Қазақстан СІМ-де «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Астана, 2025 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының Бас хатшысы Сунь Вэйдунмен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар формат шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар сұхбаттастар Хатшылық қызметін одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасып, ағымдағы жылы Қазақстанда жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырды.

Кездесудің соңында тараптар көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрілігі мен «ОА-ҚХР» Хатшылығы арасында тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.