Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесімен ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесімен ынтымақтастығы 

Қазақстан 1997 жылдан бастап Еуропа Кеңесімен (ЕК) және оның құрылымдарымен ынтымақтасады. Қазақстан ЕК-нің мүшесі болмағанымен, Кеңеске кірмейтін елдер және халықаралық ұйымдарға мүше мемлекеттермен бірлесіп, олар үшін қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін оның ішінара кеңейтілген келісімдеріне қатыса алады.

Қазақстан ЕК-нің екі жекелеген – Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия (Венеция комиссиясы, 2012 жылдан бастап) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО, 2020 жылдан бастап) келісіміне толық құқылы қатысады.

Қазақстан ЕК-нің төрт конвенциясының қатысушысы болып табылады, олар: «Еуропа өңірінде жоғары білімге жататын біліктіліктерді тану туралы» (№165), «Еуропалық мәдени конвенция» (№ 018); «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алу және тәркілеу туралы» (№141); «Салық саласындағы өзара әкімшілік көмек туралы» (№127).

Қазақстан 2015 жылы «Еуропалық прокурорлардың консультативтік кеңесінде», 2018 жылы «Еуропалық судьялардың консультативтік кеңесінде» (CCJE) және «Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияда» (CEPEJ) халықаралық байқаушы мәртебесін алды.

ҚР мен ЕКПА арасындағы ынтымақтастық 2004 жылы қол қойылған Келісім негізінде іске асырылады, оған сәйкес ҚР Парламенті Сенатының делегациясы ЕКПА-ның пленарлық және көшпелі сессияларына қатысады.

Екіжақты ынтымақтастықтағы негізгі оқиғалар мен іс-шаралар.

2013 жылғы 19 желтоқсанда ҚР-дың Бельгиядағы Елшісі А.Хамзаев пен Брюссельдегі ЕК өкілі Т. Фройснес ҚР мен ЕК арасындағы ынтымақтастығын кеңейту туралы бірлескен декларацияға қол қойды, онда «Қазақстан үшін 2014-2018 жылдарға арналған тату көршілік ынтымақтастықтың басымдықтары: ЕК-нің қылмыстық конвенциялары бойынша ынтымақтастық» іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы ресми түрде жарияланды. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде Қазақстан ЕК-нің қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы үш құқықтық құжатына қосылды.

2017 жылы ЕК-нің ұсыныстары негізінде қылмыстық істердегі Медиация орталығы ашылды. ЕК адвокатураны реформалауға және ұлттық алдын алу тетігін жетілдіруге қатысты көмек көрсетті.

2020 жылғы 15 қаңтарда ГРЕКО-ның атқарушы хатшысы Дж.Эспозитоның ҚР-ға сапары өтті. ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен кездесу барысында ГРЕКО басшысы Қазақстанның ГРЕКО-ға мүше болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қағидаттары мен тетіктерін жетілдіру ісіне ғана емес, сонымен қатар бизнес-ахуалды жақсартуға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

2020 жылғы 21 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов бастаған Қазақстан делегациясы алғаш рет БКБ форматында ГРЕКО-ның пленарлық отырысының ашылуына қатысты.

2020 жылғы 13 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ЕК жанындағы ҚР-дың Дипломатиялық миссиясы Страсбургтегі ҚР-дың Бас консулдығы болып қайта құрылды.

2022 жылғы наурызда ҚР-дың Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияға (№173) қосылу ниеті туралы ресми өтінімі берілді. Қазақстанның өтінімі 2022 жылғы 30 маусымда Министрлер комитетінің отырысында қаралды, бұл ретте шақыру 2027 жылғы маусымға дейін жарамды.

«Компьютерлік қылмыстар туралы» конвенцияға қосылу үшін (№185, Будапешт конвенциясы) 2022 жылғы 11-12 қазанда Астанада ЕК-нің сарапшыларымен консультациялар нәтижелі өтті және 2022 жылғы 21 қарашада ресми өтінім берілді. Аталған конвенцияға қосылуға шақыру хаты 2023 жылғы сәуірде алынды, оның мерзімі - 5 жыл.

Жұмыстың маңызды бағыты Венеция комиссия (ВК) шеңберіндегі ынтымақтастық болып табылады. Комиссия ҚР-дың құқықтық институттарын реформалау мәселелерінде сараптамалық-консультациялық жәрдем көрсетеді. Комиссияның ұсынымдары ҚР-дың Қылмыстық кодексі және Қылмыстық-процесстік кодекс жобаларын, сондай-ақ Судьялық әдеп кодексін әзірлеу кезінде елеулі көмек көрсетті.

Комиссия Конституциялық Кеңеспен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Әділет министрлігімен, Жоғарғы Сотпен және ҚР Орталық сайлау комиссиясымен тығыз байланыс орнатты. ҚР атынан ВК мүшесі болып И.Рогов, ал оның орынбасары болып У.Шапак тағайындалды.

2023 жылғы 4-5 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко ЕК-не сапары барысында ұйым басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің (ҚМСЕ) сыртқы байланыстар жөніндегі баяндамашылар тобының (GR-EXT) отырысында сөз сөйледі. GREAT отырысында СЕ-ның Қазақстанмен тату көршілік ынтымақтастығының 2024-2027 жылдарға арналған жаңа басымдықтары қабылданды.

 

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 мая 2026
Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA) туралы
13 мая 2026
Қазақстан Республикасымен Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) арасындағы ынтымақтастық
13 мая 2026
Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) ынтымақтастығы

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты