Артқа

Меңілбеков Мадияр Смәділұлы

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі

Жалпы ақпарат, білімі

2002 ж. - Триполи қаласындағы (Ливия) "Исламдық шақыру" университеті. Араб тілі және исламтану факультеті, бакалавр

2004 ж. - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. Филология факультеті, магистр

Мансап

2002-2005 жж.

-

Мысырдың "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы

2005-2006 жж.

-

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы

2006 жылдың сәуірінен қыркүйекке дейін

-

ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы

2006-2011 жж.

-

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің атташесі, үшінші және екінші хатшысы

2011-2012 жж.

-

ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы

2012-2015 жж.

-

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі

2015 жылдан 2017 жылдың сәуіріне дейін

-

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі

2017 жылдың сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін

-

Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулы

2019 жылдың ақпанынан 2024 жылдың сәуіріне дейін

-

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі

2024 жылдың сәуірінен бастап 

-

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі

-

Қазақ, араб, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген

-

Үйленген, төрт баласы бар

Жаңарту күні: