| 2026 жылға салық есептілігінің күнтізбесі | ||||||
| № п/п | СЕН коды | СЕН атауы | Табыс ету мерзімі | Төлем мерзімі | ||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 1 | 100.00 | Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация | есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді (СК 359-б. 1-т.) | декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он күнтізбелік күнінен кешіктірмей (СК 347-б. 2-т. екінші бөлім) | ||
| 2 | 101.02 | Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі | есепті салық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірілмей (СК 350-б. 3-т.) | әрбір айдың 25-інен кешiктiрмей (СК 350-б. 5-т.) | ||
| 3 | 101.03 | Резидент табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративті табыс салығы бойынша есебі | төлем өткеннен кейінгі тоқсанның екінші айының 15 күнінен кешіктірмей (СК 356-б.) | төлем жүзеге асырылғаннан кейін ай аяқталғаннан кейін 25 күнтізбелік күндерден кешіктірмей (СК 355-б. 1-т.) | ||
| 4 | 101.04 | Бейрезиденттiң кірісінен төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есебі | 1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін - бейрезидентке кірісті төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-күнінен кешiктiрмей; (СК 685-б. 1-тармақш.) 2) төртінші тоқсан үшін - бейрезидентке кірісті төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісі шегерімге жатқызылған, Салық кодексінің 314-бабында белгіленген есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынуға мiндеттi. (СК 685-б. 2-тармақш.) |
1) Салық кодексінің 684-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша - кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша; (СК 684-б. 1-т. 1-тармақ.) 2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша - корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда, Салық Кодекстің 358-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық кезеңнің соңғы күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша аударуына жатады. (СК 684-б. 1-т. 2-тармақ.) Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады; 3) алдын ала төлем (аванс) төленген жағдайда - төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей, кірісті есепке жазу күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша. (СК 684-б. 1-т 3-тармақш.) 4) резидент тауарларды берген, қызметтерді көрсеткен және жұмыстарды орындаған жағдайда - бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей, кірісті есепке жазу күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша жүзеге асырылған тауарларды беру, көрсетілген қызмет және орындалған жұмыс бойынша міндеттемелер сомасы шегінде аударуына жатады. (СК 684-б. 1-т 4-тармақш.) |
||
| 5 | 110.00 | Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация | есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді (СК 359-б. 1-т.) | декларация тапсыру үшін бекітілген мерзімнен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей (СК 347-б. 3-т.) | ||
| 6 | 150.00 | Корпорациялық табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларация | есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді (СК 359-б. 1-т., СК 811-б.) | декларация тапсыру үшін бекітілген мерзімнен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей (СК 347-б. 3-т., СК 810-б.) | ||
| 7 | 200.00 | Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша декларация | ЖТС - есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей (СК 445-б. 1-т.) ӘС - есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей (СК 562-б. 1-т.) | ЖТС -төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей өзінің тұрған жері бойынша жүзеге асырады (СК 440-б. 3-т.) ӘС - төлем жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-іне дейін (СК 560-б. 1-т.) | ||
| 8 | 220.00 | Жеке табыс салығы бойынша декларация | есепті салықтық жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (СК 420-б. 2-т.) | декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 күнтізбелік күнінен кешіктірмей (СК 421-б. 1-т.) | ||
| 9 | 250.00 | Активері мен міндеттемелері туралы декларация | декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде (СК 424-б. 1-бөлігі) | 250.00 нысаны бойынша салық төленбейді - бұл активтер мен міндеттемелер туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғада бар барлық активтермен міндеттемелерді көрсететін "кіру" декларациясы | ||
| 10 | 270.00 | Жеке тұлғанын кірістері мен мүлкі туралы декларация | есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей (СК 418-б. 1-т.); дербес салық салуға жататын ҚР көздерінен табыс алатын резидент емес жеке тұлға - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде (СК 697-б. 1-т.); резидент емес-еңбек иммигранттары - есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей (СК 697-б. 2-т.). | жеке тұлғалар үшін -ЖТС төлем мерзімі кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей, яғни декларацияны табыс еткен жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей (СК 419-б. 1-т.); жеке практикамен айналысатын адамдар үшін - ЖТС төлем мерзімі ай сайын табысы бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей (СК 394-б. 6-т.); резидент емес жеке тұлғалар мен резидент емес еңбек иммигранттары үшін ЖТС төлем мерзімі кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей (СК 695-б. 3-т. және 696-б. 4-т.) | ||
| 11 | 300.00 | Қосылған құн салығы бойынша декларация | есепті салық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей (СК 505-б. 1-т.) | 1) есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей (СК 506-б. 1-т.) ; 2) кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде -импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы (СК 506-б. 2-т.); ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту тəртібі мен мерзімдерін уəкілетті орган айқындайды (СК 134-б. 3-т.) | ||
| 12 | 328.00 | Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш | салық кезеңінен кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей (СК 530-б. 2-т.) | салық кезеңінен кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей (СК 530-б. 5-т.) | ||
| 13 | 400.00 | Акциз бойынша декларация | есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей (СК 551-б. 2-т.) | 1)есепті салықтық кезеңнен кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей; 2) алыс-беріс шикiзаты мен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнім тапсырыс берушiге берiлген күнi төленедi; 3) Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берiлген күнi төленедi; 4) Толысылған шарап, сыраны және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімдеріне акциз тауарларының өндірушілері: - есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн; - Салық кодекстің 175-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын мақсатқа сәйкес қолдану міндеттемесі ұсынылған жағдайда, акцизделетін тауарларды өткізу (жөнелту) күні, тандай отырып төленеді.(СК 549-б.) |
||
| 14 | 500.00 | Роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларация | есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей (СК 755-б. 1-т.) | салық кезеңiнен кейiнгi айдың 25 күнінен кешiктiрiлмей (СК 755-б. 1-т.) | ||
| 15 | 510.00 | Қол қойылатын бонусы бойынша декларация | салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейiн (СК 765-б.) | 1) конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей; 2) лицензия берілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап немесе жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу күнінен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей; 4) жерасты суларын өндіруге рұқсат алынған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей; (СК 764-б.) | ||
| 16.1 | 531.00, 531.01 | Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларация (есебі) | Декларация: салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей (жер қойнауын пайдаланушы) (СК 818-б. 5-т.) | салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей (СК 819-б. 5-т.) | ||
| 16.2 | 531.00, 531.02, 531.03 | Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларация (есебі) | Есебі: салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей (мемлекет атынан алушы) (СК 818-б. 6-т.) | салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей (СК 818-б. 7-т.) | ||
| 16.3 | 531.00, 531.02, 531.03 | Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларация (есебі) | Декларация: есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (мемлекет атынан алушы) (СК 818-б. 6-т.) | салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады. (СК 818-б. 8-т.) | ||
| 17 | 590.00 | Пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларға арналған роялти бойынша декларация | салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей (СК 752,770,789,797-б.) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бойынша - жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса (СК 770-б. 1-т.) | салық кезеңінен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей (СК 751,769,788,796-б.) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бойынша - тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылынан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей, егер келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері құпиялылық туралы келісім жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан аз соманы құраса (СК 769-б. 1-т. 1-т.) | ||
| 18 | 600.00 | Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық бойынша декларация | есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (СК 817-б.) | декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей (СК 816-б.) | ||
| 19 | 641.00 | Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі | есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей (СК 755-б. 1-т.) | есепті айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей (СК 754-б. 3-т.) | ||
| 20 | 700.00 | Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация |
есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (көлік құралы салығы - СК 569-б. 1-т., жер салығы - СК 587-б. 1-т., мүлік салығы - СК 596-б. 3-т.) |
декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 күнтізбелік күнінен кешіктірмей (көлік құралы салығы - СК 567-б. 1-т., жер салығы - СК 584-б. 3-т., мүлік салығы - СК 593-б. 8-т.) | ||
| 28 | 701.01 | Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есебі | салық кезеңінің басындағы жағдай бойынша анықталған салық міндеттемелері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей (СК 596-б. 1-т.). Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде: ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, осындай төлемдердің қосымша есеп-қисабын - салықтық кезең ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде ұсынады (СК 596-б. 2-т.). |
салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлеспен (593-б. 6-т.) | ||
| 22 | 710.00 | Ойын бизнесі салығы бойынша декларация | есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей (СК 610-б.) | есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей (СК 611-б.) | ||
| 23 | 851.00 | Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ағымдағы төлемдердің сомалар есебі | 1) есепті салық кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей; (СК 624-б. 2-т.) 2) 20 ақпаннан кейін жалға беру келісімі болса- келісімге отырған айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей; (СК 624-б. 3-т.) 3) келісімнің мерзімі аяқталған (бұзу) күннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей (СК 624-б., 4-т.) | 1) 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз, 25 қарашадан кешіктірмей; (СК 622-б. 4-т.) 2) жер пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей; (СК 622-б. 5-т.) 3) келісімнің мерзімі аяқталған (бұзу) айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей (СК 622-б. 6-т.) | ||
| 24 | 860.00 | Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация | 1) есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей; (СК 635-б. 2-т.) 2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы бойынша салықтық есептілікті бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей (СК 635-б. 3-т., 733-б. 2-т.) | 1) есепті айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей; (СК 631-б. 3-т.) 2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақыны салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген төлемақы сомаларды төлеу - ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде және салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген төлемақы сомаларды төлеу - есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi (СК 631-б. 5-т., 732-б. 1-т.) | ||
| 25 | 870.00 | Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация | 1) есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдын 15 күнінен кешіктірмей; (СК 642-б. 2-т.) 2) есепті жылдың 20 наурызынан кешіктірмей- жылдық сомалар көлемі 100 айлық есептік көрсеткіші төлем көлемі; (СК 642-б. 3-т.) 3) 20 наурыздан кейін рұқсат құжатын алғанда- рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдын 20 күнінен кешіктірмей (СК 642-б. 3-т.) | 1) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей; (СК 640-б. 10-т.) 2) есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей - нормативті сатып алған жағдайда; (СК 640-б. 8-т.) 3) рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей (СК 640-б. 8-т.) | ||
| 26 | 880.00 | Цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация | есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдын 15 күнінен кешіктірмей (СК 660-б. 2-т.) | тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей (СК 661-б. 2-т.) | ||
| 27 | 910.00 | Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация | есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей (СК 727-б. 1-т.) | есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей (СК 727-б. 2-т.) |
||
| 28 | 920.00 | Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация | есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей (СК 733-б. 2-т.) | 1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомалар – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде; (СК 732-б. 1-т. 1-тармақш.) 2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсаны аралығында есептелген сомалар – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде (СК 732-б. 1-т- 2-тармақш.) | ||