Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның бесінші отырысының нәтижесі бойынша бірлескен мәлімдеме

2023 жылғы 6 қараша

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның жыл сайынғы отырысына орай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі келесі мәлімдеменің мәтінін жариялады.

 Мәтіннің басы:

31 жылдық серіктестікті негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу мен америкалық делегацияны Астанада Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның (КССК) бесінші жыл сайынғы отырысында қарсы алды. КССК өзара тиімді ынтымақтастық пен ортақ басымдықтарды ілгерілету мақсатында мүмкіндіктерді іздестіру үшін құрылған. 

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның бесінші отырысының нәтижесі бойынша бірлескен мәлімдеме
Дата публикации
07 ноября 2023