Қазақстан мен Израиль СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Израиль СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2025 жылғы 30 сәуір – Израиль тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.

Сонымен қатар екі ел арасындағы ықпалдастықтың белсендірілуі аясында алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесіне назар аударылды.

Министрлер сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.