Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысын өткізу туралы

Алматы, 2024 жылғы 28 қазан - 1 қараша – Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысы өтті.

Тараптар мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, демаркациялаудың қорытынды құжаттарының тиісті жобаларын, сондай-ақ 2025 жылға арналған Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы жұмысының және камералдық жұмыстардың жоспар-кестелерін бекітті.

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.