Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды заңдастыру

Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің төлнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.

Құжаттарды заңдастыруды:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері;

Қазақстан Республикасының аумағында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (Астана қ.), ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі жүзеге асырады.

Жеке тұлға үшін:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)

3) заңдастыруға жататын құжат;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат

5) өкілеттікті растайтын құжат (көшірмесі, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып жүгінеді).

Заңды тұлға үшін:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) заңдастыруға жататын құжат;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат;

5) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәліметтер не заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын өзге де құжат (шетелдіктер үшін);

6) өкілеттікті растайтын құжат (көшірмесі, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып жүгінеді).

Заңдастыруға құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қабылданады.

Шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және оларды аудармашы немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйым куәландыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде әрекет жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереженің 10-тарауында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Заңдастыруға жатпайтын құжаттар:

1) уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі жоқ құжаттар;

2) уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі бастапқы құжатында қойылмаған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен аудармалары;

3) электрондық құжаттар;

4) туу туралы куәліктен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары.

3 (үш) жұмыс күні.

30 (отыз) күнтізбелік күн, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда .

Төлемақы әрбір заңдастырылатын құжат үшін бөлек жасалынады.

Төлемақы заңдастырылатын құжат иесінің атынан жүзеге асырылады.

Төлемақы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Консулдық алым үшін төлемақы деректемелері

Сомасы – 2163 тенге

Бенефициар – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

БИК (МФО) – KKMFKZ2A

БИН – 081240013779

ИИК (есеп айырысу шоты) – KZ24070105KSN0000000

Банк бенефициары – ҚР Қаржы министрлігі Қазыналық комитеті ММ

БСК – 108101

КБЕ – 11

ТТК – 911

 

♦ Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастырылуын талап етуді жоятын Гаага конвенциясына мүше мемлекет болып табылады. Гаага конвенциясына сәйкес, бір мемлекеттің құзыретті органдарымен жасалған және Гаага конвенциясына қатысушы басқа да мемлекеттің аумағында қолдануға жататын құжаттарға «апостиль» мөрі қойылады. Гаага конвенциясына мүше мемлекеттердің бірінде құжат апостильмен бекітілген жағдайда, ол басқа конвенцияға мүше мемлекетінде ешқандай шектеусіз қабылданады.

♦ Гаага конвенциясының мүшелері (1961 ж.):

 

Америка Құрама Штаттары (АҚШ)

Мексика

Аустралия

Молдова

Аустрия

Монако

Азербайжан

Моңғолия

Албания

Марокко

Андорра

Намибия

Антигуа және Барбуда

Нидерланды

Аргентина

Никарагуа

Армения

Ниуэ

Багамы

Жаңа Зеландия

Бангладеш

Норвегия

Барбадос

Оман

Бахрейн

Оңтүстік Африка Республика

Белиз

Өзбекстан

Белоруссия

Кука аралдары

Бельгия

Пәкістан

Болгария

Палау

Боливия

Панама

Босния және Герцеговина

Парагвай

Ботсвана

Перу

Бразилия

Польша

Бруней Даруссалам

Португалия

Бурунди

Ресей Федерация

Вануату

Руанда

Венесуэла

Румыния

Гайана

Сальвадор

Гватемала 

Самоа

Германия

Сан-Марино

Гондурас

Сан-Томе және Принсипи

Гренада

Сауд Арабия

Греция

Сингапур

Грузия

Солтүстік Македония

Дания

Сейшел

Доминика

Сенегал

Доминикан Республикасы

Сент-Винсент және Гренадины

Жапония

Сент-Китс және Невис

Израиль

Сент-Люсия

Индия

Сербия

Индонезия

Суринам

Ирландия

Словакия

Исландия

Словения

Испания

Тәжікстан

Италия

Того

Кабо-Верде

Тринидад және Тобаго

Канада

Түркия

Кипр

Тунис

Колумбия

Украина

Корея Республикасы

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия

Коста-Рика

Уругвай

Косово

Фиджи

Қазақстан

Филиппин

Қырғызстан

Финляндия

Қытай (ҚХР)

Франция

Латвия

Хорватия

Лесото

Черногория

Либерия

Чехия

Литва

Чили

Лихтенштейн

Швейцария

Люксембург

Швеция

Маврикий

Эквадор

Мажарстан

Эстония

Малави

Эсватини

Мальта

Ямайка

Маршалл аралдары

 
Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
 
72-00-63
72-05-58
72-06-03
72-09-99

Дүйсенбi, сейсенбi, сәрсенбi, cейсенбі, жұма

9:00-ден 13:00-ге дейін – құжаттарды қабылдау

15:00-ден 17:30-ға дейін – құжаттарды беру

Түскі ас уақыты 13:00-15:00

Дата публикации
12 марта 2020
Дата обновления
26 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

06 марта 2026
Республикалық референдумда дауыс беруге арналған Қазақстан Республикасының шетелдегі референдум учаскелері, 2026 жылғы 15 наурыз
23 февраля 2026
Астана қаласының Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктер жанынан құрылған учаскелік референдум комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері туралы хабарлама
16 февраля 2026
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Әзербайжан Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты