Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Монако Ханзадалығы арасындағы қатынастар

Жалпы ақпарат

2009 жылғы 15 қаңтарда – дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2012 жылы Монаконың Қазақстандағы Құрметті консулдығы ашылды (Қ.Оразбеков басқаруда).

2013 жылғы наурыздан бастап Монаконың Қазақстандағы қоса атқаратын Елшісі Э.Жанта болып табылады (резиденциясы Лондонда).

2022 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстанның Монакодағы қоса атқаратын Елшісі Г.Арыстанқұлова болып табылады.

Жоғары деңгейдегі сапарлар

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Монакода 1 рет ресми сапармен болды (2013 жылғы 27-28 қыркүйекте).

Монако Князі Альбер II Қазақстанға үш рет келді – 2012 ж. 2-5 қараша (ресми сапар), 2014 ж. 14 қараша (жеке сапар), 2017 ж. 24-25 маусым ("ЭКСПО-2017" аясындағы жұмыс сапары).

2018 жылғы 6-7 желтоқсанда ЕҚЫҰ СІМК алаңында Миланда екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі ұйымдастырылды.

Негізгі оқиғалар

Монако еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына кандидатурасын қолдады. Сондай-ақ, Князьдік 2017-2018 жылдар кезеңінде БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Монако ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ресми түрде растаған алғашқы елдердің бірі болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда деңгейі шамалы, бірақ соңғы жылдары үнемі өсіп келеді. 2023 жылғы қаңтар-қарашада Монакомен тауар айналымының көлемі 184 мың долларды құрады (тек импорт, 148% өсті). 2022 жылы тауар айналымы 77,2 мың долларды құрады (тек импорт, 135% өсті). Сыртқы саудадағы негізгі үлес косметикалық өнімдерге, электр жабдықтарына және тұтыну тауарларына тиесілі.

«Monaco Economic Board» ұлттық агенттігімен байланыстар орнатылды. Князьдік компаниялары туризм, байланыс және АӨК саласындағы жобаларға қызығушылық танытады.

2012 ж. ақпанда Монакода ҚР Елшілігі Монаконың Экономикалық даму палатасымен бірлесіп ұйымдастырған алғашқы Қазақстан-монаколық бизнес-семинар өтті.

2013 жылғы қыркүйекте қазақстандық-монаколық бизнес форум өтті, оған қазақстандық компаниялардың 40-қа жуық өкілі және 60-тан астам монаколық бизнесмендер жиналды.

2017 ж. 24-26 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінде Князьдіктің Ұлттық күнін өткізу шеңберінде монаколық компаниялардың 20-ға жуық өкілі Астанаға келді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2012 ж. қарашада Астанада «Грейс Келли дәуірі» атты әлемге әйгілі көрме өтті, оның салтанатты ашылуына Президент Н.Назарбаев пен Князь II Альбер қатысты. Көрме әйгілі Голливуд актрисасы және Монако Князі Ренье III-нің әйелі Грейс Келлидің жеке өміріне арналды.

2014 ж. желтоқсанда Монте-Карло қаласында қазақстандық суретшілер М.Бекеев, Г.Исмаилова, Э.Казарян және А Ноданың көрмесі өтті.

2017 ж. қаңтарда Монакода Қазақстанның мәдениет күні өтті, оның барысында фильмдер көрсетілімі және Алматы симфониялық оркестрінің концерті ұйымдастырылды.

2017 ж. маусымда Монако Ұлттық күні аясында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінде Монте-Карло Халықаралық цирк фестивалінің ұжымы өнер көрсетті.

2018 жылдың қыркүйегінде Монте-Карлода «Астана Балет» труппасы өнер көрсетті.

2019 жылдың наурызда екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 10 жыл толуына орай және жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Тұран» халық аспаптар ансамблінің концерті өтті.

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
13 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама).

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы