Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Грузияның Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвили арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары биылғы жылы екіжақты өзара іс-қимылдың қорытындыларын шығарып, қазақ-грузин қатынастарының даму серпініне оң баға берді. Саяси диалогты одан әрі нығайтуға және екіжақты күн тәртібінің барлық аспектілері бойынша практикалық өзара іс-қимылды дамытуға дайындық расталды.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ұлттық экономикалардың дамуына елеулі үлес қосып, өндірістің өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін инвестициялық саладағы кооперацияны жандандырудың маңыздылығы аталып өтті.

Министрлер тығыз жұмыс байланыстарын қолдап, сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.