Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 568 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2025 жылғы 3 қазандағы № 37047 болып тіркелді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
|
|
М. Такиев
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі