Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Албания арасындағы қатынастар туралы

 

Екіжақты саяси байланыстар

Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы (АР) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 21 қыркүйекте орнатылды.

2017 ж. шілдеден бастап Абзал Сапарбекұлы ҚР-дың АР-дегі Елшісі лауазымына кірісті. (Анкара қ. орналасқан резиденциясымен). 2020 ж. қаңтардан бастап Албанияның Қазақстандағы Елшісі болып Кастриот Робо тағайындалды (Анкара қ. орналасқан резиденциясымен).

Жоғары деңгейдегі байланыстар

  1. 2010 ж. 15 наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Жигалов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қолданыстағы Төрағасының Арнайы өкілі ретінде Албанияғы сапармен барды;
  2. 2010 ж. 16-17 шілдеде ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейформал кеңесінің аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың АР Вице-Премьері - Сыртқы істер министрі И.Метамен кездесуі өтті;
  3. 2011 ж. 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастық ұйымы 38-ші СІМК отырысына АР Сыртқы істер вице-министрі С.Белортаджа қатысты;
  4. 2014 ж. 21-23 мамырда Астана экономикалық форумының 7-ші жұмысына Албанияның Вице-Премьер-Министрі Н.Пелеши қатысты;
  5. 2014 ж. 23-25 мамырда Албания Премьер-Министрі Э.Раманың Қазақстанға тұңғыш ресми іс-сапары өткізілді. Сапар барысында Э.Рама
    ҚР Президенті мен Премьер-Министрімен кездесті;
  6. 2014 ж. 24-25 маусымда ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Н.Қаппаровтың Албанияға сапары ұйымдастырылды;
  7. 2018 ж. 20-22 қарашада АР Еуропалық одақ және сыртқы істер министрі Д.Бушатидің Қазақстанға тұңғыш сапары ұйымдастырылды. Сапар аясында албан министрі ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевпен, Мемлекеттік хатшы Г.Абдіхалықовамен, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановпен, сондай-ақ Қазақстанның сауда палатасының өкілдерімен кездесті;
  8. 2019 ж. 8 шілдеде Словакияда өткен ЕҚЫҰ СІМК шеңберінде
    ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың АР Еуропалық одақ және сыртқы істер министрінің міндетін уақытша атқарған Ж.Сакаймен кездесуі ұйымдастырылды;
  9. 2019 ж. 24-25 қыркүйекте Нұр-Сұтан қ. АР Парламентінің Вице-спикері В.Хюс Еуразиялық елдері парламенттері спикерлерінің отырысына қатысты;
  10. 2020 ж. 3-4 желтоқсан кезеңінде ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Албанияның төрағалығымен өткен ЕҚЫҰ СІМК онлайн Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері отырысына қатысты.

Екіжақты сауда айналымы

Екіжақты сауда 1995 ж. 18 мың долл. басталып, 2021 ж. қорытындылары бойынша бұл көрсетікш 326 есе өсіп, 5,8 млн. долл. астам деңгейіне ұласты.

2021 ж. сауда айналымы 5,8 млн. долл. құрады. Қазақстандық экспорт 5,4 млн. долл., импорт 0,4 млн. долл. 2020 ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда жалпы сауда айналымы +242% (1,7 млн.долл.) қазақстандық экспорт +286%, (1,4 млн. долл.), ал импорт +100% (0,2 млн.долл.) өсті.

Шарттық құқықтық базаны нығайту

2018 ж. 20-22 қараша кезеңінде АР Еуропалық одақ және сыртқы істер министрі Д.Бушатинің Қазақстанға сапары шеңберінде Қазақстан мен Албания сыртқы саяси мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы және екі мемлекеттердің сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы Хаттамаларға қол қойылды.

Қазіргі уақытта тараптар ынтымақтастықтың басқа да секторлары бойынша екіжақты құжаттарды келісуде.

 

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 апреля 2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім
Ақпарат
25 апреля 2024
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
22 апреля 2024
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеуде жасалған хаттама

Социальные медиа

Facebook
YouTube
Telegram
Twitter
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары