Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаровтың сөйлейтін сөзі

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

1-слайд. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда агроөнеркәсіптік кешен саласында өсудің оң динамикасы сақталды.

Сонымен, аталған кезеңде жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6%-ға ұлғайып, 6,3 трлн. теңгені құрады.

Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,8%-ға ұлғаюы есебінен (3,6 трлн. теңге) қамтамасыз етілді.

2-слайд. Облыстар бөлінісінде 5 облыста: Қостанай – 120,8%, Ақмола – 112,7% Павлодар – 107,5%, Ақтөбе – 106,7% және Қарағанды облысы – 105,7% республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалды.

3-слайд. Мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі көрсетілген кезеңде 3%-ға ұлғайып, 2,6 трлн. теңгені құрады.

Бұл ретте тірідей салмақтағы ет өндіру көлемі 4,1%-ға, сүт 3,2%-ға ұлғайды.

4-слайд. Көрсетілген мерзімде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 4%-ға өсіп, 1,9 трлн. теңгені құрады.

Атап айтқанда, сары майды өндіру көлемінің 26,5%-ға (19,5 мың тоннадан 24,6 мың тоннаға дейін), өңделген күріштің 20,1%-ға (166,0 мың тоннадан 199,4 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдерінің 8,2%-ға (54,3 мың тоннадан 58,7 мың тоннаға дейін), макаронның 6,3%-ға (168,3 мың тоннадан 178,9 мың тоннаға дейін), өнделген сүттің 4,9%-ға (570,8 мың тоннадан 598,5 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдерінің 4,8%-ға (211,6 мың тоннадан 221,7 мың тоннаға дейін), ірімшік және сүзбенің 4,5%-ға (31,2 мың тоннадан 32,6 мың тоннаға дейін), ұнның 1,6%-ға (3 271,7 мың тоннадан 3 322,6 мың тоннаға дейін) артқаны байқалды.

5-слайд. 2020 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 15%-ға ұлғайып, 573,2 млрд. теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 13,5%-ға артып, 104 млрд. теңгені құрады.

Саланың бұл өсімі негізінен фермерлердің үйлесімді жұмысының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кедергісіз қозғалуын ЖЖМ, қосалқы бөлшектерді, тұқымдарды, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізуді қамтамасыз етуден тұратын COVID 19 пандемиясы жағдайында егіс жұмыстарын жүргізуге арналған Үкіметтің дер кезінде қабылдаған жұмыс алгоритмінің арқасында қамтамасыз етілді. Нәтижесінде егіс жұмыстары сапалы және ауыл шаруашылығына оңтайлы мерзімдерде жүргізілді. 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

15 сентября 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ (Балық шаруашылығы комитеті, аймақтық департаменттер)
15 сентября 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ (Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, аймақтық департаменттер)
15 сентября 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ (Жер ресурстарын басқару комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Instagram
Youtube
Telegram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты