Астана, 2024 жылғы 17 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетуге жан-жақты жәрдемдесуге өзара дайын екендігі білдірілді.
Министрлер сондай-ақ 2025 жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырды.