Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Кипр арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 2 сәуірде орнатылды.

ҚР Кипр Республикасындағы (резиденциясы Тель-Авивте орналасқан) Елшісі Сатыбалды Бұршақов (2020 ж. қазаннан бері).

Кипрдің ҚР-дағы (резиденциясы Мәскеуде орналасқан) Елшісі Кипрос Йоргаллис (2022 ж. қаңтардан бері).

Саяси қатынастар

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Кипр Президенттері Д.Христофиас (2011 ж. 21 қыркүйекте, Нью-Йоркте, БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында) және Н.Анастасиадиспен (2018 жылғы 18 қазанда, Брюссельде, АСЕМ саммиті аясында) кездескен.

Кипр Сыртқы істер министрі М.Киприану Алматыда өткен ЕҚЫҰ-ның бейресми Саммитіне (2010 ж. 16-17 шілде) және Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне (2010 ж. 1-2 желтоқсанда) қатысты.

Кипр Сыртқы істер министрлері Қазақстанда ресми сапармен 2012 ж. сәуірде (Э.Козаку-Маркуллис) және 2019 ж. мамырда (Н. Христодулидис) болды.

Екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары 2011-2022 жж. ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінде, 2015 ж., 2019 ж., 2020 ж., 2021 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясында, сондай-ақ 2023 ж. Абу-Дабидегі Климат саммиті аясында кездесу өткізді.

2023 ж. 27-28 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың Кипрге жұмыс сапары өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық

2009 ж. 24-26 қыркүйекте Астанада «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған Азиялық саяси партиялар Бас Ассамблеясының 5-ші халықаралық конференциясына кипрлік депутаттар («АКЕЛ» партиясынан) С.Кукума мен («Демократиялық шақырылым» партиясынан) Т.Митсопулос қатысты.

2019 ж. 22-25 қыркүйекте Кипр Республикасы Өкілдер палатасының төрағасы Д.Силлурис бастаған делегация Қазақстанда өткен Еуразия елдері Парламенті спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысты.

Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан-Кипр» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық тобы құрылған.

2021 ж. шілдеден бері Кипр Республикасы Өкілдер палатасындағы «Кипр-Қазақстан» достық тобын Сыртқы және еуропалық істер жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы Х.Георгиадис басқарады.

2022 жылғы 31 қазанда Кипр Сыртқы істер министрлігінің екіжақты байланыстар жөніндегі саяси директоры, Елші А.Игнатиу Астанаға келіп, Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенкомен келіссөздер жүргізді.

2023 ж. 28 қыркүйекте Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко Кипр Өкілдер палатасының Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы И. Хараламбидиспен және Халықаралық істер комитеті – «Кипр-Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті.

2023 ж. 27-28 қыркүйекте Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың Никосияға сапары аясында Кипр Президенті Н.Христодулидиспен, Сыртқы істер министрі К.Комбоспен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, Кипр СІМ Тұрақты хатшысы К.Куростың төрағалығымен екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында алғашқы саяси консультациялар өткізіліп, салтанатты түрде ҚР Никосиядағы Құрметті консулы Г.Лаккотрипистің кеңсесі ашылды.

Сауда-экономикалық қатынастар

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2023 ж. Қазақстан-Кипр тауар айналымы 1,6 млн АҚШ долл. құраған (оның ішінде экспорт: 243,6 мың, импорт: 1,355 млн). 2022 ж. тауар айналымы 179,2 млн АҚШ долл. құрады.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2023 ж. 9 айында Кипрден Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны - 268,4 млн АҚШ долл. құраған. Ал, 2021 ж. - 440 млн, 2022 ж. - 454 млн құрап, Кипрге Қазақстандағы ірі инвесторлардың қатарына кіруге мүмкіндік берді.

2005-2023 жж. аралығында Қазақстан экономикасына салынған тікелей кипрлік инвестициялардың көлемі – 4 млрд АҚШ долл. астам. Қазақстаннан Кипрге кеткен тікелей инвестиция – 1,8 млрд. Бүгінгі таңда Қазақстанда Кипр капиталының қатысуымен 292 компания тіркелген.

2023 ж. 31 мамырда, сондай-ақ 21-22 маусымда Лимасол мен Алматы ққ. 250-ден астам бизнес өкілдері мен Кипрдің профильдік министрліктерінің басын қосқан бизнес-форумдар өткізілді.

Шарттық-құқықтық база

Кипр Республикасымен келесі шарттық-құқықтық база орнатылған: Дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы хаттама (1992 ж. 2 сәуір), Дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері үшін визаларды алып тастау туралы келісім (2010 ж. 16 шілде), Қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция (2019 ж. 15 мамыр), Сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2019 ж. 15 мамыр), Ұстап беру туралы шарт (2022 ж. 20 қазан), Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарт (2022 ж. 20 қазан), Туризм саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум (2023 ж. 28 қыркүйек).

Құқықтық ынтымақтастық

2017 ж. 27-29 қыркүйекте Қазақстан Бас Прокуроры Ж.Асанов бастаған делегация Кипрге сапармен барып, оның барысында Әділет және қоғамдық тәртіп министрі И.Николаумен және Бас прокурор К.Клеридеспен кездесулер өткізді.

2019 ж. 16-18 сәуірде ҚР Бас Прокуроры Ғ.Нұрдәулетов Кипрге сапары барысында Әділет министрі Ионас Николау мен Бас прокурор Костас Клеридеспен кездесті.

2022 ж. 19-20 қазанда ҚР Бас Прокуроры Б.Асылов Никосияға жұмыс сапармен болып, Әділет және қоғамдық тәртіп министрі С.Дракумен, Ішкі істер министрі Н.Нуриспен және Бас Прокурор Дж.Саввидиспен кездесті.

 

 

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Facebook
YouTube
Twitter
Telegram

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері