Меню
Страницы
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Все материалы
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
The Golden Warrior of the Kazakh Steppe
26 апреля 2025

In 1969, a remarkable archaeological discovery took place near the village of Issyk in southeastern Kazakhstan. Unearthed from a royal burial mound, archaeologists revealed an extraordinary find – an elaborately adorned warrior, covered head to toe in gold leaf armor. The Golden Warrior, also known as the Golden Man, instantly captured the world's imagination, offering a glimpse into the sophisticated nomadic culture of ancient Kazakhstan.

The Golden Warrior's armor is a masterpiece of ancient craftsmanship. Intricately detailed, the golden suit comprises thousands of individual pieces, meticulously assembled to fit the warrior's body. This workmanship displayed in the armor showcases the advanced metallurgical skills of the ancient nomads. The warrior's headdress, resembling a fearsome animal, adds to the aura of mystery surrounding the artifact.

Today, the Golden Warrior is housed in the Central State Museum of Kazakhstan in Almaty, where it continues to captivate visitors from around the world.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Kazakh Embassy at Sherman’s House
24 апреля 2025

Built in 1888, Washington, D.C.’s “Sherman House,” is home today to the Embassy of the Republic of Kazakhstan to the United States. The spacious, brick, Richardsonian-style house has had some notable tenants, but none more so than U.S. Vice President James S. Sherman, the 27th Vice President of the United States. Sherman served as President William Howard Taft’s vice president and remains the only vice president ever to have died in office.

The Sherman House features a massive hip roof, prominent chimneys and a distinctive round corner tower. The house was designed and built by Charles and Samuel Edmonston for Susan Shields, the widow of a wealthy newspaper publisher. The Edmonston’s familiar design style is reflected in many of the Dupont Circle neighborhood’s most enduring apartments and homes.

To honor the Sherman tradition of open-door hospitality, diplomats from Kazakhstan go to great lengths welcome and entertain official visitors as well as the general public, who are always welcome to tour the inside of the house. Not only is the exterior of the Embassy wonderful, but the inside is well-appointed with rich, dark woodwork, high ceilings and ornate staircases. The Embassy is much like the country itself in that it welcomes anyone through its door and visitors can view the Kazakh artwork, jewelry, statues, and cultural attire on display inside, including a room designed to resemble the interior of a traditional Kazakh yurt, or nomadic tent.

The Sherman House is a small slice of American history. Since its construction, the house has served as a place of fellowship, dialogue and the open exchange of ideas. Appropriately, Kazakhstan’s modern day diplomats have embraced Sherman’s open-door policy too and used it to strengthen relations between Kazakhstan and the United States.

 

Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қызметтер
Қайталама куәліктер мен анықтамаларды ресімдеу
02 апреля 2025

БЕРІЛЕТІН АНЫҚТАМАЛАР:

  • туу туралы қайталама куәлік беру;
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік беру;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік беру;
  • қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
  • туу туралы анықтама беру;
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беру;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама беру;
  • қайтыс болуы туралы анықтама беру;
  • некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру.
  • Туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш.
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін).
  • Туу/некеге тұру/некені бұзу/қайтыс болу туралы алғашқы куәлік (бар болса).
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • 3 жұмыс күні;
  • АХАЖ АЖ-да акт жазбасы болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3  күнтізбелік күн ішінде (өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде) хабардар ете отырып, күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • 25 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (202) 232 5488 ішкі 109, 127, 121 және / немесе электрондық пошта: consuldc16@gmail.com; consuldc@mfa.kz.

Шетел азаматтарына көрсетілетін қызметтер
Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қызметтер
Құжаттарды заңдастыру
01 апреля 2025

Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің түпнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.

Құжаттарды заңдастыруды:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері;
  • Қазақстан Республикасының аумағында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (Астана қ.), ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі жүзеге асырады.

Жеке тұлға үшін:

  • еркін нысандағы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • заңдастыруға жататын құжат;
  • консулдық алым төленгенін растайтын құжат;
  • өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңды өкіл немесе құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті адам берген кезде).

 Заңды тұлға үшін:

  • еркін нысандағы өтініш;
  • өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • заңдастыруға жататын құжат;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйесінен мәліметтер не заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын өзге де құжат (шетелдіктер үшін);
  • өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңды өкіл немесе құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті адам берген кезде).
  • Заңдастыруға құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қабылданады.
  • Шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және оларды аудармашы немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйым куәландыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде әрекет жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереженің 10-тарауында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Заңдастыруға жатпайтын құжаттар:

  • уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі жоқ құжаттар;
  • уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі бастапқы құжатында қойылмаған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен аудармалары;
  • электрондық құжаттар;
  • туу туралы куәліктен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары.
  • жеке немесе заңды тұлға қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 3 жұмыс күні;
  • қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда - 30 күнтізбелік күн, бұл ретте, мерзімдерді ұзарту туралы ақпарат қызмет алушыға жазбаша нысанда хабардар етіледі.
  • Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
  • Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
  • Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.
  • 35 АҚШ доллары

Төлемақы әрбір заңдастырылатын құжатқа жеке алынады. Төлемақы заңдастырылатын құжат иесінің атынан жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасы 1961 жылғы шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

         Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастырылуын талап етуді жоятын Гаага конвенциясына мүше мемлекет болып табылады. Гаага конвенциясына сәйкес, бір мемлекеттің құзыретті органдарымен жасалған және Гаага конвенциясына қатысушы басқа да мемлекеттің аумағында қолдануға жататын құжаттарға «апостиль» мөрі қойылады. Гаага конвенциясына мүше мемлекеттердің бірінде құжат апостильмен бекітілген жағдайда, ол басқа конвенцияға мүше мемлекетінде ешқандай шектеусіз қабылданады.

1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушы-мемлекеттер:

 

 

 

Америка Құрама Штаттары (АҚШ)

Мексика

Аустралия

Молдова

Аустрия

Монако

Азербайжан

Моңғолия

Албания

Марокко

Андорра

Намибия

Антигуа және Барбуда

Нидерланды

Аргентина

Никарагуа

Армения

Ниуэ

Багамы

Жаңа Зеландия

Бангладеш

Норвегия

Барбадос

Оман

Бахрейн

Оңтүстік Африка Республика

Белиз

Өзбекстан

Белоруссия

Кука аралдары

Бельгия

Пәкістан

Болгария

Палау

Боливия

Панама

Босния және Герцеговина

Парагвай

Ботсвана

Перу

Бразилия

Польша

Бруней Даруссалам

Португалия

Бурунди

Ресей Федерация

Вануату

Руанда

Венесуэла

Румыния

Гайана

Сальвадор

Гватемала 

Самоа

Германия

Сан-Марино

Гондурас

Сан-Томе және Принсипи

Гренада

Сауд Арабия

Греция

Сингапур

Грузия

Солтүстік Македония

Дания

Сейшел

Доминика

Сенегал

Доминикан Республикасы

Сент-Винсент және Гренадины

Жапония

Сент-Китс және Невис

Израиль

Сент-Люсия

Индия

Сербия

Индонезия

Суринам

Ирландия

Словакия

Исландия

Словения

Испания

Тәжікстан

Италия

Того

Кабо-Верде

Тринидад және Тобаго

Канада

Түркия

Кипр

Тунис

Колумбия

Украина

Корея Республикасы

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия

Коста-Рика

Уругвай

Косово

Фиджи

Қазақстан

Филиппин

Қырғызстан

Финляндия

Қытай (ҚХР)

Франция

Латвия

Хорватия

Лесото

Черногория

Либерия

Чехия

Литва

Чили

Лихтенштейн

Швейцария

Люксембург

Швеция

Маврикий

Эквадор

Мажарстан

Эстония

Малави

Эсватини

Мальта

Ямайка

Маршалл аралдары

 

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (202) 232 5488 ішкі 109, 127, 121 және / немесе электрондық пошта: consuldc16@gmail.com; consuldc@mfa.kz.

Шетел азаматтарына көрсетілетін қызметтер
Визаларды ресімдеу және ұзарту
01 апреля 2025

 

Визаларды беру үшін келесі құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:

Визалық сауалнама:

  • қолмен анық немесе электронды мемлекеттік, орыс, ағылшын тілінде толтырылады;
  • сұрақтарына жауаптар толық болуы тиіс;
  • виза алушының өзі қол қояды;
  • кәмелетке толмаған балалардың атынан виза алу үшін визалық құжаттарға олардың заңды өкілдері қол қояды.

Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті:

  • құжаттарды ресімдеу кезінде, Визалық сауалнамаға желімделген фотосурет, бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болып табылатын шетелдіктерден басқа, шетелдік мұндай бас киіммен паспорттағы фотосуретте бейнеленген жағдайда, азаматтың фотосуреті жасына сай келуі және қара түсті көзілдіріксіз, бас киімсіз беті алдынан қарағанда адам анық бейнеленген болуы тиіс.

ҚР ІІМ-де тіркелген шақыру немесе қолдаухат:

Шет мемлекеттің жарамды паспорты:

  • түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;
  • Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған виза алушыларды қоспағанда, визаларға арналған кемінде 2 таза бет болуы тиіс;
  • Қазақстан Республикасының аумағынан кету арналған виза алушыларды қоспағанда, қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс;
  • қолдану мерзімін ұзарту туралы белгілер болмауы тиіс.

Консулдық алым немесе мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы:

  • төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

Виза алушылар:

  • шет мемлекеттердің, үкіметтердің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың басшылары мен олардың отбасы мүшелері;
  • шет мемлекеттердің парламенттерінің, үкіметтерінің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың мүшелері мен олардың отбасы мүшелері – дипломатиялық паспорт иелері, сондай-ақ ресми шетелдік делегациялар мүшелері мен олармен бірге жүретін адамдар – дипломатиялық паспорт иелері;
  • Қазақстан Республикасының құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін дипломатиялық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері;
  • дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер – курьерлік парағы болған кезде дипломатиялық паспорттардың иелері.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • вербалдық нота.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдердің дипломатиялық агенттері;
  • шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктердің Қазақстан Республикасына жұмысқа жіберілетін қызметкерлері;
  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • вербалдық нота (шақырылатын адамның тағайындалған лауазымы, ал ротация болған жағдайында орнына тағайындалған қызметкердің лауазымы, тегі және аты көрсетілген).

Виза алушылар:

  • ресми шетелдік делегация мүшелері, олармен бірге жүретін адамдар және олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстан Республикасына жіберілетін (ҚР СІМ-мен келісім бойынша) және Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
  • Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметкерлері;
  • "A2" және "А4" санаттарындағы визаға үміткер адамдардың қамқорлығындағы адамдар;
  • дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін, ұлттық паспорт иелері мен олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін қызметтік паспорттар иелері;
  • егер дипломатиялық паспорттары болмаса және курьерлік парағы болған кезде, дипломатиялық пошта тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер;
  • шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілетін адамдар;
  • ғарыш кеңістігіне ұшу үшін Қазақстан Республикасына баратын және ғарыш кеңістігінен Жерге оралатын ғарышкерлер мен астронавтар.

 Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін (ғарышкерлерге мен астронавттарға 3 жылға дейін), виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • вербалдық нота.

Виза алушылар:

  • әкімшілік-техникалық және дипломатиялық өкілдіктер персоналына қызмет көрсететін мүшелер;
  • халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлері;
  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелері персоналына қызмет көрсететін консулдық қызметшілер, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері.

 Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

 Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • вербалдық нота (шақырылатын адамның тағайындалған лауазымы, ал ротация болған жағдайында орнына тағайындалған қызметкердің лауазымы, тегі және аты көрсетілген).

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары және (немесе) басшыларының орынбасарлары, және (немесе) құрылымдық бөлімше басшылары;
  • руководители структурных подразделений юридических лиц, осуществляющих инвестиционную деятельность на территории Республики Казахстан;
  • АХҚО инвестициялық салық резиденттігінің бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
  • олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 5 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасының экономикасына 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлер.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • көп мәртелік 10 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алушылар:

  • конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми және басқа да іс-шараларға қатысушылар;
  • жиындардың, дөңгелек үстелдердің ұйымдастырушылары, көрмелердің, сарапшылар жиналысына қатысушылар;
  • гуманитарлық көмекті алып жүретін адамдар;
  • оқу орындарында дәрістер оқу және сабақтар жүргізу мақсатында келетін адамдар;
  • Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде оқуды қоспағанда, жастардың, студенттердің және оқушылардың алмасу бағдарламаларына қатысушылар;
  • спорт іс-шаралар қатысушылар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, болу кезеңі 60 тәулікке дейін;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, әрбір келу кезінде болу кезеңі 60 тәуліктен артық емес.

Виза алушылар:

  • жабдықты монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету мақсатында келетін адамдар;
  • консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатында келетін адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, болу кезеңі 30 тәулікке дейін;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, болу кезеңі 90 тәулікке дейін.

Виза алушылар:

  • келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасасуға келетін адамдар;
  • индустрияландыру және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастық аясындағы келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасасуға келетін адамдар;
  • құрылтайшылар немесе директорлар кеңесінің мүшелері.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, болу кезеңі 30 тәулікке дейін;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, әрбір келу кезінде болу мерзімі 30 тәуліктен артық емес.

Виза алушылар:

  • халықаралық автомобилдік тасымалдарды жүзеге асыратын адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, болу кезеңі 30 тәуліктен артық емес;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, әрбір келу кезінде болу мерзімі 30 тәуліктен артық емес.

 Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруіне рұқсат беретін құжаттар (рұқсат беру бланкісі);
  • халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру рұқсатының көшірмесі;
  • жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
  • көлік құралының құжаттары.

* Виза алушы, алынған санаттағы визаға сәйкес көлікпен ғана Қазақстан Республикасының аумағына кіруді және шығуды жүзеге асырады.

Виза алушылар:

  • Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты және чартерлік әуе рейстері ұшақтарының мүшелері, пойыз бригадаларының, сондай-ақ теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, болу кезеңі 30 тәуліктен артық емес;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, әрбір келу кезінде болу мерзімі 30 тәуліктен артық емес.

 Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • Қазақстан Республикасының аумағымен жүруіне рұқсат беретін құжаттар.

* Пойыз бригадаларының мүшелері алынған санаттағы визаға сәйкес көлікпен ғана Қазақстан Республикасының аумағына кіруді жүзеге асырады.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасына діни бірлестіктің іс-шараларына қатысу үшін (миссионерлік қызметті қоспағанда) жіберілетін адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, болу кезеңі 30 тәуліктен артық емес.

Виза алушылар:

  • оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін, соның ішінде "Астана Хаб" және АХҚО бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алушылар:

  • талап етілетін кәсіптерге ие тұлғалар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 күнтізбелік күнге дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 90 күнтізбелік күнге дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне (виза бір жыл ішінде 1 рет беріледі).

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын IT-мамандар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік электронды 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік қағазды 1 жылға дейін (В9-1 электронды виза бар болған жағдайда, ҚР ІІМ-мен беріледі), виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • ақпараттандыру мәселелері бойынша ҚР уәкілетті органының немесе Astana Hub-тың қолдаухаты.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келетін адамдар;
  • растайтын құжаттар бар болған кезде Қазақстан Республикасына жақын туыстарының/жақындарының жерлеуіне немесе ауырған жағдайда бара жатқан адамдар;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарымен Қазақстан Республикасына бірге кіретін жұбайлары, балалары (оның ішінде асырап алынған балалары) немесе ата-аналары (қорғаншылары, қамқоршылары)(туыстығын растайтын құжаттар болған кезде);
  • этникалық қазақтармен Қазақстан Республикасына бірге кіретін (этникалық қазақ болып саналмайтын) жұбайлары, балалары.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, әрбір кіру кезінде болу мерзімі 90 тәуліктен артық емес;
  • көп мәртелік (бұрынғы отандастар) - 3 жылға дейін, әрбір кіру кезінде болу мерзімі 90 тәуліктен артық емес.

* Бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін жіберілетін адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 180 тәулікке дейін, болу кезеңі 120 тәуліктен артық емес;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, әрбір кіру кезінде болу мерзімі 120 тәуліктен артық емес.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасына турист ретінде жіберілетін адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, болу кезеңі 30 тәуліктен артық емес;
  • көп мәртелік 90 тәулікке дейін, әрбір кіру кезінде болу мерзімі 30 тәуліктен артық емес.

Виза алушылар:

  • қашықтықтан жұмыс істейтін және шетелдік көздерден тұрақты табысы бар тұлғалар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • көп мәртелік 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • 3000 АҚШ долларынан асатын тұрақты айлық кірісті растайтын өткен 6 айдағы банктік үзінді көшірме;
  • азаматтығына тиесілі мемлекетінің құзыретті органы берген салық декларациясы;
  • соттылықтың жоқтығын растайтын тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген құжаты;
  • сұралған виза мерзімін қамтитын медициналық сақтандыру.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, бір бағытта 5 тәулік ішінде;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, бір бағытта 5 тәулік ішінде.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • жол жүру құжаттар;
  • ресімделген виза;
  • жеке көлік құралымен жүретін осы адамның жүргізуші куәлігі және көлік құралын басқару құқығын растайтын құжаттар.

Виза алушылар:

  • тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына жіберілген немесе келген этникалық қазақтар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • көп мәртелік 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

 Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • өтініш иесінің ұлтын растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы беретін құжаттар - жеке басты куәландыратын құжаттарда ұлты туралы жазбасы болмаған жағдайда;
  • басым тәртіппен қандастарды иммиграциялық квотаға енгізуге құқық беретін құжаттар;
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын аурулардың жоқтығы туралы анықтама;
  • соттылығының болуын не жоқтығын растайтын тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген құжаты.

Виза алушылар:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын адамдар, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастардың , Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ бизнес иммигранттардың отбасы мүшесі болып табылатын адамдар (кемінде екі жыл мерзім).

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне немесе шақырушы адамның (ҚР азаматтарынан басқа) тіркелу мерзіміне.

 Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • еркін нысадағы шақырушы адамның қолдаухаты;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарын қоспағанда, нотариалды куәланыдырған шақырушы адамның уақытша тұруға рұқсаттың көшірмесі;
  • шақырушы адам мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын нотариалды куәландырған құжат көшірмесі;
  • шақырушы адамның Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген кемінде ең төменгі жалақы мөлшерінде әрбір отбасы мүшесін ай сайын ұстауға ақшасының болуын растау;
  • шақырушы адамның "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жығы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алаңы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растайтың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • шақырушы адамның отбасының әрбір мүшесі үшін медициналық сақтандыру;
  • Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттік уәкілетті органдары ұсынған, шақырушы адаммен (Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде кемінде бір жыл тұрған жұбайы (зайыбы)) отбасылық қатынасты растайтын нотариалды куәландырған құжат көшірмесі ұсынылады;
  • тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органы берген шақырушы адамның отбасының кәмелетке толған мүшелеріне соттылығының болуын не жоқтығын растайтын құжаты.

Виза алушылар:

  • еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына бара жатқан;
  • Қазақстан Республикасындағы адамдар;
  • олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 3 жылға дейін (АХҚО қатысушылары мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" жұмыскерлеріне – 5 жылға дейін), виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алушылар:

  • экономиканың басым сапаларына талап етілетін мамандық бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына бар жатқан немесе Қазақстан Республикасындағы адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 3 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

 Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама.

Виза алушылар:

  • бизнес-иммигранттар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 2 жылға дейін (этниқалық қазақтарға – 3 жылға дейін), виза қолданылуының барлық кезеңіне.

 Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • медициналық сақтандыру;
  • соттылықтың болуын не жоқтығын растайтын тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген құжаты.

Виза алушылар:

  • маусымдық шетелдік қызметкерлер.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік - 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік - 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • шетел жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге берілген рұқсат.

Виза алушылар:

  • миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін жіберілетін адамдар;
  • олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, 30 тәуліктен артық емес;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алушылар:

  • білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласында қайтарымсыз негізде қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберілген волонтерлер;
  • Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде қайрымдылық, гуманитарлық көмек және гранттар беру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алушылар:

  • орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім бойынша білім беру оқу бағдарламалары, оның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу, оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар;
  • орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім бойынша білім беру оқу бағдарламалары, оның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу, оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар;
  • Қазақстан Республикасына уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына оқуға түскен этникалық қазақтар, сондай-ақ визасыз режиммен келгендер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • кәмелетке толмаған виза алушылар үшін ата-аналардың немесе қорғаншыларының, қамқоршыларының нотариалды куәландырылған келісімі қазақ немесе орыс тілінде аудармасы бар болғанда.

Виза алушылар:

  • этникалық қазақтар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
  • көп мәртелік 3 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

Виза алуға қажетті қосымша құжаттар:

  • ұлттық тиесілігін растайтын құжаттар.

Виза алушылар:

  • емделу, медициналық тексерілу немесе консультация үшін Қазақстан Республикасына баратын адамдар, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдар;
  • емделу қажеттілігі туындаған Қазақстан Республикасындағы адамдарға, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдар;
  • жақын туыстары – Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және медициналық мекемелерде емделудегі шетелдіктерге күтім жасау мақсатында Қазақстан Республикасына баратын адамдар.
  • жақын туыстары – Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және медициналық мекемелерде емделудегі шетелдіктерге күтім керек болғанда Қазақстан Республикасындағы адамдар.

Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:

  • бір мәртелік 180 тәулікке дейін, болу кезеңі 90 тәуліктен артық емес;
  • көп мәртелік 180 тәулікке дейін, болу кезеңі 90 тәуліктен артық емес. 

 

Бір мәртелі электронды "А3", "В1", "В3", "В10", "В12", және "В12-1" визалары визалық көші-қон порталы арқылы келесі елдердің азаматтарына ресімделеді:

 

1

Алжир Халық Демократиялық Республикасы

55

Мадагаскар Республикасы

2

Ангола Республикасы

56

Солтүстік Македония Республикасы

3

Андорра Княздігі

57

Малави Республикасы

4

Антигуа және Барбуда

58

Мали Республикасы

5

Аруба

59

Мальдив Республикасы

6

Багам аралдары достастығы

60

Марокко Корольдігі

7

Бангладеш Халық Республикасы

61

Маршалл аралдары Республикасы

8

Барбадос

62

Микронезия

9

Белиз Республикасы

63

Мозамбик Республикасы

10

Бенин Республикасы

64

Мьянма Одағының Республикасы

11

Көпұлтты Боливия мемлекеті

65

Намибия Республикасы

12

Босния және Герцеговина

66

Науру Республикасы

13

Ботсвана Республикасы

67

Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы

14

Бруней-Даруссалам мемлекеті

68

Нигер Республикасы

15

Буркина-Фасо

69

Нигерия Федеративті Республикасы

16

Бурунди Республикасы

70

Никарагуа Республикасы

17

Бутан Корольдігі

71

Палау Республикасы

18

Вануату Республикасы

72

Панама Республикасы

19

Боливариан Венесуэла Республикасы

73

Папуа-Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті

20

Габон Республикасы

74

Парагвай Республикасы

21

Кооперативті Гайана Республикасы

75

Перу Республикасы

22

Гаити Республикасы

76

Руанда Республикасы

23

Гамбия Республикасы

77

Эль-Сальвадор Республикасы

24

Гана Республикасы

78

Сан-Марино Республикасы

25

Гватемала Республикасы

79

Самоа

26

Гвинея Республикасы

80

Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы

27

Гвинея-Бисау Республикасы

81

Эсватини Корольдігі

28

Гондурас Республикасы

82

Сейшель аралдары Республикасы

29

Гренада

83

Сенегал Республикасы

30

Джибути Республикасы

84

Сент-Винсент және Гренадины

31

Доминика Достастығы

85

Сент-Китс және Невис Федерациясы

32

Доминикан Республикасы

86

Сент-Люсия

33

Мысыр Араб Республикасы

87

Суринам Республикасы

34

Замбия Республикасы

88

Сьерра-Леоне Республикасы

35

Зимбабве Республикасы

89

Біріккен Танзания Республикасы

36

Үндістан Республикасы

90

Того Республикасы

37

Иран Ислам Республикасы

91

Тонга Корольдігі

38

Камбоджа Корольдігі

92

Тринидад және Тобаго Республикасы

39

Камерун Республикасы

93

Тувалу

40

Кения Республикасы

94

Тунис Республикасы

41

Кирибати Республикасы

95

Түрікменстан

42

Корей Халық Демократиялық Республикасы

96

Уганда Республикасы

43

Қытай Халық Республикасы (Гонконг АӘА, Макао АӘА, Тайвань)

97

Шығыс Уругвай Республикасы

44

Комор аралдары

98

Фарер аралдары

45

Конго Республикасы

99

Фидж Республикасы

46

Коста-Рика Республикасы

100

Орталық Африка Республикасы

47

Кот-д’Ивуар Республикасы

101

Чад Республикасы

48

Куба Республикасы

102

Черногория

49

Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы

103

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

50

Лесото Корольдігі

104

Эритрея Мемлекеті

51

Либерия Республикасы

105

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

52

Ливан Республикасы

106

Оңтүстік Африка Республикасы

53

Маврикий Республикасы

107

Ямайка

54

Мавритания Ислам Республикасы

 

 

Құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күнге дейін

Виза

Бір мәртелік

Көп мәртелік

Стандартты

80 АҚШ долл

200 АҚШ долл

Туристік

60 АҚШ дол

90 АҚШ долл

Транзитік

20 АҚШ дол

90 АҚШ долл

*АҚШ азаматтары үшін B1, B3 (іскерлік сапарлар), B10 (жеке сапарлар), B12 (туризм), C12 (емделу), C9 (білім алу), сондай-ақ B6, B7, B11 және C8 санатындағы  визаларға арналған консулдық алым 185 АҚШ долларын құрайды.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті ( сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін

Дайын құжаттарды беру: 16:00-ден 17:00-ге дейін

Мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (202) 232 5488 ішкі 109, 127, 121 және / немесе электрондық пошта: consuldc16@gmail.com; consuldc@mfa.kz.

Консульские и визовые вопросы (НЕ ВЫБИРАТЬ, НЕ УДАЛЯТЬ)
АҚШ-ға шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
30 марта 2025

АҚШ-ҚА БАРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

🛂Виза тәртібі

Қазақстан мен АҚШ арасында визалық режим бар. Сапар мақсатына сәйкес келесі виза түрлері:

  • B1/B2 — іскерлік/туристік;
  • F — оқу (ЖОО, тіл курстары);
  • J — алмасу бағдарламалары;
  • H, L, O — келісімшартпен жұмыс істеу.

Кіру мерзімін АҚШ шекарашылары I-94 жүйесінде тіркейді.

🛃Кеден ережелері

  • Тыйым салынған заттар: есірткі, рұқсатсыз қару, ет, жеміс, тұқым, өсімдіктер;
  • $10,000-нан жоғары ақшаны декларациялау қажет;
  • Жеке заттар — тек жеке қолдануға рұқсат етіледі.

📘Паспорт

Паспорт сапардан кейін кемінде 6 ай жарамды болуы қажет. 1–2 бос бет болуы керек.

🏥Медициналық сақтандыру

  • Жедел көмек пен ауруханаға жатқызуды қамтуы тиіс;
  • Пациентті тасымалдау/елге қайтару;
  • Кез келген штатта жарамды;
  • 24/7 байланыс желісі.

👔Заң және тәртіп

  • Мас күйде көлік жүргізу — қылмыс;
  • Қоғамдық орында шылым шегуге тыйым салынуы мүмкін;
  • Грубость, агрессия — қабылданбайды;
  • Пара беру немесе алу — заңсыз.

📱Пайдалы кеңестер

  • Google Maps, Uber, аударма қосымшаларын жүктеңіз;
  • Visa/MasterCard, Apple Pay қолданыңыз;
  • SIM-карта алыңыз немесе роуминг қосыңыз;
  • 110 В ток, A/B типті розеткалар — адаптер керек;
  • Бағаларға салық (5–10%) қосылады.

📑Оқу, жұмыс, тұрақты тұру

  • Құжаттарды апостильдеу/заңдастыру;
  • Ағылшын тіліне нотариалды аударма;
  • USCIS талаптарын зерделеу.

🚨Төтенше жағдайлар

  • Қамау, қауіп немесе ЖКО — консулмен кездесу талап етіңіз;
  • Құжаттарға аудармасыз немесе консулсыз қол қоймаңыз;
  • Елшілік немесе Бас консулдықпен байланысыңыз.

✅ Сәтті сапар тілейміз!

Шетел азаматтарына көрсетілетін қызметтер
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
29 марта 2025

 

Визаларды ресімдеу және ұзарту

 

Құжаттарды заңдастыру

 

 

Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

 

 

 

 

 

Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қызметтер
Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
02 января 2024
  • Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
  • Медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін).
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат (салыстыру үшін).

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • ҚР шет елдегі мекемеге өтініш берген кезде – 3 жұмыс күні;
  • портал арқылы – 1 жұмыс күні.
  • Тегін 

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (202) 232 5488 ішкі 109, 127, 121 және / немесе электрондық пошта: consuldc16@gmail.com; consuldc@mfa.kz.

Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қызметтер
Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу
02 января 2024

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (салыстыру үшін);
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  • жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
  • жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • жеке тұлғалармен бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;
  • хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап 45 күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады;
  • құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • 45 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (202) 232 5488 ішкі 109, 127, 121 және / немесе электрондық пошта: consuldc16@gmail.com; consuldc@mfa.kz.

Консульские и визовые вопросы (НЕ ВЫБИРАТЬ, НЕ УДАЛЯТЬ)
Subscribe to the Embassy News Bulletin
11 августа 2023

 

Subscribe and stay informed!

 
 
 
 
 
 
 
 

Our Location

Социальные сети
Фейсбук
Твиттер
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы