Қазақстан ОА мен ЕО елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің 6-шы отырысына қатысты

Қазақстан ОА мен ЕО елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің 6-шы отырысына қатысты

Душанбе, 2025 жылғы 5 ақпан – Ауғанстан бойынша Орталық Азия – Еуропалық одақ форматының кезекті отырысы өтті.

Кездесуге қатысушылар Ауғанстандағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты. Елде экономикалық өсім байқалғанымен, ауған халқының жағдайы ауыр күйінде қалып отырғаны – халықтың төрттен бір бөлігі аштыққа ұшырап жатқаны аталып өтті. Қатысушы елдер Ауғанстанмен одан әрі сауда ынтымақтастығын дамыту қажеттігі туралы келісті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтің еліміздің Кабулмен сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту бойынша атқарып жатқан елеулі күш-жігері туралы ақпараты ерекше қызығушылықпен қабылданды.