Құрметті келушілер!
Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан – ұлы тарихы және бірігей мәдениеті, сан алуан табиғаты және көркем көріністер елі. Бай рухани мұраның және қарқынды дамып келе жатқан экономиканың симбиозы әр қонаққа Ұлы Дала еліне барудың ұмытылмас тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Табиғи байлықтан және қонақжай адамдардан басқа, Қазақстан сенімді саяси және сауда серіктесі ретінде танымал. Уақытылы жүргізілген саяси және экономикалық реформалар Қазақстанға тек аймақтық көшбасшы ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның экономикалық локомотиві болып табылды.
Қазақстан мен Литваны ұзақ жылдық достық байланыстырады. 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін екі республика арасындағы қатынастар тұрақты түрде сенімді дамуда. Экономика, мәдениет және ғылым саласындағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық кеңейе түсті.
Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі екі мемлекет арасындағы қалыптасқан достық қатынастарды қолдауға бағытталған. Біздің сайт сіздерді дамып келе жатқан қазақстан-литва серіктестігі туралы хабардар етеді және сіздердің халықтарыңыздың арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға өз үлестеріңізді қосады деп сенеміз.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Елшісі
Тимур Оразаев
| Мекенжай | Бирутес көшесі 20А, Вильнюс қ., LT-08117 |
| Кенсе | (+370) 5 212 21 23, 231 30 40 |
| vilnius@mfa.kz | |
| Қонсулдық мәселелер | (+370) 5 231 30 70 |
| consulate.vilnius@mfa.kz | |
| Қабылдау | Азаматтарды қабылдау сейсенбі және бейсенбі күндері (9.00 – 12.00 сағ.) алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады (тел. +370-5-231-3070). Шұғыл жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтары келесі телефондармен хабарласа алады: +370-5-231-3070, +370-620-30-911, эл. пошта: vilnius@mfa.kz, consulate.vilnius@mfa.kz |