Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Шымкент және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 263 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2024 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі:
Батыс Қазақстан облысы – 8 198 010 000 (сегіз миллиард жүз тоқсан сегіз миллион он мың) теңгеден артық емес;
Маңғыстау облысы – 10 944 013 000 (он миллиард тоғыз жүз қырық төрт миллион он үш мың) теңгеден артық емес;
Солтүстік Қазақстан облысы – 3 891 329 000 (үш миллиард сегіз жүз тоқсан бір миллион үш жүз жиырма тоғыз мың) теңгеден артық емес;
Түркістан облысы – 29 515 338 000 (жиырма тоғыз миллиард бес жүз он бес миллион үш жүз отыз сегіз мың) теңгеден артық емес;
Шымкент қаласы - 9 635 804 000 (тоғыз миллиард алты жүз отыз бес миллион сегіз жүз төрт мың) теңгеден артық емес;
Астана қаласы – 24 719 780 000 (жиырма төрт миллиард жеті жүз он тоғыз миллион жеті жүз сексен мың) теңгеден артық емес.
3) нысаналы мақсаты – жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу.
Министр М. Такиев