ҚР СІМ-де Индонезиямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР СІМ-де Индонезиямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астана, 2023 жылғы 11 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Индонезияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, дипломаттар алдағы бірлескен іс-шараларды, соның ішінде келесі жылы екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізу мәселелерін талқылады.

 Биыл Қазақстан мен Индонезия дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30-жыл толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Астана мен Джакарта екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоғары деңгейде сенімді әріптестікті орнатты.