Қарыз алу сомасы, мемлекеттік борыш және пайыздық төлемдер бойынша нақты деректер
Үкіметтік қарыз алу 2025 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.
2025 жылдың 1 тоқсанында МБҚ-ны шығару арқылы ішкі қарыздардың түсімі 1 414,9 млрд. теңгені құрады.
Сыртқы қарыздардың түсімдері 68,3 млрд. теңгені құрады.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 31 878,5 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге 21,1% құрады (ЖІӨ кезінде 150 756,4 млрд. тг.) оның ішінде:
1) мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 95,9% құрайтын үкіметтік борыш 30 575,0 млрд. теңгені құрады,
Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:
- ішкі борыш – 22 569,8 млрд. теңге (74%),
- сыртқы борыш – 8 005,2 млрд. теңге (26%);
2) жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 1 303,5 млрд. теңгені немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 4,1%-н құрады.
Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:
өтеу мерзімі бойынша:
пайыздық мөлшерлемесі бойынша:
Есепті кезеңде үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 978,5 млрд. теңгені құрады.