Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Құжаттар
Комитеттер
Онлайн қабылдау
Все материалы
13 января 2025
ҚР Қаржы вице-министрі Д. Кеңбеил: Ислам даму банкінің жаңа стратегиялық бағдарламасы – банк қызметінің бағыты мен оның мүшелікке кіретін елдердің орнықты дамуына қосқан үлесін айқындайтын маңызды бастама

ҚР Қаржы вице-министрі, Ислам даму банкі (ИДБ) кеңесіндегі Қазақстан Республикасы басқарушысының орынбасары Дәурен Кеңбеил ИДБ басқарушыларының консультациялық кеңесіне қатысты.

Аталған іс-шара 2026-2035 жылдарға арналған жаңа стратегиялық циклды айқындау бойынша ИДБ басқарушыларының пікір алысуы мен ашық диалогты жүргізуді көздейді. Ұйымның қазіргі стратегиясы 2025 жылы аяқталады.

Консультациялық кеңестің қорытындылары биыл 19-22 мамыр аралығында Алжирде (Алжир Халық Демократиялық Республикасы) өтетін ИДБ басқарушыларының дәстүрлі жиналысында қаралатын болады.

Осы сапарда Дәурен Маратұлы ИДБ президенті Мұхаммед Әл-Джассермен кездесіп, еліміз бен аталған банк арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ИДБ басқарушы директоры Анас Айсамимен кездесу барысында еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар бірлескен жобаны іске асыру мәселелері пысықталды.

Бұл орайда ҚР Қаржы министрінің орынбасары ИДБ Қазақстан үшін стратегиялық серіктес болып саналатынын әрі қазір әлеуметтік инфрақұрылым бағытында басымдыққа ие жобаларды іске асыру бойынша тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді.

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша ақпарат
09 января 2025
"Мобильді аудармалар", "Жалпыға бірдей декларациялау"тақырыбындағы баспасөз конференциясы МКК алыңында.

«Мобильді аударымдар» , «Жалпыға бірдей декларациялау» туралы тақырып.

Спикерлер:

Кусаинова Дина Кабдылманаповна, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы;

Ерсайын Көптілеуұлы, Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы.

⏰Уақыты: 2025 жылғы 09 қантар сағ.12:00-де
Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс д., 11, 4-қабат, 404а-кабинет, конференц-залы.

БАҚ өкілдерінің аккредитациясы үшін 2025 жылғы 09 қаңтар сағат 10.00-ға дейін 8717-2-71-72-71-87-83 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 
🔰Мобильді аударымдар


🔷Мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.

Өлшемшарты 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады (ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес). Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Көптілеуұлы Ерсайын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

🔷2025 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер –дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша 2024 жылдың қорытындысымен ақпарат ұсынады.

Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды.

🔷Бұдан басқа, қолданыстағы өлшемшарттан дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ, өлшемшартты «1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан асатын ақша қаражатын алуы» деп өзгерту ұсынылды (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 мың теңге).

*****
🔰Жалпыға бірдей декларациялау

🔷Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Бүгінгі таңда, үш кезең шеңберінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4 млн.-нан астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары кірді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

 
 
 
 
 
       Ссылки: https://www.instagram.com/p/DEmQp1YOYrF/
🔷Халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz), «e-Salyq Azamat» (салық әмияны), «eGov mobile», «Halyk», «Банк Центр кредит» және «Kaspi» мобильді қосымшалары арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер іске асырылды.

2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды.

🔷Бұл шамамен 8 млн. адам, оның ішінде жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар.

Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ел аумағынан тыс жерлерде активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылады.

🔷Бұған мемлекеттік органдардың деректерқорын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржы шоттары бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлық қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етеді.

Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына қатысты.

🔷Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі.

Бірақ болашақта 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын (74 млн. теңге) мүлік сатып алынатын болса, шығыстарды жабу көздері туралы ақпарат ашылуға тиіс.

🔷Сонымен қатар, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілді.

Жыл сайынға кірістер мен мүліктер туралы (270.00 нысан) декларациясы мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары мен құрылтайшыларына және олардың жұбайларына сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде активтері және дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғаларға сақталады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы
25 декабря 2024
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы

     

Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы болып табылады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға орынбасары Сеилжан Ахметов   ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім  қарастырылған.

Олардың ішіндегі ең сұранысы көп - соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

 Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады.

Осы мақсатта «Қолдау» жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды.

Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Өтініш беруші өтініштің статусы мен уәкілетті органның шешімін осы жүйеде көре алатындығына назар аударғым келеді. Сондай-ақ бас тарту себебін және ол бойынша тиісті органдар ұсынған ақпаратты көреді. Бұл болашақта оның деректерді түзету үшін, сол немесе басқа органға хабарласу үшін өте ыңғайлы.

Сонымен қатар, Qoldau жүйесінде кез келген адам нақты уақыт режимінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы статистикалық деректерді көре алады.

Екінші рәсім: сот банкроттығы, азаматтар 1600 АЕК – тен астам және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады.

Алайда, Сіздердің назарыңызды аударғым келеді, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залал, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығаруға жатпайтынына.

Үшінші рәсім, бұл сотта қарыздарды бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігін көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы - одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

 Заңда көзделген рәсімдерді қолданылған күннен бастап:

  - қарыздар бойынша өсімпұлдарды және сыйақыларды есептеу тоқтатылады;

  - кредиторларға борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынады;

  - кредиторларға борышкердің банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға тыйым салынады және басқа да салдарлар.

  2023 жылдың 3 наурызынан бастап статистика:

 Соттан тыс банкроттық рәсіміне;

 - 131,3 мың өтініш түсті;

 - 6,6 мың өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралуда;

 - 8,4 мың азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде;

 - 1,9 мың азаматқа қатысты рәсім тоқтатылды;

 - 215 өтініш берушімен қайтарылып алынды;

 - 17,9 мың азамат банкрот деп танылды, сомасы 40,9  млрд.теңге;

 – 96 мың өтініш бойынша бас тартылды.

  Банкроттық рәсімінің бас тарту себептері критерийлеріне сәйкес келмеу болып табылады, атап айтқанда:

 - 69  мың өтініш (немесе 77%) 12 айлық төлем қабілетсіздігі  болмауына байланысты (бөліп төлеу төлемдер болды);

 - 42  мың өтініш (немесе 47%) – соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімінде кредиторлардың болмауы;

  - 39 мың өтініш (немесе 44%) мүліктің болуы;

  - 28 мың өтініш (немесе 32%) кредитормен реттеу рәсімін  растайтын құжаттың болмауы;

   - 8,9 мың өтініш (немесе 10 %) 1 600 АЕК көлеміндегі қарыз шегінен асып кетті.

   Көріп отырғанымыздай, азаматтар негізгі критерийлерді біле тұра, әлі де өтініш беріп, нәтижесінде бас тартулар алып жатады.

   Соттың банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінген.

   - 131 борышкерге қатысты банкрот рәсімі жүргізілуде (кредиторлар тізіміне енгізілген қарыз сомасы – 8 млрд.теңге)

      - Сот банкроттығы барысында 45 адам банкрот деп танылып, олар бойынша 13,6 млрд.теңгеге жуық қарыз кешірілді.

 - азамат 10 млн.теңге сомасымен төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде, 2 азамат бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары әзірлену үстінде.

       Жалпы екі банкроттық рәсім бойынша 17,8 мың адам банкрот деп танылып, олар бойынша 54,5 млрд.тенге жуық қарыз кешірілді.

     Айта кету керек, Заңда ұсынылған рәсімдер өзекті, бірақ кейбір кедергілерге байланысты жеке борышкерлер оларды қолдана алмады.

      19 маусым күні Президент «Кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, оның аясында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілуде. Түзетулер келесіні қарастырған:

  1. Енді өтініш берген кезде азаматқа кредитормен борышты реттеу туралы құжатты қосымша ұсынудың қажеті жоқ. Барлық қаржы ұйымдары жүргізілген реттеу туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға жіберуге міндетті.
  2. Азамат өтінішті толтыру кезінде кредиторлар алдындағы борыштың нақты сомасын, сондай-ақ кредитордың атауын көрсетудің қажеті жоқ деген норма мақұлданды, бұл мәліметтер кредиттік бюролар базасынан алынады.
  3. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға болатын қаржы ұйымдарының тізімі кеңейтілді. Жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарымен қатар барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияларынан айырылған, не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, тарату сатысындағы ұйымдар, сондай-ақ қарыз банктік шарттары бойынша талап ету құқықтары тиесілі, қарыз шарттарына және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттарға өзге де ұйымдар да кіретін норманы қабылдады.
  4. Енді, өтеу ретінде айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем болып есептеледі (ұсақ түсімдер есепке алынбайды), сондай-ақ өтеудің болмау мерзімі, егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, коллекторлық агенттікке талапты бергенге дейін соңғы төлем жасалған күннен бастап есептелінетін болады.
  5. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін негіздерден 12 ай ішінде кредиторлар алдында өтеудің болмау фактісі алынып тасталды, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден тыс жерге кетуіне тыйым алынып тасталды.

Аталған өзгерістерден басқа, түзетулер:

қаржы басқарушыларының да қызметіне қатысты. Атап айтқанда, енді уәкілетті орган оны тағайындап қана қоймай, қызметте бұзушылықтар анықталған жағдайда шеттете алатын болады.

- қаржы басқарушысының өз сыйақысын алудағы құқықтарын қорғайтын түзетулер көзделген (банкроттың тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелерінің тізбесі жаңа тармақпен толықтырылды: рәсімді жүргізген қаржы басқарушысының сыйақысы оның толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төленбеген жағдай қосылды);

- соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануүшін жұбайының келісімінің қажеттілігі орнатылды;

 - соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы кредиторды ескерту қажеттілігі алынып тасталды.

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударыңыз:

      Сот және соттан тыс банкроттықты қолданатындар:

  • банктерден және микроқаржы ұйымдарынан бес жыл бойы несие ала алмайды (ломбардтардан шағын несие алудан басқа);
  • жеті жылдан кейін ғана банкроттық туралы қайта өтініш беру;
  • олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жылдан кейін тексеріледі.

Банкроттықтың салдары бар екенін әркім түсінуі керек!

Төлем қабілеттілігі қалпына келтірілгенде мұндай салдарлар болмайды.

24 декабря 2024
«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңы

Бұл заң азаматтардың қарыз жүктемесін шешуге бағытталған. Заңда соттан тыс банкроттық рәсімдерді (мемлекеттік кірістер органдары қолданады), сот банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімдерін (сот қолданады) қолдану жолдары қарастырылған. Аталған заң арқылы шамамен 16 мыңға жуық азамат банкрот деп танылып, 50 млрд теңге көлеміндегі берешек есептен шығарылды. Олардың басым бөлігі қаржы ұйымдарынан алынған займдар.

Бұл орайда МКК банкрот рәсімдерін қолдану мен төлем қабілетін қалпына келтіруге құқығы бар адамдар тобын кеңейту бойынша жұмысты жүргізгенін айта кетейік.

Осы заңға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беруді жеңілдету бойынша өзгерістер енгізілді (борышкер өтінішпен бірге қандай да бір құжаттарды қоса беру мен кредиторлардың атауы мен борыш сомасын ұсыну міндетінен босатылады), сондай-ақ оларға қатысты аталған процедураны қолдануға болатын кредиторлар тізбесін кеңейту; төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану негіздерін қайта қарау (процедураны міндеттемелер бойынша мерзімі өткен және мүлік болмаған кезде де қолдануға болады, бірақ та тұрақты табысы болуға тиіс).

Заңға енгізілген бұл өзгерістер қаржылық қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

18 декабря 2024
Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансындағы активтер

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ТОО ретінде таңдау Қайтарылған активтерді басқару компаниясының қызмет ерекшеліктерімен байланысты. Бұл нысан басқару және активтерді жүзеге асыру процестерінде барынша икемділік пен тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл қайтарылатын активтердің әр түрлі болуымен байланысты, оған зергерлік бұйымдардан бастап жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға дейінгі объектілер кіреді. Әрбір активті тиімді басқару және жүзеге асыру үшін жеке тәсіл қажет.

17 декабря 2024
Қайтарылған активтерді сату тәсілдері

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС активтерді өткізу үшін бекітілген ережелерді қатаң сақтай отырып, заманауи және ашық әдістерді қолданады.

Активтер E-Qazyna веб-порталында аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттық арқылы сатылады. Бұл аукционға қатысқысы келетін кез келген адамға ашық қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әділ бәсекелестік жағдайларын жасайды.

17 декабря 2024
«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ  

«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) автожол саласындағы сатып алынатын жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасының негізгі мақсаты автожол саласындағы сатып алуларға сатып алудың жаңа тәсілдерін және тендерлік баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды енгізу болып табылады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 9 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы
27 желтоқсанға дейін.

 

 

16 декабря 2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті отандастар!

Баршаңызды 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекелерінің бірі. Бұл күн ерекше мән-мағынаға ие. Халқымыз үшін елдік пен егемендіктен асқан байлық жоқ.

Азаттықтың арқасында Қазақстанда татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім орнады. Тәуелсіздік жылдары жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, мемлекеттігіміз нығая түсті. Шекарамыз бекітіліп, қаржы-экономикалық көрсеткіштеріміз қарқынды дамыды.  

16 желтоқсан – ұлтымызды ұйыстыратын, жұртымызды жұмылдыратын, абыройымызды асқақтататын мәртебесі биік мейрам.

Осынау мерекеде сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт, қызметте толайым табыс тілеймін!

Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, туымыз тұғырлы болсын!

 Құрметпен, Мәди Такиев

 

07 декабря 2024
ҚР Қаржы министрлігі: «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған

2025 жылдың қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы күшіне енетін болады. Осы жылдың ішінде Қаржы министрлігі іскер топтардың, корпорациялардың, мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізіп, жаңа заңдағы негізгі өзгерістер мен артықшылықтарды кеңінен түсіндірді.

Бұл жолы Петропавлда өткен кездесуде Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының іскер азаматтарына және мемлекеттік органдардың өкілдеріне мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері, сондай-ақ олардың рәсімдерінің қысқартылғаны жөнінде ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Ерлан Сеитов пен СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев айтып берді.

Солтүстік Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласы дамыған өңірлердің бірі. Айталық, мұнда ЖӨӨ құрылымында оның үлесі – 27,9%. Өңдеу өнеркәсібі бойынша СҚО-да тамақ өнімдерін өндіру (58,9%), машина жасау (23,9%) және металсыз минералды өнімдерді дайындау (4,3%) жолға қойылған.

Ал Қостанай облысында тау-кен өндіру, металлургия, машина жасау мен тамақ өнеркәсібі кеңінен дамыған. Мәселен, бұл өңірге республикада шығарылатын темір кені өнімінің 90% астамы, темір кені шекемтастары мен асбесттің 100% тиесілі. Жергілікті өнімдер әлемнің түрлі елдеріне экспортқа шығарылып келеді.  

Әлбетте ірі кәсіпорындар қашанда мемлекеттік сатып алу мерзімдерінің қысқарғанына мүдделі. Жаңа заңда кейбір жағдайларда конкурстарды өткізу мерзімін екі айдан бес күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормалар қарастырылған. Бұдан басқа тиісті өзгерістер тауарларды бір көзден 100 АЕК-ке дейін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 500 АЕК-ке дейін сатып алуға жол ашады. Сонымен қатар ауылды жерлердегі әкімдіктерге бір көзден 4000 АЕК дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Қазірдің өзінде рейтингті-балдық жүйені пайдалану арқылы конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілген. Бұл әдіс конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтау процесіне қатысуға жол бермейді. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықтың сын-қатері азаяды. Жеңімпазды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде портал автоматты түрде анықтайтынын ескерсек, оның сатып алу қорытындыларына азаматтар шағымдана алмайды. Бұл сатып алу уақытын едәуір қысқартып, заңсыз рұқсат беруді, сондай-ақ нәтижелерді қайта қарауды болдырмайды.

Сатыпалым қатысушыларының біліктілігін арттыру үшін беделді өндірушілер арасында ғана сатып алу процесін жүзеге асыру ұсынылып отыр. Қызмет ұсынушы туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалану арқылы қалыптастырылатын болады. Бұл сатып алудың барлық түрі бойынша баға мен сапа өлшемдерін біріктіре отырып, өндірушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының құрылыс нарығын монополиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жаңа заңда экономика салаларындағы монополияны азайту жөніндегі шаралар қамтылған. Атап айтқанда, шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі түріндегі баға критерийлерін қолдану жалғасып келеді. Бұл мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиясын болдырмауда септігі мол», деп қорытындылады Е.Сеитов.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін күшейтуге және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге арналған.

Бизнес өкілдерімен болған кездесуден кейін Қаржы министрлігінің өкілі өңірдегі екі ірі кәсіпорынға аялдады: «Радуга» ЖШС (қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша көшбасшы кәсіпорындардың бірі) мен «Зеленый Север» ЖШС (СҚО-да төртінші буындағы жалғыз өндірістік жылыжай).

Raduga KDR – Қазақстаннан бөлек, басқа елдерде де танымал ірі сауда-өндірістік компания. Оның өндірістік пакетінде әртүрлі профильдегі тауарлардың 600-ден астам ассортименті бар: тамақ өнімдерінен бастап тұрмыстық тауарларға дейін. «Радуга» ЖШС-де қайталама полимерлер мен макулатураларды қайта өңдеу бойынша толық цикл жолға қойылған.

Қағаз бен картон макулатурасы – халықтан, өндіріс орындарынан және сауда үйлерінен, кәсіпорындар мен оқу орындарынан жиналып, сатып алынатын қалдықтар. Сондай-ақ фабрикада кеңсе қағазы шығарылып, өндіріс пен қайта өңдеу қуатын кеңейтіп, ұлғайту жоспарланып отыр.

«Зеленый Север» ЖШС өңірде төртінші буындағы жалғыз жылыжай саналады. Жылыжай кешенінің ауданы – 3,7 гектар. Кәсіпорын облысты 2,7 мың тонна көкөніспен қамтуға қауқарлы. Бұл өңірдегі сұраныстың 30% тең.

Қазір мұнда күніне 4,5 тонна қияр дайындалады, екінші өндіріс ашылғаннан кейін оның көлемін күніне 12 тоннаға дейін арттыру көзделген.

Жылыжайда өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін қажетті микроклимат жасалды, ол автоматты режімде сақталады. Бұл климатты басқару жүйесі, тамшылатып суару, қосымша жарықтандыру және көптізбекті жылыту қамтиды.

Өнімдер жергілікті сауда орындарында нарық бағасынан әлдеқайда арзан сатылады.

27 ноября 2024
Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында займ туралы келісім 2024 жылдың 11 қазанында жасалған еді.

Халықаралық қайта құру және даму банкі 5 жылды қамтитын жеңілдетілген кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 11 жыл болатын жеңілдетілген шартпен шамамен 84,9 млрд жапон йенасын займ ретінде ұсынып отыр.

Тартылатын займ бойынша қызмет көрсету мен оны өтеу займ туралы келісімде белгіленген қаржылық шартқа сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұл қаражат көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беруді және басқа да басымдықтағы бағыттарды қаржыландыруды қоса алғанда, осы жылдың соңына дейін қаржыландыру жоспарында көзделген бірінші кезектегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Социальные сети
Facebook
Twitter
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы