Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар СІМ Бас хатшысын қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар СІМ Бас хатшысын қабылдады

Астана, 2025 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Ахмед Хасан Әл-Хаммадиді қабылдады.

Кездесу барысында сұхбаттастар елдер арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылы Дохаға жасаған сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады.