Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынас

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 20 қазанда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1995-1997 жылдары Хорватия Республикасының (ХР) Шаруашылық палатасының өкілі К.Хромин бастаған Алматыдағы өкілдігі жұмыс істеді.

2003 ж. Загребте ҚР консулдығы ашылды.

2007 ж. 19 желтоқсанда ҚР Елшілігін ашу туралы Жарлыққа қол қойылды.

2023 жылғы 16 маусымнан бастап ҚР-ның Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Камалдинов болып табылады.

2018 жылғы желтоқсаннан бастап ХР-ның Қазақстандағы Елшілігі жұмыс істей бастады.

2019 жылғы 6 ақпаннан бастап Р.Шабанович Хорватияның Қазақстандағы Елшісі болып табылады.

 

Жоғары деңгейдегі байланыстар

ҚР экс-Президенті Н.Назарбаев Хорватияға екі рет барды (2001 ж.18-20 шілдеде және 2006 ж. 11 шілдеде ресми сапарлармен).

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Хорватияға сапар жасаған жоқ.

Хорватия президенттері Қазақстанға төрт рет келді (С.Месич ресми сапармен - 2002 ж. 18-21 сәуірде, ҚР Президентінің ұлықтау рәсіміне - 2006 ж. 10-11 қаңтарда, 2007 ж. шілдеде жұмыс сапарымен, И.Йосипович - 2010 ж. желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін бір рет).

Бұрынғы президент С.Месич 2011 және 2017 жылдары АЭФ жұмысына, 2012 жылы "Назарбаев оқулары – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Халықаралық форумына қатысты.

ХР бұрынғы президенті И.Йосипович 2018 жылғы 12-13 қарашада Астана клубының 4-ші отырысына қатысты.

2019 жылғы 30 сәуірде Премьер-Министрдің орынбасары – ХР СЕІМ М.Пейчинович Буричтің Қазақстанға ресми сапары өтті, ҚР Парламенті Сенатының төрағасымен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен кездесулер, екі елдің СІМ арасындағы сыртқы саяси консультациялар өтті.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

ҚР Парламенті Мәжілісінде Хорватиямен ынтымақтастық жөніндегі топ жұмыс істейді. Осы тобының жетекшісі - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым.

ХР Саборында Қазақстанмен достық тобы жұмыс істейді, жетекшісі - парламентаралық ынтымақтастық комитетінің мүшесі Иван Кирин.

ХР Саборының Денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, депутат И.Челич Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" конференцияға қатысты (2019 жылғы 23-24 қыркүйек).

Хорватия Саборының Вице-спикері Даворко Видович тәуелсіз бақылаушы ретінде 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысты. Қазақстан-Хорватия парламентаралық ынтымақтастығының перспективалары 21 қарашада Д.Видовичтің ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанмен кездесуінде талқыланды. Депутаттар екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға келісті.

2023 жылғы 19 наурыздағы ҚР Парламенттік сайлауында ЕҚЫҰ ПА бақылаушылары ретінде Хорватияның келесі өкілдері қатысты: ЕҚЫҰ ПА-дағы Хорватия делегациясының басшысы, ХР Парламентінің депутаты Давор Бернардич, ХР Парламентінің депутаты Хрвое Шимич, ХР Парламентінің депутаты Звонимир Троскот, ЕҚЫҰ ПА-дағы Хорватия делегациясының хатшысы Ольгица Толич (16-20 наурыз, Астана және Алматы қалалары).

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР ҚМ МКК деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 432 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде ҚР-дан экспорт - 397,98 млн., ХР-дан импорт - 34,03 млн. Тауар айналымы құрылымында қазақстандық мұнайдың үлесі 396,48 млн. АҚШ.

Хорватияға ҚР экспортының құрылымында мұнай мен мұнай өнімдері (99%) және алюминий басым. Хорватиядан ҚР импортында медициналық препараттар (антибиотиктер), жабдықтар, тамақ өнімдері және т.б. басым.

2022 жылы ҚР мен Хорватия арасындағы тауар айналымы 361,4 млн. долларға жетті оның ішінде Хорватияға экспорт - 340,9 млн., импорт - 20,5 млн. (2021 жылы - 680,9 млн., оның ішінде импорт - 661,8 млн., экспорт - 19,1 млн.).

Қазақстанда құрылыс, IT-технологиялар, сауда және қызмет көрсету салаларында 18 Хорват компаниясы табысты жұмыс істеуде.

Экономикалық салада елдердің өзара іс-қимылының негізгі тетігі экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия болып табылады. ҮАК тең төрағалары: Қазақстан тарапынан - ҚР Ұлттық экономика министрі А.Қуантыров, Хорват тарапынан - Хорватияның экономика және тұрақты даму министрі Д.Хабиян.

2024 жылғы 25 қаңтарда Загребте Қазақстан-Хорватия ҮАК экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірінші отырысы өтті.

Тараптар 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан-Хорват Іскерлік кеңесін құру және Бизнес-форум өткізу бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Хорватияның көрнекті қоғам қайраткерлерінің, ғылым, білім және мәдениет өкілдерінің қатысуымен Хорватия-Қазақстан Достығы қоғамы мәдени байланыстарды дамытудың маңызды тетігі болып табылады (қоғам төрағасы – Андрия Карафиллипович).

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Cъезінің тұрақты қонағы - Хорватия ислам қоғамының президенті, Бас мүфти, доктор Азиз эф. Хасанович (2015, 2018, 2022 жылдары қатысқан).

Елшілік Хорватия «Память» қауымдастығының басшысы Дамир Яшаревичпен әскери жерлеу орындарын іздеумен және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандардың, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендердің есімдерін белгілеумен белсенді айналысады. Елшіліктің қолдауымен 2022 ж. 8 тамызда Хорватияның «Память» қауымдастығы мен «Атамның Аманаты» қазақстандық қоғамдық бірлестігі арасында соғыс кезінде қаза болғандар мен хабарсыз кеткендерді мәңгі есте қалдыру бойынша күш-жігерді біріктіру туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстан жыл сайынғы «Марко Поло» халықаралық мәдениет фестиваліне қатысады. Бұған дейін Қазақстанның заманауи кинематографиясы «Марко Поло» өнер фестивалінде Ақан Сатаев пен Ермек Тұрсыновтың «Жаужүрек мың бала», «Келін» және «Анаға апарар жол» фильмдерін, соңымен қатар режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмін ұсынған болатын.

Қазақстанның жастар футбол командалары («Тұран», «Каспий», «Астана», «Атырау» және т.б.) жыл сайын Хорватияның Сплит қаласында өтетін «Далматинко кубогы» халықаралық жастар турниріне қатысады.

2023 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ Загреб университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

2023 жылдың 11 сәуірінде Хорватияда Наурыз мейрамын мерекелеу аясында алғаш рет Қазақстан Елшілігінің қолдауымен TURAN этно-фольклорлық ансамблінің концерті сәтті түрде өткізілді. Этнокөрмеде Хорватия астанасының тұрғындары үшін алғаш рет киіз үйдің әсем интерьері ұсынылды.

Елшілік мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында сурет пен фотокөрмелерін, кітаптардың тұсаукесерін және басқа да іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді. 2023 жылғы 23 қазанда Загреб қаласында TURAN ансамблінің музыкалық қойылымы аясында фотокөрме, елдің туристік әлеуеті туралы бейнероликтер көрсету және ежелгі қазақ аспаптарымен - қобыз, сыбызғы, жетіген, шертер, домбыра және басқалармен танысу арқылы мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

facebook
instagram
twitter
youtube
Telegram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары