Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы ақпарат

1991 ж. 16 желтоқсан – Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныды.

1992 ж. 2 наурыз – дипломатиялық байланыстар орнатылды.

2022 ж. 15 наурыздан ҚР Түркиядағы Елшісі – Еркебұлан Сәпиев.

2023 ж. 13 наурыздан ТР Қазақстандағы Елшісі – Мустафа Капуджу.

Егемен еліміздің шетелдегі алғашқы дипломатиялық өкілдігі - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі 1992 ж. қазанда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға алғашқы ресми сапары кезінде ашылды.

Қазақстанның Ыстанбұл мен Анталияда Бас консулдығы, сондай-ақ Денизли, Алания, Бурса, Битлис, Хатай, Кония және Мерсин қалаларында 7 Құрметті консулдары жұмыс істейді.

Түркияның Алматыда және Ақтауда Бас консулдықтары, Шымкентте Құрметті консулдығы қызмет атқарады.

 

Саяси ынтымақтастық

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, ҚР Президенттері Түркияға 28 рет мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарларымен барды. Түркия Президенттері Қазақстанға сапармен 15 рет, ал ТР Премьер-министрлері 6 рет келді.

2021 ж. 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі кеңесінің 8-ші Саммитіне қатысу үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары өтті.

2022 ж. 10-11 мамырда  ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары өтті. Сапардың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы «Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге», сондай-ақ, 6  үкіметаралық және 8 ведомствааралық құжаттарға қол қойылды.

2022 ж. 29 қыркүйек-2 қазан аралығында Түркияның Изник елді-мекенінде 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Аталған іс-шараға құрметті қонақ ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Ж.Қошанов бастаған делегация қатысып, ТР Президенті Р.Т.Ердоғанмен кездесті.

2022 ж. 12-13 қазанда  ТР Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттің сапары мен Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы өтіп, 6 ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды. Сапар аясында, ТР Президенті 6-шы АӨСШК Саммитіне қатысты.

2023 ж. 15-16 наурызда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс Анкара саммитіне қатысу мақсатында Түркияға жұмыс сапары өтті.

2023 ж. 3 маусымда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Түркияның 13-ші Президенті Р.Т.Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысты.

2023 ж. 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу мақсатныда ТР Президенті Р.Т.Ердоғанның   Қазақстанға жұмыс сапары өтті. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев ТР Президентімен екіжақты кездесу өткізді.

 

Сыртқы саяси мекемелер арасындағы ынтымақтастық

2019 ж. 24 мамырда ТР Сыртқы істер министрі М.Чавушоғлудың Қазақстанға сапары өтті.

2021 ж. 17-18 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Түркияға ресми сапары өтті.

2021 ж. 17-20 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді «Анталия Дипломатия Форумына» қатысу мақсатында Түркияға сапармен барды.

2021 ж. 26-27 қыркүйекте Министр М.Тілеуберді Ыстанбұл қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің Ауғанстандағы ахуал бойынша кезектен тыс отырысына қатысты.

2021 ж. 11-12 қазанда Астанада қаласында АӨСШК сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуіне Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Өнал қатысты. 

2022 ж. 24 ақпанда Түркия Сыртқы істер министрі М.Чавушоғлудың Қазақстанға сапары мен Қазақстан-Түркия Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 7-ші отырысы өтті.

2022 ж. 18 қазанда өткен Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлер кеңесінің кезектен тыс отырысына  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді қатысты.

2023 ж. 10-11 қыркүйекте Түркия Сыртқы істер министрі Х.Фидан Қазақстанға ресми сапармен келіп, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев тарапынан қабылданды.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі және негізгі сауда-экономикалық серіктесінің бірі болып табылады.

Түркия 2022 ж. нәтижесі бойынша РФ, ҚХР және Италиядан кейін ҚР-ның 4-ші сауда серіктесі болды (5-ші орындан көтерілді).

2022 ж. тауар айналымының рекордтық көрсеткішіне 6,3 млрд. долл. (экспорт 4,8 млрд. долл. , импорт 1,6 млрд. долл. ) қол жеткізілді.

 2023 ж. 11 айы бойынша сауда айналымы 5,54 млрд. долл. (экспорт 3,65 млрд. долл. , импорт 1.89 млрд. долл. ) құрады.

Жалпы сауда айналымы осы мезгілде 6% (5,89 млрд. доллардан), экспорт 18% (4,47 млрд. доллардан) төмендеп, импорт 33% (1,42 млрд. доллардан) ұлғайды.

Қазақстан экспортының басым бөлігі шикізат: шикі мұнай, мыс және мыс катодтары, өңделмеген мырыш, мұнай өнімдері, бидай, табиғи газ, өңделмеген қорғасын, мақта, көкөністер бұршақ дақылдары,  өңделмеген алюминий.

Импорттың басым бөлігі текстиль: әйелдер тоқыма киімі, күнбағыс тұқымдары, бөлшек сауда үшін өлшеп оралған дәрілік заттар, жейделер, тоқылған фуфайкалар, төсек-орын, асхана, дәретхана және ас үй, автокөліктерге арналған корпустар, әйелдер тоқыма блузкалары, жеңіл автокөлік.

 

Үкіметаралық экономикалық комиссия

Екі жақты экономикалық қарым-қатынастарды ілгерлетудің тиімді тетігі Үкіметаралық экономикалық комиссиясы (ҮЭК) болып табылады.

ҮЭК тең төрағалары ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов және ТР Вице-Президенті Джевдет Йылмаз.

2022 ж. 4 наурызда Астанада дипломатиялық байланыстардың 30 жылдығы аясында Үкіметаралық экономикалық комиссиясының  12-ші отырысы өтті.

Тараптар ҮЭК жұмысы нәтижесінде 2022-2023 жж. арналған Түркия және Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жоспарын бекітті.

ТР Вице-президенті Ф.Октайдың Астанаға жұмыс сапары аясында 2022 ж. 4 наурызда екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес және квазимемлекеттік секторының 250-ден астам өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті. Форум қорытындысы бойынша 10 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Келісімдерді іске асыру аясында инвесторлар БҚО және Ақтөбе облыстарында авиакаргомен көлік-логистикалық орталықтар, Алматы қаласында фармацевтикалық зауыт, елордада медициналық бұйымдар, бетперделер мен респираторлар шығаратын кәсіпорын, болат өнімдері, металл болат конструкцияларын шығаратын зауыт, сауда ойын-сауық орталығын және т. б. салуды жоспарлап отыр. Аталған жобаларға салынатын инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 500 млн. долл. құрайды.

 

Инвестициялық ынтымақтастық

Қазақстан мен Түркия арасындағы инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамуда. 2005-2023 жж. 3 тоқсаны аралығында Қазақстан экономикасына Түркиядан 5 млрд. долл. астам инвестиция тартылған. Өз кезегінде, Қазақстан Түркия экономикасына 2005 жылдан қазіргі таңға дейін 1,2 млрд. долл. шамасында инвестиция салған.

Түркиядан соңғы 18 жылда тартылған инвестицияның жартысына жуығы соңғы 6 жылға (2018-2023 жж.) тиесілі.   

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында (2022 жылғы 10-11 мамыр) Мемлекет Басшысының қатысуымен 40 ең ірі түрік холдингтері мен іскер топтарының басшыларымен арнайы жиын өткізілді.

Аталған іс-шараға қатысқан түрік бизнесінің жалпы жылдық капитал айналымы 95 млрд. долл. құрайды және түрлі секторларда жетекші позицияларға ие.

Мемлекет Басшысының сапары барысында екі мемлекет кәсіпкерлері арасында құны 1,4 млрд. долл. құрайтын 20 инвестициялық нақты келісімдер мен 10 өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Түркиядан Қазақстанға 2023 ж. 9 айы бойынша 320,4 млрд. долл. тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бүгінгі таңда түрік компанияларының қатысуымен 69 жоба (2,9 млрд. долл.) жүзеге асырылды, 35 жоба – жүзеге асырылу сатысында (2,8 млрд. долл.) және әлеуетті 75 жоба (1 млрд. долл. астам) пысықталуда.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Түркияның аумағында еліміздің көрнекті ұлт қайраткерлері мен ақын-жазушылары Абай Құнанбайұлы, Абылай хан, Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Мағжан Жұмабаев, Қабанбай батырдың құрметіне ескерткіштер орнатылған.

Ыстанбұлда 2003 ж. ашылған Абай атындағы Орта мектеп жұмыс жасауда. 2020 ж. Эрзурум қаласында Фараби атындағы бастауыш мектеп және Муш қаласында Әл-Фараби атындағы Имам хатип орта мектебі ашылды.

Қазақстан Жазушылар одағы мен Түркия Еуразия Жазушылар одағы арасындағы қатынастар қарқынды дамуда. Осы уақытқа дейін түрік тарапының қолдауымен 100-ден астам қазақстандық ақын-жазушылардың шығармалары түрік тіліне аударылды.

Түркия аумағында Қазақстанға қатысты 15 ескерткіш, 9 мәдениет үйі, 4 мектеп, 18 көше және 12 саябақ бар.

Түркия мен Қазақстан арасында білім саласындағы ынтымақтастық жемісті дамуда. Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде Түркістан қаласында құрылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті белсенді қызмет атқаруда. Бұл университеттің филиалдары Алматы, Шымкент және Кентау қалаларында жұмыс істейді.

Қазақстанда 2010 ж. наурызда ашылған Юнус Емре Мәдениет орталығы жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің бағдарламасын үйлестіру кеңсесі Қазақстанда қызмет етеді.

2021 ж. 1-3 шілде аралығында Түркия Президенті резиденциясындағы Президенттік Ұлттық кітапханада «Ұлттық Домбыра күніне» орай концерт ұйымдастырылып, Түркиядағы қазақ, түрік, татар, ноғай және жапон халықтарының өкілдерінен тұратын 50-ден астам өнерпаздың қатысуымен тұңғыш рет домбыра фестивалі Анкарада кеңінен аталып өтті.

2021 ж. 16 қыркүйекте Ыстанбұл қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетаның презентациясы өтті.

2021 ж. 22-23 қыркүйек аралығында Ыстанбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақтардың кіші құрылтайы өтті. Еуропа және Түркия қазақтарының кіші құрылтайы шеңберінде қазақтың біртуар ұлы Мұстафа Өзтүріктің ескерткіш саябағы ашылды.

2022 ж. 17 ақпанда Түркияның Қаратеңіз жағалауындағы Трабзон қаласында Абай Құнанбайұлының ескерткіші орнатылды.

2022 ж. 29 желтоқсанда Анкарада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы парк ашылды және ескерткіш орнатылды.

2023 ж. 27 сәуірде Анкарада Түркия-Қазақстан достық паркі ашылды.

2023 ж. шілде айында тұңғыш рет Қымыз фестивалі өтті және қол өнер көрмесі ұйымдастырылды.

2023 ж. 2 қыркүйекте Анкарадағы Тәттімбет Қазанғапұлы саябағында Тәттімбеттің ескерткіші орнатылды.

Сонымен бірге, Түркияның 100 жылдығына, Әмен Қайдардың 100 жылдығына, Бикен Римованың 100 жылдығына, Мұзафар Әлімбаевтің 100 жылдығына, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына, Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына, Мұрат Әуездің 80 жылдығына, ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдығына байланысты Қазақстандық өнер ұжымдары Түркия аумағында бірқатар мәдени іс-шаралар өткізді.

Нақтырақ айтқанда 38 конференция ұйымдастырылды, 15 мақала жарияланды, 6 кітап аударылды, 7 көрме өткізілді, 3 фильм аударылды, 8 концерт ұйымдастырылды, 2 театр қойылымы болды.

Дата публикации
04 января 2023
Дата обновления
21 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 апреля 2024
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
Ақпарат
10 апреля 2024
Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі 2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербургте қол қойылған келісім және Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі 2010 жылғы 18 маусымдағы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 19 қазанда Мәскеуде қол қойылған хаттама.
Ақпарат
18 марта 2024
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы

Социальные медиа

Facebook
YouTube
Telegram
Twitter
Instagram

Меню подвал

Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
Өмірлік жағдайлар
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты