Паспорт жөнінде мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерделерде тұрақты тұратын;
2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын;
3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін;
4) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
5) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдарға көрсетеді.
Жаңа паспорт ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) Өтініш және сауалнама (құжаттарды тапсыру күні толтырылады);
2) туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.
Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
5) өтініш білдірушінің Израильде (немесе Кипрде) болу себебін растайтын келесі анықтамалардың бірі:
тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат (түпнұсқа және көшірме);
6) болу еліндегі құзыретті органнан алған азаматтығының жоқ екені туралы анықтама;
7) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 100 АҚШ доллар ( реквизиттер).
* шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс.
** Қазақстанда міндетті түрде тіркелу қажет.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 80-нен 90-ға дейін күнтізбелік күн.
Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);
2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат. Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайында жергілікті полициядан анықтама алу қажет. Анықтама қазақшаға немесе орыс тілдеріне аударылып апостиль мөрі болу керек.
3) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті екі фотосурет;
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 10 АҚШ доллар ( реквизиттер);
5) жеке басын куәландыратын құжаттардың біреуінің түпнұсқасы (бар болса), ал ол болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы туралы сауалнама-өтініш;
6) шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген, жынысын ауыстыру фактісін растайтын тиісті құжат.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - жеке басын куәландыратын құжаттардың біреуінің түпнұсқасы болған кезде 2 жұмыс күні, жеке куәліктің біреуінің түпнұсқасы болмаған жағдайда 10 жұмыс күні.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, құжаттарды дүйсенбі мен жұма арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді қоспағанда) сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін қабылдаймыз.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Елшілігінде алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз және кезекпен көрсетіледі.