Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесуі туралы

Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Мысыр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрі Бадр Әбделатымен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.