Меню

Mobile communication
Internet
Landline
Postal communication
Checking mobile communication quality
Issuance of permits to use radio-frequency spectrum of the Republic of Kazakhstan
Cultural and humanitarian co-operation

Мәдени-гуманитралық ынтымақтастық

 

2001 жылдың қарашасында Қазақстанның Мысырдағы (Каир, Александрия, Исмаилия, Даманхур және Заказик) және 2008 жылдың қазанында – Мысырдың Қазақстандағы мәдени күндері өтті.

Астана мен Каир, Алматы мен Александрия, Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы мен Мысырдың Шығыс провинциясы, Алматы облысы мен Оңтүстік Синай провинциясы, Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) мен Қызыл теңіз провинциясы арасында бауырлас қатынастар орнатылды.

Мәдениет саласындағы екі ел арасында Мысыр пен Сирияның көрнекті билеушісі, 13 ғасырдағы қазақ даласының ұлы Сұлтан Бейбарыстың тарихи мұрасы тақырыбы ерекше орын алады. 2005 жылы тамызда Қазақстанда Сұлтанның өмірі туралы Мысырдың тарихи телехикаяларының бірнеше эпизодтары түсірілді.

2007 жылдың қазан айында Каирдегі Сұлтан Байбарыс мешітін қалпына келтіру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (жобаның құны, Мысырдың мәліметтері бойынша, 12 миллион доллар, қазақстандық тарап 4,5 миллион доллар бөлді), оған сәйкес мешітті қайта құру аяқталуы керек болатын 2011 жылдың қазанында мешітті қайта құру жұмыстары Мысырдағы 2-ші революцияға байланысты саяси және экономикалық дағдарысқа байланысты тоқтатылды.

2017 жылдың 10 маусым - 10 тамыз аралығында ЭКСПО іс-шаралары аясында Қазақстанның Ұлттық музейінде «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» атты көрмесі өтті.

2018 жылдың 16 қазанында Каирдегі Сұлтан Байбарыс мешітінде қалпына келтіру жұмыстары қайта басталды.

2019 жылдың 22 қаңтарында әлемдегі ең үлкен көрмелердің бірі болып саналатын 50 жылдық мерейтойлық Каир халықаралық кітап жәрмеңкесінің ресми ашылуы өтті. Іс-шара Мысыр Президенті Абдель Фаттах ас-Сисидің қатысуымен өтті. Көрмеде Қазақстан туралы ағылшын, араб тілдеріндегі саяси, тарихи, білім беру және басқа кітаптар орналастырылған қазақстандық павильон ашылды. Сондай-ақ Абай, І.Есенберлин сынды классиктердің араб тіліне аударылған шығармалары, сондай-ақ Ұлы Даланың ұлы тұлғалары, біздің ата-бабаларымыз Әл-Фараби, Бейбарыс және басқалар туралы кітаптар қойылды. Атап айтсақ, 2019 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың араб тіліне аударылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті. 29 қаңтарда Палестина жазушысы, журналист Абдурахим Абделуахедтің «Назарбаев теориясы», «Бейбарыс тарихы» кітаптарына, Мысыр жазушысы Абдрахман Хидзазидің «Мысырдағы мәмлүктер жазбаларындағы саяси дискурс» шығармасына қол қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, қазақстандық бұрышқа келушілер Мемлекет басшысының бастамасы аясында жүзеге асырылған АТОМ жобасымен танысып, ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалыстың қатысушылары ретінде болды.

2019 жылдың 17 қарашасында Каирде Мысырдың мәдени істер жөніндегі жоғарғы кеңесінің штаб-пәтерінде қазіргі қазақ поэзиясы мен араб тіліндегі прозаның антологияларының тұсаукесері өтті. Таяу Шығыстың жетекші MediaHub баспасынан шыққан қазақ прозасы мен поэзиясының антологиялары 500 миллион оқырманы бар Араб лигасына мүше 22 елдің 5000-нан астам кітапханаларына, университеттері мен ғылыми орталықтарына жеткізіледі. Тұсаукесерге Мысырдың мәдени істер жөніндегі жоғарғы кеңесінің бас хатшысы Хишам Азми, Араб лигасының білім, мәдениет және ғылым жөніндегі арабтану институтының директоры Али Хафиян, аудармашылар, әдеби редакторлар, сыншылар мен комментаторлар қатысты. Іс-шараға қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі А.Балаева, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы У.Есдәулет, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Р.Кенжеханұлы қатысты.

2019 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырыстарында аталған шараларды дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарлар бекітілді.

Осы орайда, 2020 жыл ел ішінде де, шетелде де Қазақ елінің ұлы тұлғаларының Абай Құнанбайұлының және Әбу Насыр әл-Фарабидің  шығармашылықтарының  дәріптеу іс-шараларымен танымал болды.

Қазіргі таңда Абайдың даналығына тәнті болған әлем елдері осы ұлы бабамыздың меретойың ерекше атап өтіп, мерекелік кештер және түрлі                       іс-шараларды  ұйымдастыруда.

2020 жылғы 5 маусымда Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн-конференция форматында әдеби кеш ұйымдастырды. Іс-шараға «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің ректоры мен профессорлары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы, Мысыр және араб ғалымдары, жазушылар, ақындар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Сонымен қатар, әдеби кешке ұлы ақынның шығармашылығына арналған кітаптардың авторлары мен аудармашылары қатысты.

Кеш Қазақстанның халық әндерінің танымал орындаушысы, ұлттық және халықаралық сыйлықтардың лауреаты Асқар Мұқияттың орындауында Абайдың әнімен ашылды. Іс-шараға қатысушылар өз сөздерінде Абай шығармаларына талдау жасай отырып, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақынның шығармашылығының бірегейлігі мен оның әлемдік мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Мысыр халқы Абайдың өлеңдері, әндері мен сөздері арқылы қазақ халқының ұлттық дәмін, өмір салтын, сенімі мен тілін сезінді, ұлттың рухын ұғынды.

Әдеби кеш барысында осыдан бұрын араб тіліне аударылып, Мысырдың және басқа да араб елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы талқыланды.

Қазақстанмен терең тарихи және мәдени байланыстары бар Мысыр елі Абай мұрасын насихаттауға үлкен үлес қосуда. Қазіргі уақытта мысырлық ғалымдар мен аудармашылар қазақстандық шығыстанушыларымен және «Ұлттық аударма бюросы» ҚР Ұлттық орталығымен бірлесе отырып, Абайдың «Қара сөздері» мен өлеңдер жинағын араб тілінде шығаруға атсалысуда.

1998 жылы Каирде бұрынғы Қазақстан Елшілігі орналасқан көшелердің біріне Абайдың есімі берілді.  2016 жылдың қазанында Каир қаласында қазақтың ұлы ақын-жазушысы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының ескерткішінің салтанатты ашылуы болып өтті. Бюст Каирдің ең әдемі – «Бостандық және достық» - атты орталық саябақтарының бірінде орнатылды.

Мысырлықтар 2019 жылы Қазақстан Президентінен бастау алған Абай шығармаларын оқу эстафетасын қуана-қуана қабылдады. Ғалымдар, сарапшылар, кәсіпкерлер, журналистер, аудармашылар, сондай-ақ қазақ тілін оқып жатқан студенттер жыл бойы әлеуметтік желілерде Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

2020 жылғы 15 шілдеде Каирде Мысырдың Уақыптар министрлігінің уағыз зерттеу департаментінің директоры, белгілі теолог Халед Ас-Саид Ғанемнің «Абайдың Қазақстан халқына өсиеттері» атты араб тіліндегі кітабы жарық көрді. Мысырлық ғалым өз еңбегінде қазақтың ұлы ақыны жазған «Қара сөздерінің» мағынасын түсіндіріп, олардың философиялық мәні, ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль және құқық мәселелеріне көзқарасын айқындады.

Бұл Халед ас-Саид Ғанемнің Абай мұрасына қатысты және жалпы Қазақстан туралы алғашқы кітабы емес. 2014-2017 жылдары ол «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінде оқытушы болып жұмыс істеді және қазақ халқының тарихы, діні және мәдениеті туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды. Қазіргі уақытта мысырлық ғалым қазақстандық шығыстанушылармен бірлесіп, «Ұлттық аударма бюросы» ҚР Ұлттық орталығы басып шығаратын Абайдың «Қара сөздері» мен өлеңдерінің жинағын араб тіліне аудару үстінде.

2020 жылғы 3 қыркүйекте Елшілікте Қазақстан мен Мысыр мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығының негізінде Мысыр Араб Республикасы Уақыптар министрлігінің департамент директоры Ганем Халед Ас-Саид II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау рәсімі өтті.

2020 жылдың 10 тамызында Елшілікте ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған Абай оқулары өтті. Іс-шараға «Әл-Азһар» университетінде оқитын қазақстандық студенттер, сонымен қатар Каир университетінде қазақ тілін үйреніп жүрген мысырлық жастар да қатысты. Кеш бойы Елшілік ғимаратында ұлы Абайдың өлеңдері мен әндері, сондай-ақ оның баға жетпес Қара сөздері оқылды. Ақынның шығармашылығы арқылы қазақ тілі мен халқымыздың мәдениетімен танысқан Мысыр студенттері Абай шығармаларының тереңдігі мен философиялық мағынасына тәнті болғанын жасырмады.

Мысырлықтар Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін ерекше сезіммен қазақша шырқап, содан кейін оны өз бетінше аударып, араб тілінде қайталап айтты. Ал ұлттық аспабымыз домбырада қазақ халық күйлерін шерткені тыңдаушыларды ерекше тамсандырды. Іс-шара аясында Каирде оқитын студенттер арасында ұйымдастырылған «Ұлы Абай – халықтың жүрегінде» тақырыбында мақала жазудан сайыс жүлдегерлері құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айтарлықтай, осы іс-шара Almaty.tv тілшісі А.Көлжігіттің «youtube.com» арнайы бейнематериалында жарық көргенін атап өту керек (Абай 175 жыл: Мысырда "Абай оқулары" өтті (10.08.20).

2020 жылғы 15 қарашасында ұлы ақын, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Хәкім Абай Құнанбайұлының шығармаларын Мысыр оқырмандары мен көпшілік арасында кеңінен насихаттау мақсатында Каирде Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесе отырып, ақпараттық-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Аталған іс-шараға МАР-дың ресми тұлғалар мен журналисттер, дипломатиялық корпус пен 15-ке жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отандық делегациясы құрамына қазақ зиялы қауым өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева, М.Әуезов атындағы Мәдениет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Кабиева, Ұлттық академиялық кітапханасының қорларды қалыптастыру қызметі басшысының орынбасары Зәуре Майшина мен Басылымдар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Жүсіпова енді.

Мысыр Парламенті Сенатының төрағасы Әбдел Уахаб Әбдел Разық, Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы Саид Марей, Мысыр Ақпарат министрі Усама Хейкал мен Әділет министрі Омар Маруан, Министрлер Кеңесі Бас хатшысының үкіметпен байланыс жөніндегі орынбасары Тариқ Камил Бадр, Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Хатим Тәж әд-Дин мен Шериф Иса, сондай-ақ Мысырдағы аккредиттелген шетелдік елшілер араб тіліне аударылған «Абай» кітабының алғашқы оқырмандары болды.

Салтанатты кеште алғашқы сөз сөйлеген Елші Қайрат Лама Шариф Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» мен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақалалары туралы баяндады. Шара барысында Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорынан жеткізілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы ақпараттық стенд орнатылды. Cонымен бірге, Абай шығармашылығы туралы 200-ден астам жаңа кітаптар ұсынылды. Кеш соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, онда қазақстандық және мысырлық студенттер қазақ және араб тілдерінде Ұлы Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқады.

Аталған іс-шара қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мысырдың зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Елшіліктің осы бастамасын жоғары бағалап, Ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының туындылары арқылы қазақ әдебиетінің құндылықтарымен жақын танысуға мүмкіндік алғандарын жеткізді.

Сонымен бірге, кеш барысында Ұлттық академиялық кітапхана делегациясы жоғарыда аталған МАР-дың Уақыптар министрлігінің департамент директоры Халед Ғанем Ас-Саид және Асуан университетінде орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын және Әкім Таразидің "Жаза" романын арабшаға тәржімалаған аудармашы Мұхаммед Рияд сияқты белгілі мысырлық зиялы қауым ірі өкілдерімен танысты.

Қазақстан мен мысырлық әріптестер екі жақтан өзара ой-пікірмен, шығармашылықтары мен кітаптарымен алмасып, сонымен бірге алдағы уақытта тығыз және тиімді ынтымақтастық орнатуға уағдаласты. Мысырлық әріптестер Ұлттық академиялық кітапханасының қорын қалыптастыру қызметіне ат салысуға ниеттерін білдірді. Аталған іс-шара жергілікті БАҚ-та кең резонанс алды және осы тақырыпта 17 медиа-дайджест жаңалықтары жарық көрді.

Сонымен бірге, жалпы 2020 жыл ішінде Абайтану тақырыптағы Мысырдың БАҚ-тарда келесі шығарылымдар жарық көрді:

  • 01.2020ж. «alwasela.com» МАР-дың жаңалықтар порталында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы араб тілінде жарияланды;
  • 02.2020ж. «Elbalad.news» жаңалықтар сайтында Абайдың шығармашылығы мен өмірбаяны жарияланды;
  • 02.2020ж. Мысырдың «Ніл-Мәдениет» телеарнасында ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған арнайы бағдарлама жарық көрді;
  • 07.2020ж. мысырлық жазушысы Халед Ас-Саид Ғанемнің «Абайдың Қазақстан халқына өсиеттері» атты араб тіліндегі кітабы шығарылғаны туралы ақпарат «Аlkhabaralyoum.com» МАР-дың жаңалықтар сайтында жарық көрді;
  • 08.2020ж. қазақстандық ұлы ақын, ойшыл және жазушы Абай Күненбайдың туғанына 175 жыл толуына арналған вебинардың өтуі туралы «m.alwafd.news» жаңалықтар сайтында арнайы жаңалық шығарылды.

Алдағы уақытта да ұлы бабамыз Абайдың шығармашылығымен мысырлық аудиторияны таныстыру жұмысы өз қарқысын жоғалтпайды.

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарына сәйкес (бұдан әрі – Жоспар) 2020 жыл ішінде арнайы жобаларды іске асыру шеңберінде ғылыми-білім беру орталықтары мен үй-мұражайларының қызметін үйлестіретін, дүниежүзілік Фарабитанушы-ғалымдарды біріктіретін Халықаралық Фарабитанушылар орталығын құру және ұлы филофтың шығармашылығын насихаттау іс-шаралары жоспарланған.

2020 жылдың 31 қаңтарында Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам әлемі ұйымының (ИСЕСКО) жұмысы шеңберінде аталмыш ұйымның істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы Төрағасының орынбасары Елші А.Исағалиевтің  ИСЕСКО-ның Бас директоры Сәлім әл-Мәлікпен кездесуі өткенін атап кеткен жөн. Кездесу нәтижесінде  ИСЕСКО Әл-Фарабидің мерейтойын атап өту шараларын қолдауға дайын екендігі айқындалды.  Атап айтқанда, Бас директор Нұр-Сұлтанда біртуар ислам ойшылы, Ұлы Дала елі перзенті Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференцияны ИСЕСКО-ның қолдауымен өткізуге ниет білдірді. Сонымен қатар, ұйымның басшысы ислам әлемі елдерінде Әл-Фараби орталықтарын ашу, ғұлама еңбектерінің энциклопедиясын басып шығару, оның мұрасы жөнінде көркем фильм түсіру жөнінде Қазақстан бастамаларын қолдады.

2020 жылдың 27 ақпанында Елші А.Исағалиев мұсылман әлемінің рухани көшбасшысы, «әл-Азхардың» Жоғарғы имамы шейх Ахмад                          ат-Тайебпен кездесті.

Кездесу барысында Елші 2020 жылы Қазақстанның бастамасымен көрнекті мұсылман ғалымы және философы - Ұлы Даланың ұлы Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығы бүкіл әлемде аталып өтіп жатқандығын мәлімдеп, шейхқа «Әл-Азхар» кітапханалардағы ұлы философтың сирек қолжазбаларын алуға көмектескені үшін алғысын білдірді. 2019 жылы Бас имамның шақыруымен Каирге Қазақ ұлттық университетінің қазақстандық фарабитанушылар делегациясы келіп, «Екінші ұстаздың» бұрын Қазақстанда жарық көрмеген еңбектерімен таныстысқан болатын. Қазіргі уақытта ҚазҰУ Мысыр ғалымдарымен бірлесе отырып, әл-Фараби басылымдарының энциклопедиясын баспаға шығаруға дайындалып жатқаны мәлім. Сонымен қатар Елші А.Исағалиев ЮНЕСКО, ИСЕСКО және ИЫҰ қамқорлығымен әлемнің көптеген елдерінде әл-Фарабиға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтетіндігін және ғылыми орталықтар ашылатындығын хабарлады.

 Өз кезегінде ислам философиясына маманданған және әл-Фарабидің шығармаларын жақсы білетін шейх А.ат-Тайеб Қазақстан басшылығына ұлы ғалымның мұрасын жандандырғаны үшін ризашылығын білдірді. Ол «Ұстаздың бізге үйреткен рухани және мәдени құндылықтар қазіргі таңдағы   қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқан мұсылман әлемі үшін өте қажет» деп баса айтты. Бас имамның айтуынша, «мұндай бастамалардың көптеген ислам ғалымдары мен теологтарын қайта тірілткен Орталық Азия мемлекеттерінен шығуы қуантады». Шейх 2020 жылы Каирде Әл-Азхар университетінің қамқорлығымен  әл-Фарабидің мерейтойына арналған халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті.

2020 жылдың қыркүйегінде Әл-Азхар университетінің Шет тілдер және аударма факультетінің ғимаратындағы 110 шаршы метрлік залға Әл-Фараби есімін беру туралы шешім қабылданды.

Әл-Азхар университетінде орналасқан әл-Фараби залын жөндеу және әрлеу жұмыстары 2021 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарлануда. Келешекте аталмыш залды Әл-Фараби ғылыми-білім беру орталығына айналмақ.

Мысырдың бұқаралық ақпарат құралдарында Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойына байланысты мақалаларды жариялануда. «Ахбар әл-Яум» газетінде осы мерекелерге қатысты оннан астам мақалалар шығарылды.

Діни байланыстар. ҚМДБ-ның шейх «әл-Азхар» кеңсесімен, Вакуфтар министрлігімен және Мысыр Араб Республикасы Жоғарғы Мүфтиінің кеңсесімен тығыз байланыс орнатылды. ҚМДБ арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдер Мысырдың пәтуаларын шығару орталығымен (муфтият), сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет саласындағы әл-Азхар университетімен жасалды.

2019 жылдың 15-16 қыркүйегінде Каирде Мысырдың Вакуфтар бойынша министрі, Ислам істері жөніндегі Жоғарғы Кеңестің басшысы М.Жуманың төрағалығымен «Мемлекеттік құрылыстағы діннің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Мысырдың Президенті Абдель Фаттах ас-Сисидің қамқорлығымен өткен конференцияға 57 елдің ислам істері жөніндегі мемлекеттік органдарының басшылары мен муфтияттары қатысты. Қазақстандық тараптан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы қатысты, оның құрамына Жоғарғы мүфтидің кеңесшісі Б.Мекежанов пен діни мәселелер және кадрларды даярлау бөлімінің бастығы Б.Мырзагелдиев кірді.

2019 жылғы 16-17 қазанда «Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының» басшысы А.Әбибуллаев Мысырға жұмыс сапарымен барып, Мысырдың бірқатар діни лидерлерімен кездесті. Атап айтқанда, ол шейх «әл-Азхардың» жоғарғы имамы                                     А. ат-Тайибпен, Вакуфтар бойынша министрі М. Джумамен, Мысыр парламентінің дін істері және вакуфтар комитетінің төрағасы У.Ал-Абдпен және православ шіркеуі басшысының орынбасары Александрия Патриархы Епископ Юлиуспен кездесті. Кездесулер барысында А.Әбибуллаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінің қаулысымен бекітілген жаңа «Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының» миссиясы, мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратты жеткізді, сондай-ақ Мысырдың діни орталықтарымен тығыз ынтымақтастықта болуға қызығушылық танытты.

2020 жылғы 28 ақпанда Елші А.Исағалиевтің «әл-Азхардың» Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесуі өтті.

Кездесу барысындағы негізгі тақырыптардың бірі болып табылатын                  «әл-Азхар» өкілінің 2020 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтанда өтуі жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының келесі отырысының жұмысына қатысуы мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы мен                 «әл-Азхардың» діндераралық  диалог орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселелері талқыланды. Шейх А.ат-Тайеб             2018 жылы өзі қатысқан VI съездің нәтижелерін жоғары бағалай отырып, өзінің хатшысының алдағы Хатшылық отырысына қатысуын растады. Сонымен қатар, ол жоғарыда аталған меморандумға Назарбаев орталығымен мерзімінен бұрын қол қоюға қызығушылық танытып, орталықтың әрі қарай қалыптасуы мен дамуына қолғабыс көрсетуге уәде берді.

Білім және ғылым саласында өзара байланыс орнатылды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Жоғары білім және ғылыми-зерттеу министрлігі арасындағы келісімге, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Айн Шамс университетінің, сондай-ақ ҚазҰУ мен Каир университетінің арасындағы білім және ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қазіргі уақытта Мысырда Қазақстанның 100-ден астам студенттері білім алуда (көбінесе әл-Азхар теологиялық университетінде, сондай-ақ жеке діни және тілдік орталықтарда, 10-ға жуық студент Каир және Айн Шамс университеттерінде).

2019 жылдың 19 наурызында Каир университетінің филология факультетінде «қазақ тілі» мамандығының ресми ашылуы өтті. Сол оқу жылының басынан бастап араб әлемінде тұңғыш рет университетте Президент Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке пән ретінде сабақ беретін қазақ тілінің алғашқы ашық сабағы өтті.

Қазіргі уақытта, Мысырда Каир университетінің Тілдер факультетінде қазақ тілі пәнінен дәріс беру жалғасуда. Сонымен бірге, «COVID-19» пандемиясы салдарынан уақытша тоқтатылған дәрістер, сырттай және он-лайн форматында өз жалғасын табуда. Қазақ тілді меңгеруді ниет еткен оқұшылар тобына 2-4 курстағы 20 шақты араб студенттер кіреді.

Жоғарыдағы оқыту іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақстатында, сондай-ақ қазақ тілін оқыту үдірісіне қолдау көрсету мақстатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің филология факультетінің деканы Ы.Балтөренің тікелей қолдауымен Каир университетіндегі қазақ тілін оқытушысы Р.Төлебайға әдістемелік және ақпарттық көмек көрсетуліде.

2019 жылғы 4 шілдеде Елші А. Исағалиев мұсылман әлемінің діни орталығы болып табылатын «әл-Азһар» университетінің ректоры                             М.әл-Махрасауимен кездесудің нәтижесінде аталған білім ордасының Тілдер және аударма факультетінде «қазақ тілі» мамандығын ашу мәселесі көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған пәнді оқыту үшін  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттен қазақ тілінің оқытушысы күтілуде. Бұл орталық келешекте қазақ тілі кафедрасын ашуға мүмкіндік жасайды.   

Сонымен бірге, Мысырдағы Суэц арнасы университетінің Тілдер факультетінде де "қазақ тілі" мамандығы енгізілді. Дәрістер 2021 оқу жылының екінші жартысынан басталмақ.

2019 жылдың 2 мамырында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Мысыр халықаралық университеті (EIU) Каирде қазақстандық университеттің филиалын ашу туралы келісімге қол қойды. Болашақта оның студенттері ҚазҰУ-да академиялық алмасу бойынша тағылымдамадан өтіп, олардың ең жақсылары магистратураға түсуге мүмкіндік алады.

Білім беру саласындағы маңызды бірлескен жоба - бұл қазақстандық студенттерге шетелге шықпай-ақ білікті теологиялық білім алуға мүмкіндік беретін Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Мысыр Ислам мәдениеті университеті болып табылады.

2020 жылғы 17 қаңтарда  Елші А.Исағалиев "Нұр-Мүбарак" Қазақ-Мысыр ислам мәдениеті университетінің ректоры М.Шаххат әл-Джиндимен кездесу өткізіп, оның барысында 2020 жылға арналған екіжақтық қатынастарға  қатысты жұмыс жоспары талқыланды.

Қазақстан мен Мысыр арасындағы білім алу саласындағы қарым-қатынастар жалпы екі елдің өзара мәдениетін, әдеп-ғұрыпын, салт-дәстүрін және тарихын тануға оң серпін тигізуде.  

Осы орайда қызықты фактілердің бірі ретінде Әл-Азһардың тұңғыш түлегі 1880 жылы бұрынғы Астрахань губерниясы Бөкей ордасына қарасты Қараоба ауылында ауқатты отбасында дүниеге келген Ғабдолғазиз Мұсағалиұлы болып отыр. Мысырдың бай кітапханаларын сүзіп, халифат дәуіріндегі ескі қолжазба мұралармен танысқан. Шығыс елдері мен түркі халықтарының ежелгі тарихына, этнографиясына, әдебиетіне қатысты деректерді жинаған. Кейіннен сол Мысырда жүріп оқыған еңбектерін қазақ оқырмандарына ұсынған болатын. 1907-1908 жылы университет студенті араб тілді әдебиеттегі «Гүлжиһан» деген әйгілі дастанды жаттап алған. Оны тек жаттап қана қоймай, нәзира үлгісімен қазақ тіліне аударды. Тарихи дерекке сүйенсек, «Гүлжиһан» дастаны 685 жылы Сирияның Дамаск қаласында жазылған лироэпостық шығарма болатын.

Мысырдағы әл-Азһар университетін бітіргеннен кейін Ғабдолғазиз жер-жаһанды толық аралап көрмек үшін саяхат жасаған екен. Үнді мұхиты арқылы кемемен Африка, Азияны аралапты. 1909-1910 жылдары Түркия, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Жапония елдеріне саяхат жасап, жол бойы көрген-білгенін хатқа түсіріп, сол жерді қоныстанған ұлт пен ұлыстың тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы туралы сапарнамалық очерк те жазған. Ғылыми-танымдық бағыттағы «Мысыр» сапарнамалық мақаласы «Айқап» журналының 1914 жылғы №24 санына жарияланған болатын. Ғабдолғазиздың тағы бір ерекшелігі – сегіз тілді еркін меңгерді. Орыс, түрік, татар, араб, парсы, испан, француз, неміс тілдерін жетік меңгеріп, сол тілдерден еркін аудара жасаған және айнақатесіз сауатты жаза да білген. Тағы бір артықшылығы – ол бала жасынан дін ілімін үйреніп, шариғат пен әдет-ғұрып ісінде өте білгір, ахлақ, фиһқ мәселесін терең түсінген, қасиетті кітап – Құран Кәрімді толық оқыған және жатқа білетін, сонымен қатар оны мазмұнды баяндап, тәспірлей алатын. 2020 жылдың тамыз айында Ғабдолғазиз Мұсағалиұлының туғанына 140 жыл болды.         

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Оны іске асыру барысында іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, нәтижесінде тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштері ашылып, маңызды тарихи-мәдени объектілер реставрацияланды және реконструкцияланды.

2020 жылдың 15 сәуірінде Мысыр парламентінде өткен Елші А.Исағалиевтің МАР Вакфтар министрі М.Джұмамен кездесу барысында  Мысырдың үкіметі Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге                   181 млн. фунт (10,5 млн АҚШ доллары) бөлгенін мәлімденді. Сонымен бірге, Вакфтар министрі бұл жобаны тез арада жүзеге асыру үшін өз министрліктің бюджетінен қосымша 10 млн.фунт бөлгенін атап өтті.

2020 жылғы 15 қарашада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту мақсатында Мысырға арнайы сапармен келген қазақ делегациясы Сұлтан Бейбарыс мешітіне зиярат жасады. Қазіргі уақытта мешітте күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Жобаның бас мердігері, Мысыр мен Таяу Шығыстағы ең ірі құрылыс компаниясы - «Arab Contractors» өкілдерінің айтуынша, мешітті толық қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылдың шілде айында аяқталуы керек еді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жағдай Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи байланыстардың символына айналған қазақ даласының ұлы перзенті Бейбарыс Сұлтанның мұраларын қайта жаңғырту жұмыстары 2021 жылдың жазында толық аяқталатынына үміт береді.

Қазіргі таңда Мысырда мәмлүк билігінің дәүріне қатысты бірнеше белгілі нысандар бар, атап айтқанда: Каир қаласындағы орналасқан Бейбарыс мешіті және Бейбарыс кітапханасының қалдығы, Мансұр Сейфутдін Қалауын кешені және Ән-Насир Мұхаммед бен Қалауын мешіті, Мысырдың Қалюб қаласындағы Бейбарыс мешіті мен «Арыстан бөгеті», сондай-ақ арнайы зерттеулер қажет ететін Мысырды билеген көптеген мәмлүк сұлтандары мен әмірлерінен қалған кесенелер, мешіттер, медреселер, қонақ үйлер және аурухана кешендері болып табылады. Қазіргі таңда аталған тарихи мекен орындары көне Каирдің негізгі туристік нысандарының ретінде қалыптасты.

Қазақстан мен Мысыр арасындағы мәдени-гуманитарлық және діни саласындағы қатынастарды қамтийтін келісім-шарт базасында 23 келісім мен меморандумдарға қол қойылған.

        

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Akhmet Baitursynov
NAZARBAYEV CENTER FOR DEVELOPMENT OF INTERFAITH AND INTER-CIVILIZATION DIALOGUE
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Arab Republic of Egypt
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Telegram
YouTube
Instagram
Twitter

Меню подвал

Screen Reader
Terms and explanations
Digital transformation concept
Life situations
Central communications service under the President of the RK
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Sustainable Development Goals
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
National Symbols