ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Карантиндік шектеулер кезінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасына шақыруы бойынша қолданылатын алгоритм

     Карантиндік режим кезінде Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Ведомствоаралық комиссия бекіткен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезінде кесіп өту Тәртібі» (бұдан әрі-Тәртіп) қолданылады.

    Осы Тәртіптің 29-тармағына сәйкес, «әрбір жеке жағдай үшін ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың шетелдік қызметкерлеріне (мамандарына) ҚР-ға кіруге рұқсат етіледі».

      Жоғарыда көрсетілген Тәртіп ережесін іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалардың (әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың және т.б. – бұдан әрі «шақырушы ұйым») шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасына шақыру рәсімі мынадай іс-қимыл алгоритмі бойынша жүзеге асырылады:

1) шақырушы ұйым (шетелдік әріптестермен бірлесіп) жобаны іске асыру үшін тартылатын мамандардың саны мен тізімін және келу күнін, сондай-ақ ҚР шет елдердегі мекемелеріне виза алу үшін өтініш берген орнын айқындайды.

2) шақырушы ұйым заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктерге) немесе ҚР бейінді министрлігіне (ведомствоға) шетелдік мамандарды ҚР аумағына тарту бойынша коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарауына шығару туралы өтініш хатпен жүгінеді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жұмыссыз азаматтардың санын, еңбек ресурстары есебінен жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігін, оның ішінде шетелдік қызметкерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, босатылатын қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру жолымен ескеру қажет.

        Хатта Жобаның сипаттамасы мен әлеуметтік маңыздылығын, шақырушы тарапты, жобаны іске асыру үшін қажетті шетелдік мамандардың саны мен тізімін, сондай-ақ келудің болжамды күнін көрсету қажет.

3) өтінішті қарау қорытындысы бойынша әкімдік немесе ҚР бейінді министрлігі (ведомство) ВАК отырысына ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдайды.

4) өтініш ВАК отырысының хаттамасымен мақұлданған жағдайда тиісті шешім бекітіледі және уәкілетті мемлекеттік органдарға шетелдік мамандардың Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне жәрдем көрсетуге тапсырма беріледі.

       Сыртқы істер министрлігі ВАК хаттамаларын шетелдегі ҚР дипломатиялық және консулдық мекемелеріне жібереді.

      Шақырушы ұйым жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) немесе бейінді министрліктер арқылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне шетелдік мамандардың тізімдерін белгіленген деректері, болжамды күні және Қазақстан Республикасына келу орны көрсетілген тізімдерді жібереді.

5) егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінде өзгеше тәртіп көзделмесе, визалық талаптарды сақтау қажеттігін ескерген жөн. ҚР визаларын ресімдеу үшін (егер ҚР визасы талап етілсе) шақырушы ұйым шетелдік әріптесінен шақырылатын адамдар туралы ақпаратты (паспорттың бірінші бетінің сканерленген көшірмелері және т.б.) сұратады және ВАК хаттамасының шешіміне сәйкес шетелдік мамандарға шақыруды (визалық қолдауды) ресімдеу үшін ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне қажетті құжаттарды береді.

Анықтама: ҚР заңнамасына сәйкес, кейбір шетелдік мамандар ҚР Жергілікті атқарушы органдарында жұмыс күшін тартуға рұқсатты ресімдеуі қажет (визалық қолдауды ресімдегенге дейін).

6) шақыруды келіскеннен кейін және визалық қолдау нөмірін алғаннан кейін шақырушы компания оның нөмірін және хаттың көшірмесін шетелдік серіктеске немесе шетелдік мамандарға ҚР шет елдердегі мекемелерінің біріне виза алу үшін жолдайды.

7) қазақстандық визаны алғаннан кейін шетелдік мамандар барлық санитарлық және карантиндік шараларды сақтай отырып (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын ескере отырып) Қазақстан Республикасына келеді.

8) шақырушы тарап мынадай міндеттемелерді өзіне алады:

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық және карантиндік талаптарын сақтау;

- депортация жағдайында, санитариялық және карантиндік нормалар бұзылған кезде шығыстарды төлеу;

- тікелей шетелдік құзыретті органдарға жүгіну арқылы келген елден мамандардың кетуіне ресми рұқсат алу.

Дата публикации
18 января 2021
Дата обновления
18 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
14 апреля 2022
Пайдалануға берілмеген үйлерде тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары