Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

Аталған Заңға 2022 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылды, 2023 жылдың 3 наурызында күшіне енді.

Заң жеке тұлғаның соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы арқылы берешегін реттеу тетіктерін көздейді.

Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

 Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

 Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
  2. өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
  3. мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
  4. банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
  5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.

Сонымен қатар, Заң жобасымен:

  • 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін;
  • 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.

Сот банкроттығы мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.

Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды.

Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:

  • Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң консультанттары;
  • Аудиторлар.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.

Сауықтыру жоспары қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:

  • 5 жылға несиелер мен кредиттер алу шектеуі;
  • 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы;
  • 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.

Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектерді есептен шығарылмайды.

 

Жоғарғы соттың мәліметінше, сот банкроттық рәсімін қолдануға 600-ге жуық адам өтініш білдірген. 10 шешім шығарылды, оның 9-ы сот банкроттығын қолдану туралы.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін), тұрақты табыс болған кезде көздейді. Қалпына келтіру жоспарын борышкер қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірлейді және сотта бекітіледі.

Сот органдары төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы 7 іс қозғады.

Документы
Бұйрық
06 февраля 2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Бұйрық
23 июля 2024
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«Кредитор талаптары тізілімінің нысанын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы
Бұйрық
22 июля 2024
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бұйрық жобасы «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"
Новости
Полезные материалы
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы ақпараттық бейнеролик
«Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбындағы сұхбат
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы