Астана, 2024 жылғы 5 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевті қабылдады.
Кездесу барысында Қор басшысы Ұйымның операциялық қызметінің сәтті іске қосылғанын атап өтіп, 2024 жылғы жұмыс қорытындысын ұсынды. Жобалар портфелін кеңейтуді, инфрақұрылымдық және экономикалық байланыстарды дамытуды, сондай-ақ түркі елдеріндегі шағын және орта бизнесті қолдауды қамтитын 2025 жылға арналған жоспарларға ерекше назар аударылды.
Министр М.Нұртілеу Қор қызметінің Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі орнықты даму мен экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесудің негізгі құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.