Астанада Қазақстан және Сингапур сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың кезекті раунды өтті

Астанада Қазақстан және Сингапур сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың кезекті раунды өтті

Астана, 2023 жылғы 11 сәуір – Қазақстан мен Сингапурдың сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың 3-ші раунды өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш, Сингапур делегациясын Сыртқы істер министрлігінің тұрақты хатшысының орынбасары Энг Тек Хин басқарды.

Қ. Тумыш Сингапур тарапын Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 30 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты саяси диалог пен сауда, инвестициялар, білім беру салаларындағы ынтымақтастық және әлеуетті арттыру мәселелерін талқылады. Оларға 2023-2024 жылдары жоспарланған жоғары және аса жоғары деңгейдегі өзара сапарлар, оның ішінде жақын арада жоспарланған Сингапур басшысының Қазақстанға алғашқы сапары серпін береді.

Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл қаралды. Сонымен қатар, сұхбаттастар шиеленістер, құбылмалылық пен турбуленттіліктің әлемнің барлық мемлекеттеріне әсерін ескере отырып, әлемдік аренадағы жағдай туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, әңгіме барысында жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қозғалды.