Қазақстан СІМ басшысының Үндістан елшісімен кездесуі туралы

Қазақстан СІМ басшысының Үндістан елшісімен кездесуі туралы

Астана, 2023 жылғы 4 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үндістан Республикасының Елшісі Шубдаршини Трипатиді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық әріптестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млрд АҚШ долларына жеткен екі ел арасындағы тауар айналымының оң динамикасы қанағатпен атап өтілді.

Тараптар екі ел арасындағы тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға өзара мүдделі екенін білдірді.

Сонымен қатар, тараптар қазақстандық делегацияның ү.ж. 4-5 мамырында Панаджи қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына қатысу мәселелерін талқылады.