгеден астам сомаға несие берілді, 76 мың тоннадан астам дизель отыны жеңілдетілген бағамен үлестірілді.

Егіс құрылымында стратегиялық маңызы бар дақылдардың үлесі артты. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,6 млн гектарға себілсе, майлы дақылдар көлемі рекордтық 430 мың гектарды құрап, былтырғыдан 161 мың гектарға көбейді. Мал азығы, көкөніс және картоп егілген алқаптар да ұлғайды.

Көктемгі жаңбырдың мөлшері қалыпты деңгейден сәл артық болып, өңір бойынша егін біркелкі және қалың шығып жатыр. Бұл – мол өнімнің басты кепілі.

Егісті алғаш аяқтаған шаруашылықтар қатарында – «Агрофирма Родина» ЖШС, «Ақтық», «Заречное», «Новоприречное», «Белгородское», «Хлебороб», «Жер-1» және басқа да ірі агроқұрылымдар бар.

«Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына шынайы қолдау көрсетіліп жатқаны байқалады. Ендігі міндетіміз – осы қарқынды төмендетпей, егісті уақытылы қорғау шараларын жүргізу», – деді «Викторовское» ЖШС директоры Виталий Гончаров.

Келесі кезең – өнім жинауға дайындық. Аграрлар егісті зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстарын жүргізіп, техниканы ретке келтіріп, астық қабылдау нысандарын дайындауға кіріседі. Ал көктемгі науқанның табысты өтуі биылғы егінге сенімді бастау болмақ.

Қазақстанның АӨК-сі
Мал шаруашылығы
03 июня 2025
Айдарбек Сапаров Ақтөбе облысындағы негізгі агроөнеркәсіптік кешен жобаларымен танысты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі жобаларының жүзеге асу барысымен танысты.

Шалқар ауданының Шалқар қаласында министр ет өнімдерін сою және өңдеуге маманданған «ТАЛАП СДО» ЖШС-нің сервистік-дайындау орталығында болды. Айдарбек Сапаров орталықтың өндірістік қуатын жаңғырту және кеңейту қажеттігін атап өтіп, бұл жергілікті нарықты сапалы етпен қамтамасыз етуді және тиімділікті арттыруды қамтамасыз ететінін айтты.

Мәртөк ауданындағы «Родники АГРО» шаруашылығы – облыстағы ірі шаруашылықтардың бірі. Оның иелігінде 30 844 гектар егістік және 31 323 гектар жайылым жер, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, дамыған логистика және өндірістік инфрақұрылым бар.

Шаруашылықта 700 бас герефорд тұқымды ірі қара малға арналған асыл тұқымды репродуктор жұмыс істейді. Алдағы уақытта 1 200 бас ірі қараға арналған сүт-тауар фермасын салу бойынша ауқымды жобаны іске асыру көзделуде.

«Айс плюс» кәсіпорнында министр 800 бас малға арналған жаңа сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты. Қазіргі таңда нысанда Нидерландта өндірілген заманауи жабдықтар орнатылып жатыр. Қолданысқа берілгеннен кейін, жыл сайын өндірілетін сүт көлемі 13,2 мың тоннадан 22,6 мың тоннаға дейін артады, ал жобаның екінші кезеңінде бұл көрсеткіш 32,6 мың тоннаға жетеді.

Ақтөбе қаласында Айдарбек Сапаров Қазақстандағы қой жүнінен табиғи негізде жасалатын тоқыма емес материалдар шығаратын алғашқы KazFelTec зауытының құрылыс алаңына барды. Жоба италиялық Cormatex Airlay технологиясын пайдалана отырып жүзеге асырылып жатыр және жылу мен дыбыс өткізбейтін материалдар өндірісін қамтиды.

«Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып іске асып жатқан маңызды жобалармен таныстым. Сіздерге белгілі, тері мен жүнді өңдеу мәселесі әлі де өзекті болып отыр. 2024 жылы Қазақстанда 9,27 млн тері өндірілсе, соның тек 6%-ы ғана өңделген. Қой жүнінің өндірісі 35,5 мың тоннаны құрап, оның небары 29%-ы өңделді. Біз бұл мәселені шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. KazFelTec жобасы ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу тізбегіндегі маңызды буынға айналып, фермерлік шаруашылықтармен тұрақты кооперация орнатып, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін арттырады деп сенемін», – деді министр.

03 июня 2025
«Балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын қоғамдық тыңдау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15533938

Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

03 июня 2025
«Қорықшы төсбелгісінің және балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын қоғамдық тыңдау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қорықшы төсбелгісінің және балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15533945

Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

Өсімдік шаруашылығы
Ғылым және инновация
03 июня 2025
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ мен БҰҰ Даму бағдарламасы жер тозуымен күресте күш біріктіреді

Қазақстанның ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері келді. Кездесу 2029 жылға дейін жүзеге асырылатын топырақ құнарлылығын қалпына келтіру бойынша халықаралық жоба аясында өтті.

Негізгі тақырыптар – тұрақты агротехнологияларды енгізу және көпжылдық шөп тұқым шаруашылығын дамыту, мысалы, люцерна және эспарцет.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ жобада тек сапалы тұқымдарды қамтамасыз етіп қана қоймай, ғылыми тұрғыдан толыққанды үлес қосуға да дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, топырақ деградациясына ұшыраған Қазақстанның өңірлерінде жобаны кеңейту мәселесі талқыланды. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ сенімді ғылыми серіктес болуға дайын екенін растады.

Социальные сети
Instagram
Youtube
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы