Астанада қазақ-белорус саяси консультациялары өтті

Астанада қазақ-белорус саяси консультациялары өтті

Астана, 2025 жылғы 16 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Утюпиннің төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті.

Консультациялар барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы қазақ-белорус ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесі бойынша «сағаттарды теңестірді».

Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-белорус көпжақты ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту үшін сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.