Қазақстан Республикасы мен Либия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 13 наурызда орнатылды.
Либияның Елшілігі Алматы қаласында 1992 жылыашылды.ҚазақстанныңЛибиядағыДипломатиялықмиссиясы 2003 жылдан бастап жұмысістеді. Либияда революциялық оқиғалар басталуына байланысты,еліміздіңөкілдігі 2011 жылғы қазанайында жабылды.
Қазіргі уақытта, аталған мемлекетте еліміздің мүддесін Мысырдағы ҚР Елшілігі білдіреді.
Либияның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі - Зияд Абдулазиз.
2000 ж. 7-10 қарашада Либия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Саад Мұстафа Мужбирдің Қазақстанға сапары екіжақты қарым-қатынастардың дамуына серпін берді. Сапар барысында Либиялық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болды.
Өткен жылдар ішінде тараптар әртүрлі деңгейлердегі сапарлармен алмасты. ҚР Мәжіліс Төрағасының орынбасары М.Көпейдің басшылығымен Парламенттік делегацияның Либияға сапары болды (2002 ж. қарашасында), екі ел арасындағы мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты қалыптастыру мен жандандыру мақсатында Либияға «ҚазМұнайГаз» АҚ екі делегация (2004 ж. маусым және 2013 шілде), Либия Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ұлықтау рәсіміне қатысты (2006 ж. қаңтар), ЛибияБүкілхалықтық сыртқы байланыстар және халықаралық ынтымақтастық комитетініңделигациясы (2008 ж. қазан)барып қайтты.
Еліміздің астанасында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ және ІІІ СъездердінжұмысынаТриполи қаласындаорналасқан Дүниежүзілік Ислам уағызы ассоциациясының делигацияларқатысты.
1992 ж. Қазақстанға Либияның Қаржы министрінің сапары болды. Сапар барысында Қазақстан-либия бірлескен үкіметаралық комиссиясын құру жөніндегі келісімге қол қойылды.
2003 ж. қаңтарда Триполиде және 2007 ж. қарашада Астанада Қазақстан-либия бірлескен үкіметаралық комиссиясының екі отырысы өткізілді.
2012-2014 жылдар арасындақазақстандық «Қазмұнайгаз»АҚ-ның еншілес компаниясы«The Rompetrol Group» (2015 ж. наурыз айынанбастап «KazMunayGas International»атылады),Либияда 2011 жылда азаматтық соғысына орай тоқтатып қойлғанжербұрғылау жұмысың қайта жалғастырылды.Жылдық өндіріс бос тұруына қарамастан,қазақстандық компаниясы100-ден астам бұрынғылибиялықжұмыскерлергеәлеуметтік көмек және жалақы төлеу қамтамасыз еткен.
Екі ел арасындағы тауар айналымның көлемі 2014 жылы -1,8 млн. долл. және 2015 жылы – 0,4 млн. долл. құрады(негізінде ҚР экспорты).