БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы өкілдерімен кездесуі туралы

БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы өкілдерімен кездесуі туралы

Доха, 2023 жылғы 1-2 мамыр – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің төрағалығымен Ауғанстан бойынша халықаралық кездесу өтті.

20 мемлекеттің өкілдері, оның ішінде Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев, және бірқатар халықаралық ұйымдар Ауғанстандағы жағдайды және оны одан әрі тұрақтандырудың жолдарын жабық режимде талқылады.

Кездесуге қатысушылар өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлерді төмендетудегі БҰҰ рөлін арттыру бойынша пікір алмасып, бірқатар нақты ұсыныстар мен бастамаларды алға тартты.

Конференция қорытындысы бойынша БҰҰ ауған мәселесі бағытындағы әлемдік қоғамдастықтың одан әрі өзара іс-қимылы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді деп күтілуде.