Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы
Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды.
1993 жылы Қазақстанның Ирандағы Елшілігі ашылды.
2024 жылғы сәуірден бастап Қазақстанның Ирандағы Елшісі – Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев болып табылады.
Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіреді және Қазақстанның Ирандағы мүдделеріне өкілдік етеді.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Ирандағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саясатын іске асыру;
- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Ислам Республикасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының Иранмен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ислам Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
- Қазақстан Республикасының Иранмен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жүргізу;
- консулдық қызмет;
- өзге де міндеттер.
Елшіліктің сайты көпшілік жұртшылықты Тегеран қаласындағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің қызметімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген Иран азаматтарына, Иранда тұратын қазақстандықтарға және шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылған.
Қазақстан Республикасының Елшілігі
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі (Тегеран қ.). |
|
Мекенжай: | Тегеран қ-сы, Даррус, Хедоят к-сі, 83 үй |
Индексі: |
194363311 |
Байланыс телефондары: | (+9821) 22-56-59-33, +(9821) 22-56-59-34 |
Факс: | (+9821) 22-54-64-00 |
E-mail: | Tehran@mfa.kz |